Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Мақалалар > Адам және ғалам > Патша мен құмырсқа

Патша мен құмырсқа

2021-07-10 183

Сүлеймен пайғамбар (а.с.) бір күні құмырсқадан бір жылдық азығының көлемін сұрайды.
Құмырсқа оған бір жылдық азығының көлемі бір бидайдай екендігін айтады.
Құмырсқаны сынамақ болған Сүлеймен пайғамбар (а.с.) әлгі құмырсқаны алып шыны әйнекке қаматады, тыныс алуына жағдай жасап, қоректенуі үшін қасына бір тал бидай дәнін қойғызады. Сөйтеді де тура бір жыл күтеді. Уақыт жетіп шыны әйнекті ашып қараса, құмырсқа әлгі бидайдың жартысын қалдырып, жартысын ғана жеген екен. Сүлеймен пайғамбар құмырсқаның бидайдың жартысын жемей қалдырғанына таңырқап одан неліктен бидайды толықтай жеп қоймағандығын сұрайды.
Сонда құмырсқа:
– Негізі, менің жейтін несібемді Алланың өзі беретін. Ол беретін кезде мен еш нәрсеге алаңдамай, еш нәрсені уайымдамай бидайымды жылда толық жейтінмін. Өйткені Жаратушымның мені ұмытып кетуі әсте мүмкін емес еді. Алайда бір жылғы азығымды енді сен беретін болған кезде «әй, түптің түбінде пендешілікке басып мені ұмытып кетсе қайтем» деген сақтықпен маған берілген бидайдың жартысын ғана жеп, жартысын келесі жылға сақтап қойғандығымның мәнісі сол еді, – деп жауап берген екен3. Иә, Алла тағала пендеге күнімізді қаратпай-ақ қойсын деп тілейік!



Оқи отырыңыз