Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Мақалалар > Сүннет жолы > Пайғамбарымыз Құран Кәрімді қалай оқыған?

Пайғамбарымыз Құран Кәрімді қалай оқыған?

2015-08-21 7114

Құран Кәрімнің алғаш алушысы Пайғамбарымыз саллалаһу алаһи уасаллам, әр тақырыпта жолбастаушы болғандықтан, Құран оқу әдебінде де, оны түсінуде де және оның үкімдерін өмірде қолдануда да бізге ең көркем үлгілер ұсынған. Осы мақалада Хазрет Пайғамбарымыздың Құранды қалай оқығанын және оны түсінгенін ұсынуды жөн көрдік. Өйткені Құран мәселесінде бірінші әрі ең маңызды үлгіміз оны алғаш алған, теңдесіз тұлға Пайғамбарымыздың Құран оқуы және оны түсінуі. 

 

1. Хазреті Пайғамбар Құран Кәрімнің алғаш тыңдаушысы

Ол Құранның алғаш әмірі болған “Жаратқан Раббыңның атымен оқы!”  әмірінің де алғаш тыңдаушысы. Құранның алғаш тыңдаушысы болғандықтан Пайғамбарымыз саллалаһу алаһи уасаллам Құранды оқу, жаттау және түсіну үшін үлкен ыждақаттылық танытты. Құран оқуға және оны жаттап алуға өте құштар еді. Бұл мәселеде ескерту алатындай дәрежеде қайраттылық танытқан, өзіне түскен аяттардан бір нәрсе жіберіп алмайын деп қобалжыған. Бұл мәселе Құранда былай баяндалады: “Күллі жаратылыс атаулының Хақ Патшасы (шын иесі) Алла тағала қандай ұлы десеңші! (Уа, Мұхаммед! Өзіңе уахи келгенде): Құран аяттары өзіңе толық уахи етілмейінше ұмытып қалмайын деген оймен оны іле-шала қайталауға асықпа. «Раббым, ілімімді арттыра гөр», – деп дұға ет.” Таха 114.

(Уа, Мұхаммед! Өзіңе уахи келгенде) оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа.

Өйткені, оны (сенің жүрегіңе) толық жинау һәм өзіңе оқыту (яғни, Құранның толық жиналуы мен оқылуын қамтамасыз ету) Бізге тиесілі іс. Ендеше, Біз оны оқыған кезде (яғни, Жебірейіл періште саған уахи жеткізіп жатқанда), сен оның оқылуына (мұқият құлақ асып) ілесіп отыр. Содан кейін, оны тәптіштеп түсіндіру де Бізге тиесілі іс. Қиямет 16-19.

Бұдан былай (адамдарды тура жолға бастауың үшін) Құранды жүрегіңе қондырып, саған оны толық оқытып, үйретеміз, әрі өзгелерге де оқып беруіңді қамтамассыз етеміз. Сөйтіп, сен одан ешнәрсе ұмытпайтын боласың. Аълә 6.

Күпірліктің шырмауынан шыға алмағандар: «Бұл Құран оған (бірте-бірте келмей) бір бүтін кітап күйінде бірден түссе қайтер еді?», – дейді. Алайда Біз оны жүрегіңе әбден ұялатып, көкейіңе жақсылап қондыру үшін (осылай бірте-бірте түсірудеміз) және байыппен мәнерлеп оқып берудеміз. Фурқан 32.

 

2. Пайғмбарымыз Құран Кәрімді бір-бірлеп, асықпай, қайта қайта тоқталып, қайта қайта ойлап, қайта қайта жылап оқитын

Оқу барысында мейірім жайлы аятқа келгенде, Алладан мейірім тілейтін, азап аятына келгенде Алладан пана тілейтін. Осылай оқуды Құран әмір еткен еді: «...Сондай-ақ мәнеріне келтіріп һәм мағынасына терең үңіле отырып байыппен Құран оқы!» Муззаммил 4. Бұл  аят  бір-бірлеп, асықпай, қайта қайта ойланып, тәпсір жасап түсіндіре отырып оқу сияқты мағыналар беруде[1].

 

Алла Тағаланың “Сондай-ақ Біз Құранды адамдардың санасы мен жүрегіне әбден сіңіріп, байыппен оқуың үшін (оқиғаларға орай һәм басқа да қажеттіліктерге қарай) бөліп-бөліп әрі бірте-бірте түсірдік.” Исра 106. Бұл  әмірді толық орындаған Хазрет Пайғамбардың саллалаһу алаһи уасаллам Құран оқуы “Қирату муфассара” деген асықпай, терең ой жүгіртіп, толық түсініп оқуы еді[2].

 

Умму Сәләмә Алла Расулының қырағатын былай сипаттайды:  “Ол Құранды ашық түрде әрі бір-бірлеп оқитын”[3]. “Құран оқығанда азап, қорқыныш аяттарына келгенде Алладан пана тілеп, ал мейірім аятына келгенде Алладан мейірім тілейтін. Алланы пәктейтін аяттарға келгенде Оған таспих айтатын”[4]. Пайғамбарымыз оқыған аяттарының түпкі мақсатын өте жақсы түсінетін және оларды жүзеге асыру мәселесінде жауапкершілікті толық сезінетін еді. “Мені Худ сүресі және бауырлары (Уақиға, Хаққа, Мурсалат, Нәбә, Такуир, Ғашия) қартайтты”[5] деп бұл мәселені ашық айтуда. Айтылмыш сүрелерде ақиқатты жоққа шығарған, Алла және оның елшілерін мойындамаған қауымдардың қалай құрдымға ұшырағандары, Қиямет күнінің жан түршігерлік құбылыстарын суреттейтін, қайта тірілу және есеп - қисап күнімен жәннат және тозақ суретттелген аяттар бар.

Осы туралы Ибн Аббас радияллаху анһ былай айтқан: «Пайғамбарымызға саллалаһу алаһи уасаллам “Алланың бұйырғанындай әрдайым тура жолда бол...” (Һуд сүресі,112) деген аяттан қиын аят түспегенін. Сол себептен Пайғамбарымыз “Мені Һуд сүресі қартайтты” деген»[6].

 

Алла Елшісі саллалаһу алаһи уасаллам пайғамбар болмай тұрып та  тура ойлайтын және кіршіксіз таза сана иесі болатын. Ол пайғамбарлықтан бұрын да пайғамбар сияқты тап-таза өмір сүрген. Бірақ Құранмен Ол жанжақты кемелдене түсті. Құран аяттары оның ой және іс әрекеттерін пішімдеді. Ол Құранның арқасында Ұлы Аллаға, өзіне және бүкіл адамзатқа қатысты жауапкершіліктерді ең қысқа  және тұп-тура жолынан үйренді.

 

3. Пайғамбарымыз саллалаһу алаһи уасаллам күндіз және түнде Құран Кәрім оқуға ерекше уақыт бөлетін

    Ол күн сайын Құраннан бір хизб[7] оқуды өзіне міндет білетін[8]. Бұл мәселе жөнінде Оған мына аят түскен болатын;

 

“Уа, жамылғыға бүркенген (елшім)! Қане, тұр да (ұйықтап тынығуға арналған) аздаған бөлігінен басқа бүкіл түнді құлшылықпен өткіз.

Түннің тең жарымын (құлшылықпен өткіз), не болмаса одан аздап қысқартуыңа болады. Яки жарымынан асырып құлшылық етсең де болады. Сондай-ақ мәнеріне келтіріп һәм мағынасына терең үңіле отырып байыппен Құран оқы!» Муззамил 1- 4.

 

4. Хазрет Пайғамбар әр мүмкіндікті қолданып өте көп Құран оқитын; Ал Құран болса ой, сенім, ахлақ және амалда Пайғамбарымызды қалыптастырған ұлы кітап.   

   

Ол Құран оқудан ешқашан жалықпайтын, Құраннан айрылмай ұзақ-ұзақ оқитын. Үйде, жәрменкеде, уағыз-насихаттар арасында және намазда Құран оқитын. Тіпті таңға дейін Құранның бір аятын ғана оқыған түндер де болатын. Құран оның тәтті бұлағы, панасы, аузынан тастамайтын дұға және зікірі болатын.

 

Пайғамбарымыздың дағуаты Құран аяттарына негізделетін. Ол Құран аясында сөйлейтін. Құран аяттары оның таспих және зікірі болатын. Оның күні Құранмен басталып Құранмен бітетін. Таң намаздан кейін Хашр сүресінің соңғы аяттарын, Құптан намзынан кейін Бақара сүресінің соңғы аяттарын  оқитын және оқылуын өсиет ететін.  Бұған қоса  Оның күнделікті тастамай оқитын Құраннан белгілі уирды* (күнделікті тасталмай оқылатын Құран аяттары немесе дұғалар) болатын. Түнде Әлі Имран сүресінің соңғы аяттарын, Аятулкүрсі, Ықылас, Мауъзатайн [Фалақ, Нас] сияқты сүрелерді оқитын. Хазреті Айшаның жеткізген хабарында Пайғамбарымыз бір түні Әли Имран сүресінің соңғы аяттарын көз жасын төгіп оқыды артынша; “Бұл аяттарды оқып терең ой жүгіртпегендер жағдайлары қандай өкінішті!” – деп айтты. Абу Хурайрадан жеткен риуаятта да Пайғамбарымыздың әр түні осы аталмыш сүренің соңғы он аятын оқығанын айтады[9].  Хузайфату Иаман бір жолы Ол түнгі намаздың бір ракәтінда Фатиха, Бақара, Әли Имран және Ниса сүрелерін оқығанын айтады[10].  

Келген риуаяттарда Пайғамбарымыз саллалаһу алаһи уасаллам бір түні азанға дейін мына аятты қайталап тұрғаны айтылады:[11] «Егер оларды азаптаймын десең, шүбәсіз, олар Сенің құлдарың. Ал егер оларды кешірсең, Сен ұлысың, бәрінен үстемсің һәм (әр ісің мен әрбір үкіміңде талай хикмет болған) асқан даналық иесісің», – деп жауап береді». Мәида 118.

 

5. Өзіне берілген шексіз хикмет және фатанатымен* оқыған аяттарда Алла Тағаланың қалауын түсінуге тырысатын және орнымен адамдарға түсіндірп жеткізетін.

Оның түсіндірулері қажетіне сай өте қысқа және нұсқа еді[12].

 

6. Сұралған сұрақтарға Құранмен жауап беретін

Пайғамбарымыздан сұралған сұрақтарға ең керемет жауаптар Құранда болатын, Ол Құраннан жауаптар беретін[13]. Пайғамбарымыздан саллалаһу алаһи уасаллам тікелей сабақ алған танымал сахаба Абдулла ибн Масғуд бұл мәселе тұрғысында былай дейді: «Өткен және келешек ілімдерді үйренгісі келетін кісі Құраннан іздесін, зерттесін»[14]. Хадисте келген “қазсын, ізденсін, зерттеп анализ жасасын” мағыгасындағы “фалюсаууиру” етістігінің таңдалып айтылуы өте ерекше мән берерлік жәйт. Бұл етістіктің негізі болған “с-в-р” түбірі егіншілікте қолданылған қазу, қопару, қопсыту мағыналарына саяды[15]. Сол себепті ілім іздеген адам Құран бақшасын қопсытуы қажет, басқа сөзбен айтқанда оның астын үстіне келтіріп жақсылап аударыстырып Құран бақшасынан түрлі жемістерді шығарады.

 

7. Пайғамбарымыз оқыған Құранымен өмір сүретін

Илаһи баян Оның бойында жанданатын,  тіпті Құран Оның бойында тұлғаланатын. Құранды ең тура түсінген әрі өмірінде орындаған Хазрет Пайғамбар еді. Сөзі және ісімен Құранды түсіндіріп, Құран әмірлерін орындауда керемет үлгі болған. Пайғамбарымыздың саллалаһу алаһи уасаллам өмірі Құранның зат қалпіне келіп етке сүйекке айналғанындай болатын. Пайғамбарымыздың мінез құлқы  Құран болатын яғни илаһи мінез құлық болатын[16]. Жундуб ибн Абдулланың мына сөзі бұл мәселені керемет суреттейді;

“Біз жастар, пайғамбарымызбен бірге болатынбыз. Осылайша Құран ұйренуден бұрын иманды үйрендік, содан кейін Құранды үйрендік. Құран үйренумен иманымыз тағыда артты[17].

 

8. Басқа бір кісіден Құран тыңдау Пайғамбарымызға саллалаһу алаһи уасаллам ұнайтын

 Бір күні Пайғамбарымыз Абдулла ибн Масғудқа былай деді; ”Оқы! Маған Құранды оқы!.... расында мен басқа біреулерден Құран тыңдағанды ұнатамын”[18].

 

9. Уахи кезінде де, кейін оны оқығанда да худу* және хушуда* болатын, илаһи сөзге құрметі әрдайым жоғары болатын

Пайғамбармыздың қалауымен Ниса сүресінен оқуды бастадым деген Ибн Масғуд: «Уа, Расулым! Әр үмбеттен (сол үмбеттің істеріне һәм оларға хақ діннің жеткендігіне айғақ болатын) бір куәгер (пайғамбар) шығарғанымызда, сондай-ақ сені де мыналарға (яғни, үмбетіңе һәм араларындағы кәпірлер мен мұнафықтарға) қарсы куәға тартқанымызда, адамдардың жағдайы не болар екен?!» Ниса 41. Міне осы аятқа келгенімде Пайғамбарымыздың саллалаһу алаһи уасаллам көздерінен төгілген жастарды көрдім дейді[19].

 

10. Құран Кәрімнің бекітіліп сақталуы үшін қажетті алғы шарттарды  жасады және көзі тірісінде бұл істі бастап кетті.

Сол үшін кез келген кезде Құранның көп оқылуын қалаған, Хафыздар жетілдірген, Уахи жазушылар тобын жасақтаған, оқу жазуға жаппай жұмылдырумен әрбір адамның Құран оқып және жазуын қалаған.

Рамазан айында Пайғамбарымыз саллалаһу алаһи уасаллам Жабрайл періштемен бірге сол уақытқа дейін түскен аяттарды бір біріне оқитын (мұқабала). Дүниеден өтпестен бұрын соңғы Рамазанда мұқабала екі еселеніп Құран екі рет басынан соңына дейін қайталанды[20].

Құранды оқымай, түсінбей және қажетінше онымен амал жасамағандарды, төмендегі аятта айтылғандай Пайғамбардың Аллаға шағымданатын кезі болатыны жайлы хабар беруде; “Сол күні Алла елшісі де: «Уа, Раббым! Расында, қауымым бұл Құранды мүлдем тәрк қылды», – деп айтады.”[21]

Ол көптеген хадистерінде адамдарды Құран оқуға шақырады. Оның Құран оқуға қатысты айтылған хадистерінің бірнешеуін айта кетейік;

«Өткен және келешек ілімдерді үйренгісі келетін кісі Құраннан іздесін, зерттесін»[22].

“Құран оқып (қажетінше амал жасасаң) саған пайдасы бар дәлел, ал оны оқып (қажетінше амал жасамасаң) саған қарсы дәлел болады”[23].

 

Бірде Пайғамбарымыздан ең жақсы амалдың қандай амал екені сұралғанда, былай деп жауап берді; “Сапары тамамдалғанда қайта сапарға шыққан адамның ісі” деді. Ол адамның жасаған ісі не деп сұралғанда; “Ол адам Құранды басынан соңына дейін оқиды бітіргенсоң қайта басынан бастайды”[24] деген болатын.

 

“Құран оқып, оған қажетінше амал жасаған адамға Қиямет күні былай деп айтылады; Оқы! Және жоғарыла! Дүниеде қалайша салмақты оқыған болсаң солай оқы. Өйткені [бұл жерде] сенің орның соңғы аятты оқыған жер болады”[25].

“Сіздердің ең қайырлыларыңыз Құранды үйреніп оны үйреткен адам”[26].

“Расында Құран шапағатшы және оның шапағаты қабыл болады. Сондай ақ ол қорғаушы және оның қорғауы жүзеге асады. Оны басшылыққа алғандарды Жаннатқа алып барады. Ал оған бас имегендерді Тозаққа сүйрейді”[27].

 

“Ораза және Құран Кәрім пендеге шапағат етеді. Ораза балай тіл қатады; Уа Раббым мен оны күндіз бойы жеуден ішуден  тыйдым, мені оған шапағатшы қыл! Құран былай тіл қатады; Уа Раббым мен оны түндерін ұйқысыз қылдым, мені оған шапағатшы қыл! Соңында екеуіде ол пендеге шапағатшы болады”[28].

“Құран Кәрім сені тиымдардан тиғанда ғана оқы, немесе оны оқыған болып есептелмейсің”[29].

“Құранды оқыңдар және оған амал жасаңдар. Одан бас тартпаңдар. Қате түсініктермен таласпаңдар. Оны қарын тойдыруға, онымен сауда-саттық жасамаңдар. Онымен байюды көздемеңдер”[30].  Сондай ақ Пайғамбарымыз Құран Кәрімді жақсы оқығанды және жақсы түсінгенді имам қылатын[31]. Ұхыд шаһиттерін жерлеу барысында да Құранды көбірек білгендерден бастаған[32].

 

11. Құран Пайғамбарымыз үшін түсінуі қиын, амал жасауы одан қиын және әр түрлі қиындықтар тудыратын кітап емес еді

«Расында, Біз Құранды (адамдар) оған ой жүгіртсін һәм ғибрат алсын деп (адам баласының тілінде түсіру арқылы) жеңілдеттік. Олай болса, қане, оған ой жүгіртіп, ғибрат алатын жан бар ма?» Қамар - 17,22,32,40.

«Та-Һа. (Уа, Мұхаммед!): Бұл Құранды саған (оны адамдарға жеткізу жолында) машақат көрсін, деп түсірген жоқпыз. Біз оны Алладан именетіндерге насихат һәм ескерту ретінде ғана түсірдік». Та-Һа – 1-3.

 

Тура түсініліп тура жазылсын деп әріптерін бір-бірден оқыған Хазрет Пайғамбарымыз, үш күннен аз уақытта жасалған Құран хатымның иесі еш нәрсе түсінбейтінін[33] айтып Құран оқудағы негізгі мақсаттың оны түсіну керек екенін баяндаған. Басқа хадистерде де; «Сіздерден біріңіз түнде тұрғанында, ұйқылы ояу  Құраннан не оқығанын білмейтін болса және ауыр келсе онда оны қоя тұрып аз болса да қайта ұйықтасын»[34] деп Құранды ықыласпен оқулуы керек екенін білдірген.

Бұл айтқандарымыздан алатын сабақтарымызға тоқталсақ;

 

Құран Кәрім біздерге де тіл қатуда, оны оқу, түсіну және қажетінше амал жасауға міндеттіміз.

Қандай жағдай болсын Құран оқуымыз қажет, Құранмен жүрегімізді толтыруымыз қажет сонда ғана Құран аясында өмір сүре аламыз. Күнделікті өмір сүру негіздерін Құран қағидаларымен жасамайтындар басқа нәрселердің шырмауында кетеді. Тура сол сияқты Құран шеңберінде ой жүгіртуді білмейтіндер әр түрлі ойлардың тұтқыны болады.

Құранды байыппен, терең ой жүгіртіп және түсініп оқуымыз қажет. Әр Құран оқығанымызда жаңа нәрсе үйренуіміз қажет, бізді үйренгеніміз гүлдендіру қажет, қайта жандандыру қажет.

 

Құранды түсінгенімізде, өз ойымызды Құранға айтқызудан аулақ болуымыз қажет, керісінше Құран аясында ойлануымыз қажет. Бұл мәселеде ең баста Пайғамбарымыздың тұруымен алғашқы ғасырлардан осы күнімізге дейін жазылған тәпсіршілерден де пайдалануымыз керек.

Құранды оқып түсінгенде оның Алланың сөзі екенін жетік түйіп, оны рухани және материялды түрде таза жерде және өз уақытында оқуымыз керек,  Құран кітабына және оқылуына құрмет көрсетуіміз қажет.

Құран оқу оны түсіну ыждахатымызды, оны басқа бір кісіден тыңдауды және оны жақсы білетіндермен бірге болып тәлім алу, қайталау арқылы өзімізді күшейтіп рухани бай болуымыз керек.

 

Расында жалғыз оқығанымызда байқамай кеткендеріміз, басқалардан тыңдағанда немесе бірге отырып тәлім алғанда белгілі болып отырды.

 

Құранды арнайы оқу үшін уақыт бөліп сергек күйімізде тұрғанда оқуымыз абзал, сонда ғана оқыған Құран аяттары көкірегімізді, миымызды, сөзімізбен іс әрекеттерімізді жаңартып қайта жандандырады.

 


[1] Табари, Жамиъул баян,  XXIX, 126; Қуртуби, Ал-Жамиъ, I, 17; Сюти, Дуррул мансур, VIII, 314; Зәркәши, Бухари, I, 456.

[2] Тирмизи, Сауабул Құран 23; Құран 1; Әбу Дәуіт, Үтір 20,22; Насаи, Ифтидах 83; Қиямул лаил 13; Ахмад  VI,294, 300, 323; Ибн Қаййым, Задул маъд I, 482.

[3] Тирмизи, Сауабул Құран 23. Әбу Дәуіт, Намаз 335; Насаи, Намаз 83.

[4] Дарими, Намаз 69; Ахма, V, 382, 384, 389, 394, 397.

[5] Ибн Касир, Тафсир, II, 435; Тирмизи,Тәпсір, 56/6 ; Хазин, Лубабу тауил, III, 296. 

[6] Хазин, Лубабу тауил, III, 367; Байдауи, Ануару танзил, III, 367.

[7] Хизб: күніге белгілі мөлшерде оқылаын, ауыздан түспейтін дұғаға айтылады.

[8] Тирмизи, Фадаил Құран 17.

* уирд - күнделікті тасталмай оқылатын Құран аяттары немесе дұғалар

[9] Ибн Касир,Тәпсір, I, 440-441.

[10] Ахмад, Муснад V, 284.

[11] . Ахмад, Муснад V, l56.

* фатанат – ақылды ақылмен озу

[12] Иылдырым Суад, Пайғамбарымыздың Құран тәпсірі 138-196.

[13] Иылдырым Суад, Пайғамбарымыздың Құран тәпсірі 151-179.

[14] Табарани, Мажамиъул кабир 9/135; Хусами, Мажмуъал зауаид, 7/165.

[15] Ибн Асир, Ниһая, I, 228-229.

[16] Муслим, Мусафрун 139; Әбу Дәуіт, Татаууъ 26; Тирмиз, Бирр 69; Насаи, Қиямул лаил 2; Ибн Мажа, Акхам 14;Дарими, Намаз 165; АхмадAhmed, VI, 54, 91, 111, 163,188,216. 

[17] Ибн Мажа, Муқаддима 9.

[18] Бухари, Фадаил Құран 32, 33, 35; Муслим, Мусафирун 247; ТирмизиТафсир ниса, Әбу Дәуіт, Ілім 13.

* худу - кішіпейілдік

* хушу - ибалылық

[19] Бухари, Фадаил Құран 32, 33, 35; Муслим, Мусафирун 247; ТирмизиТафсир ниса, Әбу Дәуіт, Ілім 13.

[20] Бухари, Фадаил Құран 7; Муслим, Фадаил 50.

[21] Фуран 30; ибн Касир, Тапсір, III, 317; Қасими, Тәпсір, XII, 575.

[22] Али Муттақи, Тәж, I, 548.

[23] Муслим, Таһара 1; Тирмизи, Даъуат 85; Насаи, Зекет 1; Ибн Мәжа, Таһара 5; Дарими, Уду 2; ахмад  V, 342, 343.

[24] Тирмизи, Құран 11; Дарими, Фадаил Құран 33.

[25] Тирмизи, Сауабул Құран 18; Ахмад II, 192, 471.

[26] Ахмад  I, 58; Бухари, Фадаил Құран 21; Әбу Дәуіт, Үтір  14; Тирмизи Сауабул Құран 15; Ибн Мәжә, Муқаддима 16.

[27] Мунауи, Файзул Қадир, IV, 535.

[28] Ахмад ибн Ханбал  II, 174.

[29] Мунауи, Файзул Қадир, I, 152.

[30] Мунауи, Файзул Қадир, II, 64.

[31] Ахмад, Муснад, IV, 218.

[32] Бухари, Жанаиз 73-75.

[33] Тирмизи, Қираат 12; Әбу Дәуіт, Рамазан 8-9; Ибн Мажа, Иқама 178; Дарими, Намаз 173; Ахмад, Муснад, II, 164-165.

[34] Насаи, Фадаил Құран 107; Муслим Мусафирун 223; Әбу Дәуіт, Татаууъ18; Ибн Мажа, Иқама 184; Ахмад, II, 318; Ибн Асир, Ниһая, III, 187.

 



Оқи отырыңыз