Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Мақалалар > Адам және ғалам > Көркем сарайдың иесі

Көркем сарайдың иесі

2015-10-01 1978

Гауһар тастардан салынып жатқан ғажайып бір сарайды көрдіңіз делік. Оның құрылысына жұмсалған маржан тастардың бір бөлігі тек Қытайдан ғана табылады. Сол секілді Үндістаннан, кей біреуі Европадан, ал енді бірі Австралиядан ғана табылады. Құрылыс кезінде гауһар тастар шығыс пен батыстан, оңтүстік пен солтүстіктен әпсәтте ағылып келіп жатқанын да көрдіңіз делік. Осы жағдайда сарайды салып жатқан шебер жер бетіне үкімін жүргізе алатын құдыретті бір Патша екеніне күмәніңіз қалмас сірә.

 

Сол секілді әрбір тіршілік иесі – иләһи бір сарай. Әсіресе адам баласы бұл сарайлардың ең ғажайыбы және ең көркемі. Бұл адам деген керемет сарайдың құрылысына жұмсалған «гаухар тастардың» бір бөлігі рухтар әлемінен, енді бірі Лаухы Махфуздан[1] тағы бір бөлігі материя әлемінен келген.Сонымен қатар пенденің қажеттіліктері шексіз. Оған қарамастан жер мен көкті толтырардай үміті зор. Ол дүние мен ақыретке тікелей байланысты таңғажайып сарай.

 

Міне адамның болмысы осындай жаратылыс. Демек бұндай жаратылысты жасау дүние мен ақыретті бір астауға салып, жер мен көкті бір тарының қауызына сиғызатын, әзәл[2] мен әбәдтқа [3] кеше мен ертең үкімінде қарайтын Ұлы Заттың ғана қолынан келеді. Олай болса адамның сиынатыны, арқа сүйейтіні мен құтқарушысы жер мен көкке, дүние мен ақыретке әмірін жүргізетін Ұлы Зат болмақ.

 

www.akikat.kz

 


[1] Бүкіл жаратылыстың тағдыры жазылған тақта атауы.

[2] Бастауы жоқ.

[3] Соңы жоқ.



Оқи отырыңыз