Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Мақалалар

  • Уәдеге беріктік

    «Уәде – Құдай сөзі» демекші, Пайғамбарымыз қай істе де үмметіне өнеге бола білген.

  • Сахих және әлсіз хадистер

    Хадис пен сүннет діннің негізінен саналады. Мұны осы саланың білгір ғұламалары ертеден-ақ солай мақұлдаған.

  • Хадистердегі сөз әдебі

    Дұрыс сөйлей білу де өнер. Жүйесін тауып айтқан сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады және адамды жәннаттай жайлы мекенге лайық етеді.

  • Пайғамбар медицинасында инфекциялардан сақтану жолдары

    Тек микроскоппен ғана көрінетін және өмірге өте қатерлі ауру түрлеріне себеп болуы мүмкін микроптарға қатысты кей ескертпелерді Пайғамбарымыздың хадистерінен кездестіреміз.

  • Сүннеттің маңыздылығын ұғыну

    Жаратылыстың ең ардақтысы болған адам баласына[1] Алла Тағала тарапынан айрықша игіліктер берілген.

  • Хадис ғалымдары

    Алла елшісі өмір сүрген жылдарында өзіне мойынсұнуды және сүннетін ұстануды діннің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырған. Айтқан әрбір сөзінің кейінгі ұрпаққа жеткізілуіне айрықша мән берген.

  • Расулалланың ғибадаты

    Ол бүкіл өмірінде дінді Аллаға арнап, тек қана Оған құлшылық қылды... Жүрегі тек Оның жаратушылық шеберлігін ардақтап соқты... Көзі барлық жерде Оның жаратқандарына бағытталды...

  • Хазірет Мұхаммедтің пайғамбарлыққа дейінгі жағдайы

    Пайғамбарымыздың (салаллаһу алейхи уа сәлләм) пайғамбарлыққа дейінгі жағдайын қарастырмас бұрын пайғамбарлардың пайғамбар болуынан бұрынғы жағдайларына қатысты жалпы шолу жасаудың үлкен пайдасы бар деп ойлаймыз.

  • Хадис әдіснамасында қалтқысыз болу

    Иса Пайғамбардан хабар жеткізу мәселесінде беделділер ретінде алғашқы ұрпақта хауарилер, кейін шіркеу басшылары саналатын.

  • Пайғамбарымыз Құран Кәрімді қалай оқыған?

    Құран Кәрімнің алғаш алушысы Пайғамбарымыз саллалаһу алаһи уасаллам, әр тақырыпта жолбастаушы болғандықтан,

  • Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәллам) ерекшелігі

    Аллаһ Расулының және басқа да пайғамбарлардың адам болулары – олар үшін кемшілік емес, керісінше, кәмілдік.

  • Сүннетті ұстануды қажет ететін себеп-салдар

    Исламдағы заңдылық секілді, қажеттілік те негізгі бастауын Алланың Кітабынан және Расулының (с.а.у.) сүннетінен алады.

  • Пайғамбарымыз (с.а.у.) және диалог

    Ислами таным бойынша адамды сипаттағанда – «мәдәниюн-биттаб» (жаратылысынан мәдениетті) делінеді. Адамзат баласының гені тура бір қауым болып өмір сүру бойынша жүйеленгендей.

  • Мүтауатир хадистер

    Хижри жыл санағы бойынша алғашқы үш ғасыр Ислам ілімдерінің қалыптасу кезеңі.

  • Хадистердің жинақталуы

    Мұсылмандар үшін Ислам дінінің екі негізгі қайнар көзінің бірі болған хадистердің жинақталу тарихы өте маңызды.

  • Әбу Бәкірден озу қайда

    Омар (р.а.) әңгімелеуде: Бір күні Пайғамбарымыз бізге әскерлерді қамтамасыз ету үшін өзара жылу жинауды бұйырды. Менің ең дәулетті кезім. Ылғи менен озып кете беретін Әбу Бәкірдің (р.а.) осы жолы алдын орап, шаң қаптырмасам ба деген тұтқиылдан бір ой келді. Өйткені ол қашан болсын жақсылық жасауда алдына жан салмайтын. Арамыздағы ең көп садақа беретін де сол еді. Осы жолы одан да көп жылу берейінші деген оймен бар малымды теңдей екіге бөліп жартысын садақа ретінде апардым. Мені көрген Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : – Ей, Омар! Үй ішіңе де бірдеңе қалдырдың ба? – деп сұрады.

  • Ананың ақ сүті

    Алқамә Пайғамбардың көзі тірісінде құлшылыққа жан тәнімен берілген, садақаны көп үлестіретін өте бір ізетті, иманды жас жігіт еді. Бір күні аяқ астынан ауырған Алқамә төсек тартып жатып қалды. Ауруы әбден меңдеп, өлетін халге жеткенде, тілі куәлік сөзге келмей күрмеле берді. Оның қатты қиналғанын көрген сахабалар пайғамбарға жүгіріп мән-жайдан хабардар етті. Пайғамбарымыз бірден әлгі жігіттің шешесін шақыртты. – Алқамә қандай еді? – деп сұрады.

  • Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам

    Мекке толықтай мұсылмандардың қолына өткеннен кейін Исламның бас дұшпаны Әбу Жәһилдің баласы Икриманы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өлім жазасына кескендіктен ол бас сауғалап Йеменге қашты. Алайда оның әйелі Үммі Хаким болса мұсылмандықты қабылдап, әрі күйеуі Икриманы кешіруді Пайғамбарымыздан өтінген еді. Пайғамбарымыз оны кешіргендігін білдіргенде, Үммі Хаким дереу күйеуін іздеп жолға шықты. Теңіз жағасындағы бір кемеде мұсылман капитанымен сөйлесіп тұрған жерінен Икриманы тапты. Капитан оған: – «Лә иләһа иллаллаһ, Мұхаммед Расулалла» деп айтып имансыздықтан біржолата арылсаңшы, – деді. Икрима: – Мен онсыз да соны айтпағандығым үшін қашып кеткем жоқ па?! – деп қарсылық білдірді.

  • Ол сенің ізіңе ерген жоқ

    Нұх пайғамбардың баласы кәпір еді. Жер бетін топан су басқан уақытта баласының теңіз толқындарымен арпалысып, өлім мен өмір арасында жанталасып жатқанын көргенде жаны ашып: – Ей, балам! Кел, бізбен бірге кемемізге мін. Кәпірлігіңнен арыл! – деп дауыстады. Алайда баласы қырсығып: – Тауды паналасам да судан аман қаламын, – деді асау толқындарға бір батып, бір шыққан ол екі қолын ербеңдете. Нұх пайғамбар баласына оның бүгінгі апаттан не істесе де құтыла алмайтындығын ескерте: – Алла қаламаса, бұл азаптан ешкім де сені құтқара алмайды, – деді.

  • Күнәдан тазарған кінәлі

    Алла тағала Мұса пайғамбарға қаратып: – «Әй, Мұса! Пәлен деген жерде бізге дос адамдардың біреуі қайтыс болды. Сен барып соның жұмыстарын реттестір. Сен бармасаң да, біз оны бәрібір мейірімнен құралақан қалдырмаймыз», – деп бұйырды. Мұса (а.с.) айтылған жерге барды. Сол жақтың кісілерінен: – Бүгінгі түні Алла тағалаға жақын, иманы берік жандардан кім көз жұмды? – деп сұрады. Бірақ ел оған: – Ей, Мұса пайғамбар! Алла тағаланың досы еді дейтіндей ешкім қайтыс болған жоқ. Тек пәлен үйдегі өмірін жаманшылықпен өткізген, бұзылған бір жас жігіт қана көз жұмды. Жиіркенішті қылықтарына қарап оны көмуге де ешкім жолар емес, – десті.

  • Имам Матуриди көзқарасы және Жүсіп Баласағұн жырлары

    Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мұсылмандық ұстанымнан ауытқымай келе жатқандығы шәк келтірмес ақиқат.

  • Матуриди көзқарасында шапағат мәселесі  

    Шапағатты Алла Тағаланың кеңшілігі деп ұққан жөн. Өйткені, бұл Оның ақырет күні күнәхар құлын өзге сүйікті құлдарының өтінішімен кешіріп, рақымына бөлеуі.

  • Матуриди көзқарасындағы диалог мәселесі

    Бір ата, бір анадан тараған адам баласының татқаны бір, тағдыры бөлек болып мынау тұрлауы жоқ жалған дүниенің сан қырынан бақыт іздеп сандалғанымен тұрақтар жері, дамуы мен өсіп өркендеуіне себеп болар ең негізгі нәрсе бейбітшілікекенін әркім біле бермейді.

  • Имам Матуриди сенімінде Алла Тағаланың ақыретте көріну мәселесі

    Ру'иәтуллаһ сөзінің мағынасы Алла Тағаланың ақыретте пенделерге көрінуі. Бұл әһлі cуннә уәл жәмаға мен мұғтазила ағымының арасында пікір қайшылығын тудырған ақидалық мәселелердің бірі.

  • Намазды уақытында орындау

    Уақыт – Алла Тағаланың адам баласына бұл дүниеде сыйға тартқан ең маңызды капитал. Дүниедегі сынақтан өту осы капиталды дұрыс қолдануға байланысты.

  • Имам Матуриди көзқарасында «Ақыретке иманның тосқауылдары»

    Қазіргі таңда, «ғылыми білім» - өмір мен жаратылыстың құнын өлшеуде жалғыз критерия.

  • Имам Матуриди көзқарасында иман түсінігі

    Имам Әбу Ханифа көзқарасы бойынша, иман – жүрекпен мақұлдап, растау.

  • Имам Матуриди көзқарасында бақыт және бақытсыздық

    Бұл өмірде біреудің маңдайы жарқырап бақытқа белшесінен батса, енді біреу соры ашылмай өмірден өтіп жатады.

  • Имам Ағзам Әбу Ханифаның ақидалық көзқарастары

    Имам Ағзам Әбу Ханифа хазірет – ақидаға қатысты жазған еңбектерімен Әһли сүннет сенімінің негізін салған ең елеулі ғұламалардың бірі.

  • Имам Матуриди көзқарасында ризық мәселесі

    Алла тағаланың көркем есімдерінің бірі – әр-Раззақ. Араб тіліндегі «әр-Раззақ» сөзі ризықтандырушы, ризық беруші деген мағынаны білдіреді.

  • Харижит ағымының пайда болуы және Харижилік сананың өзгешеліктері

    Харижилік – исламның алғашқы ғасырында саяси мақсатта пайда болған, діни-саяси тақырыптарда әсіре көзқарас, іс-әрекеттерімен танылған топ.

  • Имам Матуриди көзқарасында ажал мәселесі

    «Ажал» сөзінің тілдік мағынасы – уа­қыт, ме­зет де­генді біл­ді­ре­ді. Шари­ғат­ тер­мин­інде – тіршілік иесі үшін бел­гі­лен­ген өмір­дің бі­туі немесе өлім уақы­ты­на ай­ты­ла­ды.

  • Құран жаратылыс емес, Ол - Алланың кәләмі

    Қасиетті Құран – кәламулла. Яғни, Алланың кәламы. Кәлам – Алла тағаланың зати (затында), қадим (ежелден бар) сипаты, кейіннен пайда болмаған.

  • Имам Матуриди көзқарасында мүтәшабиһ аяттар

    Қасиетті Құран – тілдік және мазмұндық сәйкестігі ғажап, адам баласына өмірдің мәні мен жаратылу мақсатын баяндайтын сырлы кітап.

  • Жаратушыны тануда ақылдың орны

    Бүкіл жаратылыс – шексіз құдірет иесі бір Алла тағаланы танытып тұрған дәлел.

  • Имам Матуриди көзқарасында жәннат пен тозақ

    Адам баласының тәбиғатына ләззатқа толы мәң­гі­лік­ті аң­сау сезімі берілген.

  • Намаздағы тадили-аркан

    «Тадил» тұрғызу, түзету, дұрыстау деген мағынаны білдіреді. «Аркан» сөзі рүкіннің көпше түрі ретінде қиям, руку және сәжде секілді намаздың негіздерін білдіреді.

  • Әбу Ханифаның иман және амал туралы түсінігі

    Әділетті халифалар заманында белең алған радикалды ағымдардың ушықтырған ақидалық мәселелерінің қатарында күнә жасаған адамға қатысты шариғи тұрғыдан үкім беру ісі халықты дүрліктірді.

  • Тілді ауыздықтаған тас

    Бір күні Әбу Бәкір (р.а.) сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасында отырды. Бір уақытта ұрынарға қара таппаған қара ниетті біреу аузы көбіктеніп Әбу Бәкірге тіл тигізіп, былапыт сөздер айта бастады. Пайғамбарымыз әлгі кісі Әбу Бәкірге қанша жаман сөздер айтқанына қарамастан ләм-мим деп тіл қатпай ара-кідік күлімсіреп қойып отыра берді. Әлгінің әдепсіздігі мен былапыт сөздері әбден шегіне жетті– ау дегенде ашуы алқымына тығылған Әбу Бәкір де бір-екі ауыз сөз қайтарды. Осы сәт манадан бері жақ ашпаған Пайғамбарымыз дереу сыртқа шығып кетті. Іле-шала орнынан тұрып, пайғамбарымызды қуып жеткен Әбу Бәкір: – Уа, Алла тағаланың ардақты елшісі! – деді, – Бағанадан бері жаңағының әдепсіздігі мен айтқан қаншама былапыт сөздерін ести тұра үндемей, мен бір – екі сөз қайтарғанға не себепті орныңыздан тұрып кеттіңіз?, – деп сұрады.

  • Әбу Бәкірдің достығы

    Періште Жәбірәйіл (а.с.) бір күні былай деп тілепті: – Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген Әбу Бәкірдің достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді... ...Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бағалы, қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілді. Жәбірәйіл соқыр кейпіне еніп, жол шетіне отыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол шетіндегі пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл бірден: – Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның достығы үшін маған садақа тастаған адамның Алла тағала бар күнәсін кешірсін! – деп естірте дауыстай бастады. Әбу Бәкір (р.а.) ол сөзді естіген-ді. Ойланбастан иығындағы қымбат шәліні сусыта ысырған күйі «қайыршыға» ұстатты да: – Қане, тағы бір рет қайталашы? – деді. Қайыршы тағы бір рет қайталады. Әбу Бәкір Сыддық сырт киімін шешіп берді. Әр қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп беріп отырды. Бесінші рет қайталағанда, Әбу Бәкірде әлгіндегі бағалы киімдерінің ешбірі қалмады.

  • «Хилфул-фудулдың» жақсылығы

    Исламға дейінгі кезеңде Араб түбегінде Фадл есімді аттас үш кісі жиналып, қиянатқа ұшырағандардың залымдардан кегін қайтару, өзара әділдікті үстем ету мақсатында ант берісіп қол алысқан. Кезінде пайда болғанмен кейіннен ұмыт бола бастаған бұл ұйым Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кезінде қоғамның қайта жамандықтарға бой алдыра бастауын ауыздықтау мақсатында Құрайыштың алдыңғы қатарлы адамдары тарапынан қолға қайта-қайта алынған. Олар ұйымды тұңғыш құрушылардың атын ескеріп «Фадылдардың немесе абзал кісілердің анты» мағынасын білдіретін «Хилф-ул фудул» деп қойды.

  • Жанашырлық

    Мұхаммед пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір мереке күнінде қуана ойнап жүрген балаларға қарап тұрып, олардың қастарында жыртық киімді бір баланың жылап отырғанын көреді. Бірден қасына барып: – «Балалармен бірге неге ойнамайсың? Неге жыладың?» – деп сұрады.

  • Кедейдің кемеңгерлігі

    Алла тағаланың сүйікті құлы пайғамбарымыз Мұхаммедті (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір топ кісілер қаума-лай отырысып, алқа-қотан әңгіме-дүкен құрып отырды. Бір уақытта үстіндегі киімі жұпынылау бір кедей мұсылман есіктен бас сұқты. Ислам әдебі бойынша қонақтардың үстінен түскен адам өзіне арнайы орын таңдап жатпастан табылған орынға отыра кетуі керек-ті. Ол да соның ыңғайымен отырғандарды асығыстау көзімен бір шолып, бостау тұрған бір орынға жайғаса кетті. Алайда бір қызығы – ол тұс бай біреу отырған жер болатын. Кедей келіп қасына отырғанда, онымен қатар отыруға намыстанған әлгі бай қымбат шапанының етек-жеңін жиыңқырап ұстаған күйі аулағырақ барып басқа орынға отырды.

  • Ақысын даулаған сахаба

    Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл өмірдегі дәм-тұзы таусылуға айналған соңғы күндері. Алпыс үш жылдық өмірін абыроймен өткізіп, имандылық пен ақиқат жолына бастау арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленген ол тіршілігінде бір құмырсқа екеш құмырсқаны да ренжітпейтіндей өте кішіпейіл, қайырымды болатын. Ол өмірінің соңғы сәттерінде мұсылмандар арасында жіберген қателігі болса кешірім сұрап, бақұлдасып қалуды жөн көрді.

  • Иманды жаңарту және күшейту

    Мезгіл мен мекен (уақыт пен кеңістік) ұдайы өзгеріс үстінде. Сондықтан, адам баласы осы өзгерістерден қалыс қалмай, өмірінің әрбір сәтін мәнді де мағыналы өткізу үшін өзін-өзі жетілдіруге мейлінше ден қойып, рухани болмысын тың дүниелермен толықтыруға ұмтылуы тиіс.

  • Шынайы иманның көрсеткіші – адам өмірін қорғауға мұқияттылық танытуда

    Фетхуллаһ Гүлен әлемге әйгілі француз басылымы «Лэ Монде» газетінде жариялаған мақаласында экстремизм және лаңкестікпен күресу мәселесінде халықаралық қауымдастық пен мұсылмандарға маңызды мәлімдеме жасады.

  • Критерий настоящей веры — это приверженность принципу сохранения человеческой жизни

    Известная французская газета Le Monde опубликовала статью исламского богослова Фетхуллаха Гюлена, в которой он поднял тему борьбы с терроризмом.

  • Ауыр күнәнің бірі – ғайбат

    Ғайбаттың ішінде оны басқа түрлерімен салыстыруға болмайтындай қауіпті бір түрі бар. Ол бір қауымды, бір қоғамдық қозғалысты немесе жамағатқа жол көрсетуші көрнекті өкілді ғайбаттау.

  • Жанкештілікпен ойран салу және Ислам

    Өзін мерт қылу арқылы шабуылдау мәселесіне кіріспей тұрып, тақырыптың ашылуына сеп болар жалпылық сипаттағы екі жайға тоқталып өткен пайдалы.

  • Діннің атынан жасалатын қылмыстардың обалы

    Бірқатар ұйымдардың дін атын жамылып жасап жатқан қылмыстарын, өзін-өзі жарып жіберу және басқа да осыған ұқсас оқиғалардың орын алуын сыртқы күштердің ықпалымен байланыстыруға бола ма?

  • Сын түзелмей, мін түзелмейді

    Қате-кемшіліктеріміздің бізге жөнімен айтылуы және біздің сол сынды дұрыс қабылдауымыз – кемелдікке жету тұрғысынан маңызды болмақ.

  • Ахлақ  

    Мінез, болмыс деген мағынаға келетін «хулюқ» ұғымы – жаратылыстың ең маңызды мақсаты және оның шынайы тереңдігінің көрінісі болып табылады

  • Нәпсі және оның ерекшеліктері

    Нәпсі – тәкәппарлық, өркөкіректік, өзімшілдік, қызғаншақтық, әділетсіздік, өшпенділік сынды нысайдың көрінісі.

  • Риядан қорғану жолдары

    Діннің негізі Алла Тағаланың бар және бір екендігін, Құдіретті күш иесі екендігін мойындап, іс-әрекеттерді оның разылығына лайықты түрде жасауға тырысу.

  • Исар

    Исар – Хақ тағала жолында болу және Оған иман келтірген өзге де жандар үшін жанын пида етуден таймайтындай мәрттік қасиеттің шыңы болып саналады.

  • Бүлік оты

    Хазірет Ибраһимнің дұғасын жан-жақтылы түсіну ең алдымен «фитна» сөзін жақсы түсінуге байланысты.

  • Көрегендік

    Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?

  • Ысырап - ғасырымыздың үлкен апаты

    Адамзат тарихтың еш бір дәуірінде бүгінгі жеткен материалдық мүмкіндікке бұрын ешқашан жеткен емес және мұндай сән-салтанат пен шексіз тұтыну түсінігі шарықтап аспандаған емес десек, асырып айтқан бола қоймаспыз.

  • Отбасы діни тәрбиесінің өзегі

    Отбасының діни білімі деген кезде ойымызға баланың отбасындағы діни және аһлақи құндылықтары бағытында алған тәрбиесі ойымызға оралуы керек.

  • «Ашуланба!» хадисінен алынатын сабақтар

    «Хадис» сөзі терминологиялық тұрғыдан хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі, іс-әрекеті, мақұлдаулары, дене бітімі мен аһлақи сипаттары және өзіне тән хабарларын білдіреді.

  • Күнә және тәубе

    Күнә – ұшқалақтана жүріп бір шұңқырға аяқасты құлап кеткендік болса, тәубе – амалын тауып, әп дегенде сол шұңқырдан шығу.

  • Сенім ұялату

    «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?

  • Көзді харамнан сақтау

    Көзің харамға түсіп кетсе, бір минут та өткізбестен жасап қойған күнәң үшін Алладан кешірім тілеп, жайнамаз тауып, сәждеге бас қойып, тәубе еткенің жөн.

  • Бір дұғадағы төрт негіз туралы

    Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады.

  • Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

    Біз осынау берекелі әрі нұрлы айды барынша тиімді қолдануымыз керек. Тіпті үйде қонақ келмеген ауызашарымыз болмауы тиіс.

  • Дінді бетперде еткен терроризм

    Бүгінгі таңда операция, іс-қимылдарымен бүкіл әлемді шулатқан террорлық бәлекет көбіне ислам атынан дін бетпердесін қолдануда.

  • Дін насихатында сыпайылықтың орны

    Иә, сыпайы мінез – адамдағы ізгі қасиеттің бірі. Қазақ атамыз «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады, Қатты-қатты сөйлесең, мұсылман дінінен шығады» деп бекер айтпаған.

  • Исламда соғыс пен бейбітшілік

    Исламда қан төгу, жер иемдену, олжа түсіру үшін соғысқа жол берілмейді. Исламда соғыс көбіне қорғану мақсатын көздейді. Жихад тек Алланы тануға кедергі жағдайлармен күресуді, халыққа Алланы жақынырақ таныта түсуді білдіреді.

  • Патша мен құмырсқа

    Сүлеймен пайғамбар (а.с.) бір күні құмырсқадан бір жылдық азығының көлемін сұрайды. Құмырсқа оған бір жылдық азығының көлемі бір бидайдай екендігін айтады. Құмырсқаны сынамақ болған Сүлеймен пайғамбар (а.с.) әлгі құмырсқаны алып шыны әйнекке қаматады, тыныс алуына жағдай жасап, қоректенуі үшін қасына бір тал бидай дәнін қойғызады.

  • Адам және қатыгездік

    «Әдеттегіше кешкі жаңалықтарды қарап отырған Ахмет ағаның көңілі алабұртып әр хабар сайын бұзыла түсті.

  • Отбасы үшін ең үлкен қатер – ажырасу

    Адам өмірінің маңызды сатыларының бірі саналатын үйлену ата-ана болу мүмкіндігін береді.

  • Адал астың маңызы

    Ұлы Жаратушы Өзінің қасиетті кітабы Құран Кәрімнің көптеген аяттарында жер мен көктегі барлық нәрсені адам баласының игілігі үшін жаратқандығын айтады.

  • Міндетті молекулалар – антиоксиданттар

    Кез келген қоғам мінез-құлқы мен әрекет-қозғалысы әрқилы болып келетін сан алуан адамдардан құралады. Бес саусақтың бірдей болмайтындығы секілді қоғамда өмір салттары өзгеше, қоғамнан жырақ адамдар да өмір сүреді.

  • Дәрінің бойға тарауы

    Ауруға шалдыға қалсақ, дереу одан айығу жолдарын іздейміз. Ол үшін кейде ұйықтаймыз, кейде дұрыс қоректенуге тырысамыз немесе дәрі ішеміз. Дәрі ішектерге қалай сіңіп, денеге қалай тарайды?

  • Бейәлеуметтік тұлға

    Қазіргі таңда көп кісілерде кездесетін жеке бастың бұзылуының бір түрі – «бейәлеуметтік тұлға». Оның белгілері: заңды мойындамау, қалағанын ғана қалаған кезде істеу, өзгені ойламау.

  • Мегаломания – ұлықтық маниясы

    Мегаломания – қоғамдағы мәселелерді шешілмес қылған психологиялық проблемалардың бірі.

  • Көркем сарайдың иесі

    Гауһар тастардан салынып жатқан ғажайып бір сарайды көрдіңіз делік. Оның құрылысына жұмсалған маржан тастардың бір бөлігі тек Қытайдан ғана табылады.

  • Тіршілік иелерінің өзара көмегі

    Ең әлсіз және кішкентай тіршілік иелерінен ең жабайы жан-жануарларға дейін бүкіл табиғатта өзара көмек пен бірбірін қолдау мысалдарын көруге болады.

  • Ғибадатта тұрақтылық (Он екінші қара сөз бойынша)

    Жалпы қазақ халқының Ислам дінін ұстанып келе жатқанына мың жылдан астам уақыт өтті. Осы кезең аралығында ислам өркениетіне сүбелі үлес қосқан қазақ даласынан шыққан жарық жұлдыздар баршылық.

  • Сүндеттеу салты

    Дініміз Исламда ұлттық дәстүрдің өзіндік орны бар. Шариғаттың негіздеріне қайшы келмеген дәстүрлерге дініміз оң қабақпен қарайды.

  • Дәстүр және дін

    Дін жаратылысқа сай түрде адамзат тарихымен бірге бастау алады.

  • «Алланың арыстаны» хазірет Али (р.а.) - 2

    Ислам тарихында өте маңызды бетбұрыс кезеңі хазірет Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние салып, бірінің артынан бірі сан қилы оқиғалар өрбіген тұс болғаны даусыз.

  • «Алланың арыстаны» хазірет Али (р.а.) - 1

    Ислам тарихында баға жетпес ұлы тұлғалардың бірі – хазірет Али екені күмәнсіз.

  • Өте ұятты жан – хазірет Осман - 4

    Хазірет Осман кезеңін баяндайтын еңбектерде бүліктер жайын сөз еткенде бірнеше мәселеге тоқталып өтеді.

  • Өте ұятты жан – хазірет Осман (р.а.) - 3

    Хазірет Осман кезіндегі қоғамдық береке мен байлықтың кейіннен Османға қарсы бүлік пен сойқан себептерінің бірі болғаны анық.

  • Өте ұятты жан – хазірет Осман (р.а.) - 2

    Хазірет Османның айрықша қасиеттерінің тағы бірі – кішіпейілділігі мен тақуалығы. Ол өмірінің басында қандай болса, соңында да сол қалпын сақтаған.

  • Өте ұятты жан – хазірет Осман (р.а.) - 1

    Адалдықтың көсемі хазірет Әбу Бәкір мен хақтың айтулы үлгісі хазірет Омардан кейінгі кезек ар-ұяттың өнегесі хазірет Османға (р.а.) келді.

  • Қара қылды қақ жарған хазірет Омар - 3

    Пайғамбарымыз бақиға аттанған кезде бүкіл сахабалар секілді хазірет Омар (р.а.) да есінен ауғандай күй кешті. Алғашында көңілі бұған сенбей, «Расулалла бақилық болды» дегендердің аяқ-қолын шабатынын айтып мешітте айқай салды.

  • Қара қылды қақ жарған әділетті хазірет Омар – 2

    Хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Егер менен кейін пайғамбар келсе, ол Омар болар еді»[1] деген.

  • Қара қылды қақ жарған әділетті  хазірет Омар

    Хазірет Омар (р.а.) хазірет Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) іргесін қалаған Ислам мемлекетін ғылыми негізде құрған. Бұл қасиетімен де көп іске бастама бола білген.

  • Хазірет Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһу) - 2

    Әбу Бәкірдің (р.анһу) өмірінің ең керемет кезеңі Пайғамбарымызбен (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) һижрет сапарына бірге аттанған кезеңі болса керек.

  • Хазірет Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһу) - 1

    Әбу Бәкір радиаллаһу анһу атақты Піл оқиғасынан екі жыл алты айдан соң дүниеге келген. Толық аты-жөні: Аблуллаһ ибн Осман ибн Амир ибн Амр ибн Каъб ибн Саъд ибн Мурра Тайми.

  • Имам Матуриди

    “Ханафи” мектебінде ер жетіп білім алған, оны терең меңгеріп ары қарай дамытқан имам Матуриди рахимаһулла, “Аһлу сунна уа жамағаттың” көрнекті екі имамының бірі болған.

  • Абу Ханифаның озық шәкірттері

    Имам Ағзам Абу Ханифаның көрнекті шәкірті, Ханафи мазһабының үлкен мужтаһид ғалымы Абу Юсуф Яаъқуб ибн Ибраһим рахимаһулла 731 ж. Куфа қаласында дүниеге келген.

  • Абу Ханифа

    “Аһли сунна уал- жамағаның” үлкен имамы, Ханафи мазхабының негізін салушы бай білімімен және көркем мінезімен танымал болған.

  • Ибн Мәжа

    Мәжаның ұлы деп танылған үлкен мухаддистің (хадис ғалымы) толық аты-жөні Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Язид Рәбәъи 824 жылы Парсы шығанағының солтүстігінде орналасқан Қазуин қаласында дүниеге келген.

  • Әбу Хұрайра және хадис

    Хадис ілімінен азды-көпті хабары барлардың бәрі сахабалардың арасында хадис риуаяты мәселесінде хазірет Әбу Хұрайраның (радиалаһу анһу) орны ерекше екенін біледі.