Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Иман негіздері

  • Пайғамбар екеніңді дәлелде!

    Әбу Бәкірдің (р.а.) Ислам дінін еш бүкпесіз қабылдауына бірнеше жайт түрткі болған. Соның бірі мына оқиға. Ислам діні келгенге дейін қысы-жазы саудамен айналысатын Әбу Бәкір көбінесе Шамға баратын. Бір сапарда таңға жуық таңғажайып түс көрді. Түсінде аспандағы ай келіп оның құшағына тығылыпты. Әбу Бәкір айды қос қолдай құшақтап көкірегіне қысқан екен. Тәтті сезім құшағында жатып ояна кетсе, түсі болып шығады. Дереу сол маңайдағы Ямлиха атты танымал монахқа барып түсін жорытты. Монах әуелі: – Қай жақтан боласың? – деп сұрады. Әбу Бәкір: – Хижаз аймағынан,– деп жауап берді.

  • Құлшылық құндылығы

    Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да қатысқан «Затур-Риқа» соғысында шайпауыздығына басып, ерінен қалыспай соғысқа келген бір мүшрік әйелді мұсылмандардың біреуі жер құштырды. Әйелін кімнің өлтіргенін жазбай танып қалған күйеуі, сол мұсылманды өлтірмей тынбайтындығын айтып, өз-өзіне іштей ант берді. Соғыс біткеннен кейін де мұсылман жасағының қай жерге тоқтайтынын байқамақ болып, іздерін қуалай жүріп отырды. Алла елшісі сол түнгі қонатын жерді белгілеп: – Осы түні бізді қорғап күзетте кім тұрады? – деп сұрағанда, мұһажир мен әнсардан екі кісі суырыла алға шықты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: – Онда мына сайдың шыға берісінде тұрыңдар, – деп күзет үшін оңтайлы орынды көрсетті.

  • Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да қатысқан «Затур-Риқа» соғысында шайпауыздығына басып, ерінен қалыспай соғысқа келген бір мүшрік әйелді мұсылмандардың біреуі жер құштырды. Әйелін кімнің өлтіргенін жазбай танып қалған күйеуі, сол мұсылманды өлтірмей тынбайтындығын айтып, өз-өзіне іштей ант берді. Соғыс біткеннен кейін де мұсылман жасағының қай жерге тоқтайтынын байқамақ болып, іздерін қуалай жүріп отырды. Алла елшісі сол түнгі қонатын жерді белгілеп: – Осы түні бізді қорғап күзетте кім тұрады? – деп сұрағанда, мұһажир мен әнсардан екі кісі суырыла алға шықты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: – Онда мына сайдың шыға берісінде тұрыңдар, – деп күзет үшін оңтайлы орынды көрсетті.

  • Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да қатысқан «Затур-Риқа» соғысында шайпауыздығына басып, ерінен қалыспай соғысқа келген бір мүшрік әйелді мұсылмандардың біреуі жер құштырды. Әйелін кімнің өлтіргенін жазбай танып қалған күйеуі, сол мұсылманды өлтірмей тынбайтындығын айтып, өз-өзіне іштей ант берді. Соғыс біткеннен кейін де мұсылман жасағының қай жерге тоқтайтынын байқамақ болып, іздерін қуалай жүріп отырды. Алла елшісі сол түнгі қонатын жерді белгілеп: – Осы түні бізді қорғап күзетте кім тұрады? – деп сұрағанда, мұһажир мен әнсардан екі кісі суырыла алға шықты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: – Онда мына сайдың шыға берісінде тұрыңдар, – деп күзет үшін оңтайлы орынды көрсетті.

  • Зекет – байлықтың қорғаны

    Хасан әңгімелеуде: Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзін қоршай отырған сахабаларға: «Зекет – қолдағы мал мен байлықтың қорғаушысы, сақтаушысы», – деді. Дәл осы мезет бір христиан саудагер де айтылғандарға құлақ салып тыңдап отырды. Пайғамбар сөзін айтып бітірер-бітірмес әлгі христиан барған бойы малының зекетін берді.

  • Сиқыршылар мен перғауын

    Мұса пайғамбардың халықты бір ғана Аллаға илануға бағыттайтын тәухид сеніміне үгіттеуі нәтижесінде перғауын балқып-шалқып отырған қазіргі мына сән-салтанатымнан айрылып, жер сипап қалармын деп қорықты. Қайтсе де Мұсаны (а.с.) тұқыртып, осының алдын алу мақсатында алыс-жақын елдегі бүкіл сиқыршыларды ордасына шақыртқан перғауын оларды Мұсамен (а.с.) жарыстырмақ болды. Келген сиқыршылар: – Ей, Мұса! Қолыңдағы аса таяғыңды алдымен сен лақтырасың ба әлде біз лақтырайық па? – деп Мұсаға деген ілтипаттарын білдірді.

  • Отқа күймеген пайғамбар

    Ибраһим (а.с.) пайғамбар ретінде жіберілген кезде, ел ішінде пұтқа табынушылық кең етек алды. Ибраһим пайғамбар пұттардың ес-түссіз, жай ғана мелшиген меңіреу тастар екендігін, Жаратушы бола алмайтындығын қанша түсіндіріп айтса да, оларды көндіре қою аса қиын шаруа еді. Өйткені олар ылғи да қарсы дау айтудан жалықпайтын. Сондықтан да болар Ибраһим (а.с.) олардың саналарына сәуле бітіріп, шел басқан көңілдерін ояту мақсатында ғибратты бір іс істеуді ұйғарды. Бір күні қала халқы түгелімен мереке қарсаңында қаланың сыртына шықты. Қағбаға кірген Ибраһим (а.с.) пұт атаулының бәрін қиратып, балтаны сол жердегі ең үлкен бір пұттың мойнына іліп қойды.

  • Мәрттік

  • Табиғат, табиғат заңдылықтары, себептер тіршіліктің түп иесі не жаратушысы бола алмайды

    Заңдылықтар мен себептер материямен тығыз байланысты, сондықтан оларды материядан бөлек қарастыра алмаймыз.

  • Табиғат, табиғат заңдылықтары мен себептер неліктен жаратылған?

    Аллаһ тағала материялық әлемді жаратқан кезде, бұл әлемнің ажырамас бөлігі болып саналатын – табиғат заңдылықтары мен себептерін де қоса жаратқан.

  • Себептер, табиғат және «өздігінен бар болу»

    Егер бір нәрсенің бар болуы қажеттілік болса, онда оның жоқ болуы мүмкін емес. Оның үстіне бар болуы зәру нәрседен өзгенің болуы тек ықтималға жатады.

  • Алла тағаланың хақ екеніне қатысты жалпы дәлелдер

    Барды дәлелдеу – жоқты дәлелдеуге қарағанда жеңіл. Алманың бар екенін дәлелдеу үшін бір ғана алманы көрсету жеткілікті.

  • Ардақты Пайғамбардың хаты

    Дыхиятул-Кәлби (р.а.) әңгімелеуде: Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған бір хат беріп Византия патшасы Қайсарға жіберді. Патшаға барып хатты бергенімде қасында қызыл шырайлы, көк көзді, бұйра шашты жиені бар еді. Хаттың басы «Алланың елшісі Мұхаммедтен гректердің қожайыны Гераклийге» деп басталатын. Жиені осы сөзді оқи сала терең бір тыныстады да «бұл хатты оқуға болмайды» деп бір-ақ түйді. Қайсар бұның себебін сұрады. Жиені: «Бұл хатты жазған адам алдымен өз атын жазыпты да сені екінші орынға қойыпты, сөйтіпті де сені патша демей жай ғана қожайын деп көрсетіпті» деді. Патша қарсылық білдіріп, міндетті түрде оқуын бұйырды.

  • Куәгер

    Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалары-мен отырған бір сәтінде өз-өзінен сәл-пәл жымиып: – Неге күлімсіредім, білесіздер ме? – деп сұрады. Сахабалары «Жоқ» дегенде, Пайғамбарымыз: – (О дүниеде есеп берілгенде) Құл шыр-пыры шыға өз-өзін ақтамақ болады, іле-шала Алла тағаламен арада мынадай бір әңгіме өрбиді мен соған еріксіз жымидым: Құл: – Сен мені тіршілігімде қиянаттан қорғамадың ғой? – деп сұрайды.

  • Екі қыздың оразасы

    Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады: – Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім де ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: – Уа, Расулалла! Екі қызым да күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.

  • Ең қарапайым нәрселерге көрсетілетін қамқорлық

    Ағаштың құрамындағы целлюлоза мен лигниннің қызметі ауқымды. Әртүрлі өндіріс шикізаттарында қолданылатын целлюлоза қағаз өндірісінде де маңызды рөл атқарады.

  • Тіршіліктегі өлім мен тірілу және ақырет

    Жер бетінде болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып, қоршаған ортамыздың, бар жаратылыстың тіріліп құлпыра түсетінін көреміз.

  • Шексіз құдірет – ақыреттің дәлелі

    Адам жүзіне қуаныш ұялайтын немесе өкініштен жүзі қап-қара болып түнеріп күңіренетін махшар күні, яғни адамдардың қайта тіріліп, есеп беретін күннің болатынына Аллаһ Тағала Құранда уәде береді.

  • Сақталу мен қорғау да ақырет дәлелі

    Осы әлемде өте тамаша бір сақталу құбылысы бар. Адамның мәні сперма атты жасушада сақталады.

  • Жаратылыстағы үйлесімділік пен ақырет

    Ғалам мен адам арасында өте тығыз бір байланыстың бар екені анық. Бұл байланыс қос тіршіліктің екеуінің де жаратушысы бір екенін дәлелдейді.

  • Мәңгілік сұлулық және ақырет

    Көктем мезгілінде құстардың әсем ән салып, сайрауы мен судың сылдырап аққан ағысын тыңдайық.

  • Жаратушының шексіз жомарттығы және ақырет

    Егер қажеттіліктеріміз Аллаһ Тағаланың бізге деген қамқорлығының арқасында өтелмесе, барымызды салсақ та қол жеткізе алмаймыз.

  • Аллаһ Тағаланың шексіз ұлылығы ақыретті талап етеді

    Ол нығметтеріне өзгелердің араласқанын қаламайтыны секілді, нығметтері үшін айтылатын рахметтердің де басқаларға арналғанын хош көрмейді.

  • Мейірімділік те ақыретті талап етеді

    Ғаламда бір ізгілікпен мейірімділіктің бар екенін айдан анық байқаймыз. Мейірімділік – жанашырлық сезімі.

  • Аллаһ Тағаланың Кәрім, Рахим есімдері және ақырет

    Ғаламдағы ең әлсіз, ең нәзік жаратылыстарға өте жақсы жанашырлық және жақсы күтім жасалады.

  • Құран Кәрімнің хашрді дәлелдеу әдістері

    Қиямет қайымның болатынына ешкімнің шүбәсі жоқ. Тіпті, қазіргі ғылымның барлық саласы бұл мәселені мо-йындауда ауызбірлік танытып отыр.

  • Сенім жемісі және Хашр 2-бөлім

    Пайғамбарлар Пайғамбары (с.а.у.) ақтық сәтінде Хазіреті Айшаның алақанынан қолын тартып: «Аллаһым, ендігі жерде о дүниені қалаймын»[7] – дейді. Ал бір күн бұрын Оның (с.а.у.) былай дегені бар еді: «Аллаһ құлының еркіне қалағанынша бұл дүние нығметтері мен Өзінің қасында бар нәрселердің арасында таңдау құқығын берді. Құл Аллаһтың қасындағы игіліктерді таңдады»[8].

  • Қайта тірілу ...

    Махшәр – адам баласының әрі рухымен, әрі тәнімен тірілетін жері. Құран Кәрім осы тақырыпты баяндаған кезде жеке-жеке көріністермен бізге осылай суреттейді.

  • Сенім жемісі және Хашр

    Аллаһқа иман етуден кейінгі адамзат баласының бақытты ғұмыр кешуі ақыретке иман етуге тікелей байланысты.