Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Мақалалар > Адам және ғалам > Надандықтың кесірі

Надандықтың кесірі

2021-08-25 307

Жабир сахаба (р.а.) әңгімелеуде:
Жолдастарымызбен бірге сапарға шықтық. Арамыздағы біреудің басына тас тиіп қатты жараланды, тіпті бас сүйегіне зақым келді. Артынша әлгі кісі ұйқыда жатып ихтилам болғандықтан:
– Жайым болса мынау, менің таза топыраққа тәйаммум соққаным дұрыс шығар? – деп сұрады.
Жолдастары:
– Жоқ, су бар жерде тәйаммум соғуға болмайды, – деп рұқсат етпеді.
Сонда әлгі жігіт сумен ғұсыл құйынамын деп басындағы жарадан ішке су кетіп сол мезет тіл тартпай қайтыс болды.
Пайғамбарымыздың қасына келгенімізде оған бар жайды баяндадық.
Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– Қарап отырып кісіні өлтіргені несі, Алла да оларды өлтірсін! – деді де сөзін жалғастырды, – Білмесе сұрамай ма екен? Надандықтың бірден бір емі – сұрап білу. Әлгі кісіге жай ғана топыраққа тәйаммум соға салғаны жеткілікті еді. Жарасын таңып үстін ғана сипап өтіп, қалған денесін сумен жуса да болатын еді ...



Оқи отырыңыз