http://akikat.kz
Өзіне тән міндеттерден, атап айтқанда, өзге өлшемдерге
саяхаттаудан, серуендеуден, рухани әлемдерді аралауы, жүрек ісін арқалап Ұлы
Жаратушысының алдында сан түрге еніп құбылудан рух та шаршайды. Бірақ ол
«шәһәдат» әлеміне қайта оралып, рұқсат етілген жолдармен тыныға алады. Бұл –
мәселенің бір жағы. Дәл осы мәселенің келесі бір жағы бар: күні бойы 8-10 сағат
жұмыс істеп, шаршаған кезіңізде біреу аптығып келіп, өте қуанышты немесе (беті
аулақ) қайғылы хабар жеткізсе, не істейсіз? «Тоқтай тұр. Алдымен біраз тынығып
алайын, сосын көрерміз, – дейсіз бе, әлде жаңағы тосын хабардың әсерімен
шаршағаныңызды ұмытып, оқиға болған жерге жүгіресіз бе? Әрине, соңғысын
жасайсыз. Осы жерде шаршауға қарамастан, бойыңызға қуат берген не нәрсе? Рас,
кейде бір оқиғаның әсерімен адамның екі-үш күн бойы ұйықтамайтын кездері
болады. Мәселен, сізге өзіңіз қатты құрмет тұтатын бір кісінің келгенін айтса,
шаршау аяғыңызға шырмау бола ала ма? Діңкеңіз құрып тұрғанда, қалай атып
тұрғаныңызды білдірмей денеңізге күш құйған не нәрсе?
Қатерге толы шайқастарда әскерлеріміздің бірнеше ай бойы көз шырымын алмаған кездері болады. Олар екі-үш адамның өзі әзер алып жүретін зеңбіректің оқтарын иықтарына салып, зеңбіректерді оқтайтын. Әл-дәрмені құрып, болдырып тұрса да, рухтарында шаршаудың белгісі байқалмайтын.
"Иман аясында" кітабынан алынды