http://akikat.kz
Енді шығыстанушылардың түрлі жолдармен грамматикалық қателік таптық деген аяттардың кейбірін қарастырайық.
С. Грамматикалық қате бар деп айыпталған аяттар
1. Таһа сүресінің 63-аяты:
قَالُوا إِنْ هَذَانِ لَسَاحِرَانِ يُرِيدَانِ أَنْ يُخْرِجَاكُمْ مِنْ أَرْضِكُمْ
«Олар: «Бұл екеуі сиқыршы, сиқырлары арқылы сендерді жерлеріңнен шығаруды, ардақты діндеріңді жоюды қалайды» десті»[1]
Бұл аяттың оқылуында қырағат имамдары пікір қайшылығына түсті. Алдымен имамдардың қалай оқығандығын беріп, содан кейін аталмыш шүбәға кезек берсек:
Бұл аятты Әбу Амр «Иннә һәзәәни ләхәсирани» деп шәддәлі етіп әрі иә арқылы мансуп етіп оқиды.
Хафс, Зуһри, Халил ибн Ахмад, Муфаддал, Әбән, ибн Муһайсын: «Ин һәәзәәни ләсәәхираани» «ин» шәддәсіз оқылып, «һәзәни» әлиф арқылы созылады.
Ибн Кәсир «Ин һәзәәнни ләсәәхирани» «һәзәәнни» дағы нунды шәддәлі оқиды. Көбінесе олар да Нәфиъ, ибн Амир, Шуъбә, Хамза, әл-Кисаи, Әбу Жағфар, Иаъқуб және Халел әл-Ашир: «Иннә һәзәни ләсәхирани» «иннә» шәддәлі, екілік бабы әлифпен оқылады.
Шәз қырағаттарда болса былайша:
Ибн Мәсғуд: «Ин һәзәни иллә сәхирани» тәкиид ләмінің* орнына истиснә жалғауы арқылы оқылады. Убәй қырағаты: «ин зани ләсәхирани уә мә һәзәни иллә сәхирани».
Хафыз қырағаты саналатын «Ин һәзәни ләсәхирани» қырағатында қате болып көрінген нәрсе мынау: «һәәзәәни» исму ишәрасы* есім сөзді насб ететін және хабардың үкімін өзгертетін «ин» жалғауымен насб етілуі, яғни «һәзәйни» секілді «иә» мен болуы керек болғанындай «һәзәни» сөзі әлиф арқылы мәрфуъ болады. Осы мәселе шығыстанушылардың ойынша қателік болып есептелген.
Мәдина мен Куфалықтардың қырағаты саналатын «һәәзәән» нің әлиф арқылы жазылуы хазірет Османның Құран нұсқасымен бірдей. Бұл қырағат туралы ғалымдар түрлі пікірлерді алға тарта отырып мәселені шешкен. Ибн Әнбари, Наххас, Қуртуби, Шәукани басқа да тәпсірші ғалымдарымыз бұл мәселеде кең мағлұмат берген.
А. Бәни Харис ибн Кәъб (Бәлхарис ибн Кәъб), Хасъам және Кинәя тайпаларының диалекттерінде екілік баптың рафъ, насб және жәрі (дамма, фәтха және кәсрамен) «әлифпен» болады. Бұл қағидаға байланысты грамматикалық қателік жоқ. Құрайыш диалектінде болса насб пен жәр халдері «иә» әріпі арқылы болады. Мәселен, былай делінеді: «Жәә әз-Зәйдани, раәйту әз-Зәйдәни және мәрарту биз-Зәйдәни»
Бұған қатысты мысал ретінде мына бейіттерді* келтіруге болады:
«Иннә әбәхә уә әбә әбәхә қад бәләға фил мәжди ғаәтәһә».
Басқа бір бейітте: «Тәзәууәд миннә бәйнә узунәһу дарбәтән тәру алайһуннә қатри алаһа».
Міне бұл өлең жолдарындағы «Әбәхә», «ғаәтәһә», «узнәһә», «алаһуннә» және «алаһә» сөздері әлиф әріпімен. Бұлар қағиданың талабы бойынша «әбәйхә, ғаәтәйһә, узнәйһә, алейһиннә және алейһә» болды. Сибәуәйһ, Ахфәш, Әбу Зәйд, Кисаи, Фәрра секілді араб тілі наху саласының ең үлкен ғалымдары бұл қырағаттың Бәни Харис, Кинәя және Хасъам диалекттерімен құрылғанын білдірді. Бұл диалекттердің барлығы екілік баптың рафъ, насб және жәр (дамма, фәтха және кәсра) халдері әлиф әріпімен жүзеге асады.
Б. Бұл жерде «ин», «нәам» мағынасында. «Ин»-нің иә мағынасындағы «нәам» немесе «әжәл» сөзін қолданғандығын Кисаи және Сибәуәйһ риуаят етті. Мысал ретінде мына өлең жолын бере кетейік:
«Ләйтә шиъру һәл лилмухибби шифәән мән жәуә хуббәһуннә иннәлликәә»
Қағида талабы бойынша «иннәлликәя» тіркесінде «иннә» өзінен кейін келген сөзді насб хәліне келтіреді. Алайда «нәам» мағынасында болғаны үшін насб хәліне ауыстыра алмайды.
«Мен арабтың ішіндегі ең шешенімін» деген хазірет Пайғамбарымыз (саллалалһу алейһи уә сәлләм) бір хұтпасын былай бастағаны айтылады: «Иннәл хәмду лилләһи нәхмәдуһу уә нәстәъинуһу» хазірет Пайғамбарымыз «Иннә»дан кейін келген сөзді мәрфуъ халінде оқыған. Өйткені бұл жерде «Иннә» иә мағынасында келген.
С. Бір пікір бойынша бұл жерде «һә» есімдігі жасырын тұр. Мағынасы «Иннәһу һәзәни ләсәхирани» болады. «Иннә» нің есімі болған «һә» жасырын тұр. «һәзәни» «иннә»нің хабары. «ләсәхирани» ға келер болсақ оны да жасырын тұрған «һумә» есімдігі рафъ етеді. Сөйлемнің толық нұсқасы былай болады: «Иннәһу һәзәни ләһумә сәхирани». Бұған дәлел мына бір хадисті келтіреміз:
«Иннә мин әшәддиннәси азәбән иәумәл қиәмәти әлмусаууәрунә»
Хадистің толық түрі мынадай: «Иннәһу мин әшәддиннәси...»
Д. Суюти бұл жоғарыда біз атаған мәселелерді айтып болып былай дейді: «Бұл мәселеде басқа бір түсіндіру жолы ойыма келді. «әъләлән»[2] аятына сүйеніп «сәләсилә» сөзі тәнуинді «бинәбәйн»[3] аятына сүйеніп «сәбәйн» сөзі де кәсра болып оқылғаны секілді «һәзәни» сөзі де «сахирани, иуридәни» сөздеріне сүйеніп әлифпен оқылады».
Е. Кейбір Куфалықтар да «һәзәни» сөзіндегі әлиф «иәфъәләни» дің әлифіне ұқсайды, ауыстыруға келмейді дейді.
Ф. Кейбіреулері айтады «Ин» жалғауы болымсыздықтың белгісі, яғни «мә» мағынасында. «ләсәхирани» сөзіндегі «ләм» да «иллә» мағынасын беріп тұр. Яғни «мә һәзәни иллә сәхирани» делінеді. Осылайша әрі Құранға әрі иърабқа сай болады. Бұған дәлел «ин куллу нәфсин ләммә алейһә хәфыйз»[4] аяты.
Г. Әбул Хасан ибн Кәусана бұл аят жайлы сұралғанда: «һәзә» исму ишәра; рафъ, насб және жәр хәлдерінде болмайды. Соған байланысты екілік бапта да, яғни «һәзәни» болғанда да рафъ, насб және жәр хәлдерінде болмайды, жекеше түрдегідей болуы керек» деп жауап береді.
Х. Кейбіреулері былай дейді: аяттың басындағы «иннә» жалғауының сөйлемдегі әсері өте әлсіз. Өйткені «иннә» сөзі негізі етістікке ұқсағандығы үшін ғана әсер ете бастайды. Ал етістік пен харф арасындағы ұқсастықтың тым аз екендігі белгілі. Сол себептен «һәзәни» мубтәдә (бастауыш) болып мәрфуъ хәлінде қалады.
1. Фәрра былай дейді: «Сөздің соңында емес, ортасында әлиф көрдім. Оған бір нун қостым және хәлін өзгертпедім». Ибн Тәймияның риуаяты бойынша: «һәзәни» сөзіндегі әлиф екілік баптың белгісі болған әлиф емес, «һәзәни»дің әлифі. Мен бұған нун әріпін қостым және насб халінен өзгертпедім». Мәселен: «әлләзи» сөзіне нун әріпін қостым және былай дедім:
«Жәәнилләзинә ъиндәкә уә риуаятулләзинә ъиндәкә уә мәрарту билләзинә ъиндәкә».
Арабтар «әлләзи» сөзінің көпше түріне нун әріпін жалғау арқылы рафъ, насб және жәр хәлдерінде «әлләзинә» дейді. Негізі рафъ хәлінде «әлләзуна болуы керек еді. Дәл сол секілді «һәзәни» сөзі де рафъ, насб және жәр хәлінде өзгермейді».
І. Басқа да көзқарастар бойынша «иннә» сөзі «ъиннә»дан жеңіл. Соның себебінен сөйлемде әсері болмай қалады. «һәзәни» мубтәдә (бастауыш) және марфуъ хәлінде. «ләсәхирани» хабар (баяндауыш).
Әбу Амрдың қырағаты болған «иннә һәзәйни ләсәхирани» түрінде оқылуы хазірет Осман, Айша және басқа да сахабалардан риуаят етілген. Табиғиндерден Хасан әл-Басри, Саъид ибн Жубейр, Ибраһим ән-Нәхәи да осылай оқыған. Нәххастың айтуы бойынша Иса ибн Омар, Асым Жаһдари да осылай оқыған.
Сондықтан да қырағаттың тіл ережелері тұрғысынан сынға алынуы ешбір қисынға келмейді. Өйткені екілік баптың мансуб және мәжрур хәлі «иә» әріпі арқылы болады. Тек алғаш қарағанда бұл қырағаттың ресм Османиеден (Құран мусхафының Османдықтар кезеңіндегі жазылу стилі) бөлек болып көрінеді. Өйткені бұл сөз Құранда «ин һәзн» деп жазылады. Жазылуында иә әріпі болмағандығы секілді әлиф те жоқ. Һәзәни сөзін оқығанда әлиф жасырылып, һәзәйни сөзінде иә әріпі жасырылып оқылады. Осылайша Құрайыш сүресіндегі «иләфиһим» сөзі де иә әріпінсіз жазылған[5]. Алайда иә әріпімен де, иә әріпінсіз де оқылады. Яғни екі түрлі оқылады[6].
Міне, тәпсіршілердің бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеп қарастырғаны белгілі болды. Демек грамматикалық қате деген нәрсе мүлдем жоқ деген сөз. Алайда тіл ғалымдары білместікпен, ал шығыстанушылар саналы түрде әдейі «Құранда қате бар» деп шектен шығады. Шығыстанушылардың ісіне жарайды делік, себебі олардың ниеттері белгілі. Алайда наху ғалымдарының әрекеті таң қалдырады. Олардың бұл қылықтарына Ахмад Мекки әл-Ансари да таңданып былай дейді: «Грамматика ғалымдарының бұл әрекеті таңқаларлық. Нәпсілеріне еріп, кейбір қырағаттарды қателікке толы деп айтады. Ең таңқаларлығы олардың Таһа сүресінің 63 аяты төңірегіндегі талас-тартысы. Өйткені «һәзәни» сөзінің наху қағидаларына қайшы келгенін айтып, ол сөздің «һәзәйни» болу керектігін айтады. Алайда «һәзәйни» боп келетін қырағатты да жоққа шығаруда. Бұл екі қырағат та сахих қырағаттар. Алайда екеуі де тіл ғалымдарының сынына ілікпей қоймады».
2. Бақара сүресінің 177-аяты:
لَيْسَ الْبِرَّ أَنْ تُوَلُّوا وُجُوهَكُمْ قِبَلَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَلَكِنَّ الْبِرَّ مَنْ آمَنَ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَالْمَلاَئِكَةِ وَالْكِتَابِ وَالنَّبِيِّينَ وَآتَى الْمَالَ عَلَى حُبِّهِ ذَوِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ وَالسَّائِلِينَ وَفِي الرِّقَابِ وَأَقَامَ الصَّلاَةَ وَآتَى الزَّكَاةَ وَالْمُوفُونَ بِعَهْدِهِمْ إِذَا عَاهَدُوا وَالصَّابِرِينَ فِي الْبَأْسَاءِ وَالضَّرَّاءِ وَحِينَ الْبَأْسِ أُولَئِكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَأُولَئِكَ هُمُ الْمُتَّقُونَ
«Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар».
Бұл аяттың қате болып көрінген тұсы мынау: «әссабирин» сөзі «әлмуфунә» сөзіне қатысты. Сол себепті оның «әссабирунә» түрінде мәрфуъ болуы керек. Олай болса бұл жерде грамматикалық қателік жоқ.
Фәрраның пікірінше: «әссабириә» сөзі «мин»нің сипаты болумен қатар «мәдх»* болғандықтан мәнсуб хәлінде болады. Мәдх сөзімен қосылғандықтан «әл-муфунә» сөзі мәрфуъ, «әссабирунә» сөзі болса мәнсуб болады. Өйткені араб тілінде мақтау мағынасында келген сөздер сипат болғандықтан сипатталған сөздің хәлі қандай болса сипаты да сондай халде болу керек деген қағида бар. Фәрра бұл мәселеде мына өлең жолын келтіреді:
Иләл мәликил кәрми уәбнил хумәми уә ләйсәл кәтибәтә фил муздахами
«Ұлы падишахқа, ибнул Хумәмәға және көп әскердің ішіндегі қолбасшысына...»
Қағида бойынша «ләйсә» мәжрур болуы керек бола тұра, мақтау сөз болғандығы себепті мәнсуб болып тұр.
Ғалымдар «хәммәләтәл хәтаби»[7] аятындағы «хәммәләтәл» сөзін мәнсуб етіп оқитындардың мұны «айыптау сөзі» болуы себепті мансуб етіп оқитындығын айтады.
Кисаидың пікірінше «әссабирин» сөзі «зилқурбә»ға, ал Табаридың айтуынша «әссәилинә» сөзіне қатысты сөз. Мағынасы былай: «...Алла разылығы үшін жақындарға... мұқтаждарға және (қиындықта, ауру-сырқауда және соғыс уақыттарында) сабыр еткендерге дүние-мүлік берді...»
3. Ниса сүресінің 162-аяты:
لَكِنِ الرَّاسِخُونَ فِي الْعِلْمِ مِنْهُمْ وَالْمُؤْمِنُونَ يُؤْمِنُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلِكَ وَالْمُقِيمِينَ الصَّلاَةَ وَالْمُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَالْمُؤْمِنُونَ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ أُولَئِكَ سَنُؤْتِيهِمْ أَجْرًا عَظِيمًا
«Дегенмен іштерінен ғылымда озат болғандар және иман келтіргендер, саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді. Сонымен қатар намазды орындаушылар, зекет берушылер әрі Аллаға, ақырет күніне сенушілер, әрине соларға зор сыйлық береміз»
Бұл аятта қате секілді көрінген мәселе мынау: «Уә муқиминәс саләтә» аятының бір қарағанда «уәл муътыйнәз зәкәтә уәл мумининә» сөздерінде негізі «уау» арқылы «уәл муқимунәс саләтә» болуы керек. Солай болмағаны себепті қате бар деп айтқан.
Бұл аяттағы «уәл муқиминә» сөзі көбіне мәнсуб етіп оқылады. Әбу Амр, Ибн Мәсғуд, Хасан әл-Басри, Мәлик ибн Динар әл-Жуһдәри және басқаларда «әлмуқимунә» деп мәрфуъ хәлінде оқылады.
Оқылудың екі түрінің де әрі қырағат жағынан, әрі араб тілі жағынан болсын дұрыс әрі көркемдік жағы бар. Біз қате секілді көрінген тұсын, яғни мәнсуб болып оқылуының себебін қарастырамыз:
А. Бақара сүресіндегі аятта да жоғарыда келтіргеніміздей осы секілді жерлерде араб тілінде қандай да бір нәрсеге маңыз беруді қалағанда айтылатын «яғни және әхассу» сөздерімен фәтхалы етіп оқылады. Ал мұндай жағдайда насб халінде болады. Бұл жерде «мәрарту бизәйдин әкләрими» «жомарт болған Зәйдке бардым» дегенде «әкләрими» сипаты фәтхалы оқылады. Тіпті «ол жомарт» мағынасында түсініліп мәрфуъ болып оқылса да болады. Міне бұл аятта да саләт (намаздың) фәтха екендігіне ишарат болу үшін намаз оқуға маңыз беріп «уәл муқиминәс саләтә» делінген. Демек «...яғни намазды тұп-тура оқитындарды меңзеп тұрмын. Әрі олар зекеттерін де береді...» деген секілді.
Б. Имам Кисаидің алға тартқан пікірі мынау: «уәл муқиминә» сөзі «бимә унзилә иләйкә уәмә унзилә мин қабликә» аятындағы «мә» исму мәусуліне* қатысты. Осыған байланысты мағына былай өрбиді: «олар әрі саған түсірілгенге (Құран), әрі сенен бұрынғыларға түсірілгенге (кітаптарға) және намаздарын тұп-тура оқитындарға сенеді». Содан кейін «зекетті беретіндер» сөзі «уәл мумининә»ға қатысты болып келеді. Намаздарын тұп-тура оқитындар деген сөздегі меңзелген нәрсе пайғамбарлар немесе періштелер. Басқа пікірлер де осыған ұқсас.
С. «уәл муқиминә» сөзі «қилә» сөзіне қатысты, яғни «уә мин қаблил муқиминә» деген сөз. «қабли» сөзі түсіп қалған, оған тәуелділік жалғауы арқылы жалғанған «әлмуқиминә» сөзінің орнына қойылған.
Д. «мин қабликә» сөзіндегі «қаф» әріпіне қатысты. «уә мин қаблил муқиминәс саләтә яғни мин уммәтикә»
Е. «иләйкә» сөзіндегі «қаф» әріпіне қатысты. Олай болса былай болмақ:
«Иуминунә бимә унзилә иләйкә уә иләл муқиминәс саләтә яғни минәл әнбиәи алейһимус сәләм»
Ф. «минһум» сөзіндегі есімдікке қатысты.
Мәдх (мақтау) сөзі себепті мәнсуб болуы керек деген пікірді абзал көру. Мұндай жағдайда мағына былай болады: «ол дұрыс ілім иелері ‒ иман келтіргендер мен намаз оқығандар әсіресе маңыз берілетін құндылық».
4. Маида сүресінің 69-аяты:
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَالَّذِينَ هَادُوا وَالصَّابِئُونَ وَالنَّصَارَى مَنْ آمَنَ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَعَمِلَ صَالِحًا فَلاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ
«Негізінен Аллаға сенгендер, Яһудилер, Сабилер, және Христиандардан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сонда оларға қорқу да жоқ әрі қайғырмайды»
Маида сүресінің бұл аятының қате секілді көрінген жері мынау: «әссабиинә» сөзі аяттың басындағы «иннә» жалғауының есімі болғандықтан мәнсуб болуы керек. Алайда «әссабиунә» болып мәрфуъ хәлінде келген бе?»
Убәй ибн Кәъб, Ибн Мәсғуд және Ибн Кәсир «әссабиинә», бұлардан басқалары «әссабиунә» деп оқиды. Негізгі мусхафта да «әссабиунә» болып келеді.
Тәпсіршілер мен тіл ғалымдары жумһур қырағаттардың себептері жайлы былай дейді:
О. Түсіп қалған хабар (баяндауыш) мубтәдә (бастауыш) болып тұр. «Сабиилер де осылай» деген секілді. Егер «Шүбәсіз иман еткендерден, яһудилерден және христиандардан кім Аллаға және ақырет күніне иман етіп, ізгі іс жасаса оларға ешбір қауіп жоқ. Олар еш қайғырмайды. Сабиилер де солай» деген мағынада. Демек бұл сөздің хабары (баяндауышы) түсіп қалған.
Бұған мына өлең жолы дәлел ретінде келтірілген:
Уә иллә фәъләму әннә уә әнтум буъатун мә бақинә фи шиқақин
Өлеңнің негізгі нұсқасы былай:
«әннә буъатун уә әнтум кәзәлик» немесе «фәъләму әннә буъәтун...»
«Әссабиунә» сөзінің өзінен бұрынғы сөздерге бағынышты етілу хикметі мынау: Сабиилер бұл аятта айтылғандардың ішінде үмбеттің арасындағы ең пасық болғандар. Сондықтан да егер «Бұл топтардың әрбірі ізгі амал жасап иман етер болса, Алла Тағала олардың тәубелерін қабыл етеді және күнәларын кешіреді. Сабиилер болса да осылайша иман етсе, оларды да кешіреді» деген мағынада.
Б. «Иннә»нің орнына және оның есіміне бағынышты. Өйткені «иннә» және оның есімінің сөйлемдегі орны мубтәдә болғандықтан мәрфуъ.
С. «һәду» етістігінің іс-қимылды атқарушысына бағынышты.
Д. Аяттағы «иннә» сөзі «нәам/иә» мағынасында. «иман еткендер» және одан кейін келген сөйлем мәрфуъ орнында. «әссабиунә» сөзі де соған бағынышты.
Е. Сөздің көпше түріндегі формасы жекеше түрдің орнында қолданылып, содан кейінгі нун әріпінің иърабы әріп арқылы болғандығы қабылданған.
Фәрраның пікірінше аяттың басындағы «иннә» сөзінің сөйлемге берер әсері әлсіз. Мұның түсіндірмесі былай:
А. «иннә» сөзі етістікке ұқсағандықтан сөйлемге айтарлықтай әсер береді. Сонымен бірге етістік пен харфтың (жалғаулар) ұқсау ықтималы аз.
Б. «иннә» харфы әсер берсе де тек өзінің есіміне (бастауышына) ғана береді. Ал хабары (баяндауышы) мубтәдәның хабары болғандықтан мәрфуъ күйінде қалады. Бұл харфтың хабарды мәрфуъ ететіндей бір әсері жоқ. Бұл Куфалықтардың мәзһабы.
С. «иннә» сөзінің әсері тек кейбір сөздерде көрінеді. Сөйлемдегі орны өзгергенмен харекеті өзгермейтін есімдерде болса бұл сөздің әсері болмайды. Міне бұл аятта да солай. Өйткені аятта «иннә» харфының есімі (бастауышы) «әлләзинә» сөзі. Бұл сөзде раф, насб және жәр белгілері көрінбейді. Сондықтан да «иннә»нің есімі (бастауышы) иъраб белгілері көрінбейтін бір сөз болатын болса, ол сөзге қатысты болатын сөздерге «иннә»нің әсер етуі насб, әсер етпеуі болса рафъ хәлінде бола береді. Демек «иннә зәйдән уә амрун қаимәни» деп айтылмайды. Өйткені бұл жерде «иннә» сөзінің есімі болып тұрған «Зәйд» сөзінде иъраб белгісі жоқ. Алайда «иннә һәуләи уә ихуәтукә иукримәни ‒ шүбәсіз олар және бауырларың бізге құрмет көрсетеді», «иннә һәзә нәфсуһу шужәйн ‒ шүбәсіз оның өзі ержүрек» және «иннә Қатәмә және Һиндун ъиндәнә ‒ расында Қатәмә және Һинд біздің жанымызда» десе болады. Мұның себебі былай: «иннә» сөзінің әсері әлсіз. Оның әсері тіпті өзінің есімінде де көрінбесе тіпті әлсіз деген сөз. Сондықтан бұл жалғаудың жалғанбай тұрғандағы есімі мубтәдә болғандықтан мәрфуъ болуы табиғи жағдай.
Әр-Разидің көзқарасы бойынша Фәрраның бұл пікірі керемет бір түсіндірме: Басралықтардың көзқарасынан әлдеқайда дұрысырақ. Өйткені Басралықтардың пікірлерінде иләһи сөздің дұрыс еместігін білдіретін тұстары бар. Олардың ойынша реттіліктің дұрыстығына аяттың тәртібінің бұзылмай сақталуы кепіл болады. Фәрраның ойынша бұл мәселеде алаңдайтын ештеме жоқ.
Бұл аяттағы «әссабиунә» сөзінің және басқа да біз қарастырған сөздердің түсіндірмесінде Таһир ибн Ашур былай дейді: «Мына бір нәрсені жақы білуіміз қажет. Құран «әссабиунә» түрінде түскен. Хазірет Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) осылай оқыған. Сахабалар мен табиғиндер және басқа да мұсылмандар осылай оқыған. Мусхафтарда да осылай жазылған. Олар нағыз арабтар болатын. Олардың тілдерінде, сөйлеу тәсілдерінде біз айтып жатқан тіл қағидаларының бәрі табиғи түрде бар еді. Ал қағидалардың кейбірі аз қолданылған болса, оның бірден бір себептері шешендік тәсілі мен муғжиза мәселесі болса керек».
5. Фуссилат сүресінің 11-аяты:
ثُمَّ اسْتَوَى إِلَى السَّمَاءِ وَهِيَ دُخَانٌ فَقَالَ لَهَا وَلِلْأَرْضِ اِئْتِيَا طَوْعًا أَوْ كَرْهًا قَالَتَا أَتَيْنَا طَائِعِينَ
«Сосын көкке жөнелді. Ол, бір түтін еді. Сонда оған әрі жерге: “Екеуіңде ерікті немесе еріксіз түрде келіңдер” деді. Екеуі де: “Бой ұсынған түрде келдік” деді»
Бұл аятта қате секілді көрінген мәселе мынау: Алла Тағала жер мен көкке былай дейді: «... қалаған түрде һәм қаламаған хәлде келіңдер». Жер мен көк болса жауап қатып: «(Өз еркімізбен) қалаған түрде келдік» деді. Жер мен көк екілік бапта айтылғандықтан «таъәтәйни» немесе «таиәтин» болуы керек. «Таиин» болып ер тегіндегі көпше түрде келді. Яғни әрі ер тегінде, әрі көпше түрде келді. Сол себепті қате ме?
Қате секілді көрінген бұл жерге ғалымдар мынадай пікір білдірген:
Алла Тағала жер мен көкке қарата сөз айтады. Олар жауап береді. Бұл жерде ұқсатып салыстыру тәсілі бар. Яғни Алла Тағала оларды ақылы бар жаратылыс секілді сипаттап жатыр. Сол себепті жауаптары ер тегіндегі сөзбен келген. Көпше түрі болса жер мен көктегі барлық жаратылыстарды меңзеп «Біз (өз еркімізбен) қалап келдік» делінген.
6. Юнус сүресі 22-аяты:
هُوَ الَّذِي يُسَيِّرُكُمْ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ حَتَّى إِذَا كُنْتُمْ فِي الْفُلْكِ وَجَرَيْنَ بِهِمْ بِرِيحٍ طَيِّبَةٍ وَفَرِحُوا بِهَا جَاءَتْهَا رِيحٌ عَاصِفٌ وَجَاءَهُمُ الْمَوْجُ مِنْ كُلِّ مَكَانٍ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ أُحِيطَ بِهِمْ دَعَوُا اللهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ لَئِنْ أَنْجَيْتَنَا مِنْ هَذِهِ لَنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ
«Ол сондай Алла, сендерді құрылықта, теңізде кездіреді. Хатте сендер кемеде боласыңдар. Кеме, оларды жақсы бір самал арқылы алып бара жатады да, олар онымен мәз болады. Бір боран келіп оларға әр тараптан толқын келгенде, олар, онымен құрсауда қалдық деп ойлаған сәтте; сенімін нағыз Аллаға арнап: «Егер осыдан бізді құтқарсаң шүкір етушілерден болар едік» деп тілейді»
Бұл жерде екінші жақтан үшінші жаққа өтеді. Ал бұл грамматикалық қателік емес. Әдебиетте мұны «илтифәт»* тәсілі дейді. Осы секілді «бәдиъ»* тәсілі әдеби еңбектерде кеңінен түсіндіріледі. Оның небір нәзік тұстары, көркемдігі бар. Әдебиеттен хабары барлар мұны жақсы түсінеді. Араб тіліне әрі Құранның тіл тұрғысынан тереңдігін жан-жақты баяндайтын Жәруллаһ Зәмәхшари, Кәшшәф секілді тәпсірлерде екінші жақтан үшінші жаққа ауысу тәсілін асырмалау тәсілі деп түсіндіреді.
Фаһруддин Рази болса «Тәфсиру әл-Кәбирінде» мұның тәбъид* себепті айтылғандығы баяндалады. «мұндайлар менен ұзақ болсын» деген секілді нәзік бір мағынаға ишарат. Разидің пікірінше Алла Тағала ондайларға сөйлеуді қаламайды. Сол себепті екінші жақтан үшінші жаққа ауыстырып айтты.
Фатиха сүресінде үшінші жақтан екінші жаққа ауысу тәсілі бар. Өйткені ол жерде ғибадат жайлы түсіндіру мәселесі бар. Абидтер (құлшылық етушілер) Алланың нағыз құлдары. Ал ғибадат қандай да бір құзырда болу деген сөз. Ғибадат жасайтындар «Раббул аламин»нің құзырында болады. Алла құзырында болғандардың сыйы оларға тікелей сөз сөйленуі.
Тақырыбымызда екінші жақтан үшінші жаққа ауысу мәселесінде мынадай бір нәзік мағына бар: Қиыншылықта болған кезде барлығы Аллаға жалбарынады. Аллаға жалбарыну үшін мұсылман болу шарт емес. Одан сұраған дұға қабыл болады. Осылайша үшінші жақта айтылу арқылы мұсылман еместер, яғни кәпірлер де аяттың аясына кіреді. Егер екінші жақта айтылса, тек мұсылмандар ғана қамтылар еді. Басқалары махрум қалмақ. Демек Алланың рақымы кең. Мүмін, кәпір барлығы оның рақымынан үлескер бола алады.
Елмалый бойынша бұл илтифатта мынадай бір мәселе бар: «...Кемеде болған кезде (ойлаңыз): Кемелер ішіндегілерге жағымды бір желмен алып бара жатып және олар осыған разы болған халде...» бұл жерде «сендермен» дегеннің орнына «олармен» деп екінші жақтан үшінші жаққа ауысқан. Әрбір адам өзінің жан дүниесіндегі жағдайын жақсы білетіндіктен, адамдарға өздерінің жағдайларын реттеп қарсыдан қарап және ойланып әрі олардың жағдайларын өзгелердің есіне салып көрсетуді мақсат тұтатын «тасуир»* тәсілі қолданылған.
Бұл жерде мынадай бір мәселе де бар: Кемедегілер тек екінші жақтағылар болып саналмайды. Сондықтан да үшінші жақта: міне қазір сол кемедегілердің жағдайларын суреттейді. Олар былай болды деп баяндайды. Сол себепті Зәмәхшәридің айтқанындай бұл жерде илтифат асырмалап айту үшін қолданылған. Міне, илтифат осындай мәселелерді қамтиды. Осыншалықты көркемдік басқа қай жерде бар? Мұны грамматикалық қате деп қалай айтамыз?
Грамматикалық қате деп алға тартқан жалалар ешбір негізге сүйенбестен айтылғандығы анық көрініп тұр.
Наху ғалымдарының болсын, шығыстанушылардың болсын грамматикалық қате бар деп сынаған аяттар біздің талқылаған аяттармен шектелмейді. Одан басқа да аяттар жетерлік. Алайда біз көп талқыланған әрі көп жазылған һәм жауап берілген аяттарды қамтуға тырыстық. Ал аталмыш басқа аяттарды пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі еңбектерден көре аласыз.
Д. Жалалардың қайнаркөзі негізсіз риуаяттар
Жоғарыда да айтқанымыздай Құранда грамматикалық қате бар деп сын таққан тіл ғалымдары мен шығыстанушылар жалпы негізі болмаған риуаяттарға сүйенген. Олар біз атаған аяттардан басқа да көптешен аяттар төңірегінде азды-көпті сын айтқан. Алайда шығыстанушылар негізі жоқ риуаяттарға сүйеніп осындай тұжырымға келген болатын. Ал негізі жоқ риуаят деп нені айтамыз?
Әбу Убейдтің «Фәдаилу әл-Куран» атты еңбегінде былай делінеді: Бізге Әбу Муғауия Һишам ибн Уруәдан, ал Һишам әкесінен былай деп риуаят етеді:
Хазірет Айшаға (р.анһа): Ниса сүресіндегі «ләкинир расихинә фи ъилми», Мәида сүресіндегі «иннәлләзинә әмәну уәлләзинә һәду уәс сабиунә» және Таһа сүресіндегі «иннә һәзәни ләсәхирани».
[1] Таһа, 20/63
* Такиид ләмі ‒ мағынаны күшейтетін ләм.
* Исму ишәра ‒ сілтеу есімдігі.
* Бейіт ‒ екі жолды өлең.
[2] Инсан, 76/4.
[3] Нәмл, 27/22.
[4] Тариқ, 86/4.
[5] Әд-Дәни, әл-Мукни, 139-бет.
[6] Димиати, Итһаф, ІІ, 631-бет.
* Мәдх ‒ мақтау, пәктеу.
[7] Мәсәд, 111/4.
* Исму маусул ‒ екі сөзді немесе мағынаны жалғайтын, мағынасы өзінен кейін келген сөйлем арқылы толық болатын сөз. Араб тіліндегі «мән», «мә», «әлләзи» т.б. секілді сөздер.
* Илтифәт ‒ Бірінші жақта сөйлеп жатып, екінші жаққа немес үшінші жаққа ауысып сөйлеу тәсілі. Мысалы: «Әлемдердің Раббысына барлық мақтау болсын. Ол Рахман әрі Рахим. Дін күнінің иесі. Саған ғана құлшылық етіп, Сенен ғана жәрдем тілейміз» (Фатиха, 1/2-5) аятында үшінші жақта айтылып жатып, «Сенен ғана» деп екінші жаққа ауысады. Тағы бір мысал, «Расында Біз саған Кәусарды бердік. Олай болса Раббың үшін намаз оқы» (Кәусар, 108/1-2) аятында Алла Тағала бірінші жақта айтып келе жатып, «Раббың үшін» деп үшінші жаққа ауысады.
* Бәдиъ ‒ сөздің көркемдігі.
* Тәбъид ‒ ұзақтықты білдіру.
* Тасуир ‒ Суреттеу, елестету.