Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Мақалалар > Ақида және ғибадат > Имам Матуриди көзқарасында «Ақыретке иманның тосқауылдары»

Имам Матуриди көзқарасында «Ақыретке иманның тосқауылдары»

2015-09-11 2493

Ислам дінінің маңызды бір негізі саналатын «Ақыретке иман», Ағарту дәуірінен[1] бастап материялисттік және зайырлылық түсінік тарапынан мойындалмағандықтан, басқа дін өкілдерінде[2] де, Мүсылмандарда да әлсіреп кетті. Қазіргі таңда, «ғылыми білім» - өмір мен жаратылыстың құнын өлшеуде жалғыз критерия. Бұл жағдай адамдардың ішкі дүние тыныштығын бұзғанымен бірге, адамдарды ақыретке сенуден алыстатып, адами қарым – қатынастарды дүниеге тәуелдендірген, күнәлі істердің көбеюіне, жақсы істердің азаюына себеп болды. Құран Кәрімнің шамамен үштен бірі “Ақыретке” байланысты мәселе қозғағанына қарамастан, Мұсылмандар, иманға және өмірге тереңдік қосатын тыныштық пен құндылық қайнар бұлағынан мақұрым қалды. Ақыретке иман етуге шақырып, құндылықтардың соған қарай өлшенуін үгіттеген Құран Кәрімнің баяндары алдында  Мұсылмандар ақырет үшін қайғыланудың орнына, дүниеге бет бұрып, ақыретке деген имандары әлсіреп, адами қасиеттерін жоғалта бастады.

 

Ислами принциптерді аят пен хадистер аясында белгілеп, рационалды білімдерге негіздейтін Каләм ілімінің (Ақида) міндеттерінің бірі - иман ақиқаттарын мойындауды тосқауылдайтын басты факторларды анықтап, мұсылмандарға білдіру. Бұл мәселеде нақылмен[3] ақылдың арасын теңгеруші әдіс дамытқан, Сунни[4] ақида ілімі және дирая[5] тәпсіршісінің бірі болған Абу Мансур әл-Матуридидің пікірлері өте маңызды. “Бақи әлеміне иман етуде тосқауыл болатын себептерді” тақырып етіп алған зерттеуімізде негізгі қайнаркөз Абу Мансур әл-Матуридидің “Тауилату аһли сунна”[6] атты еңбегі және осы кітапқа шарх (түсіндерме) болып жазылған Алауддин Самарқандидың “Шарху Тауилат”[7] атты еңбегі болмақ.

 

Имам Матуриди көзқарасында Ақыретке иман етуде тосқауыл болатын себептер:

1) Алланы мойындамау

2) Білімнің өз орнына қолданылмауы. Ислам дінінде мағлұмат қайнары үшеу: мутауатир (сенімді) хабар, сезім мүшелері және ақыл. Бұларға жүгінбеу адамды имансыздыққа апарады.

3) Алдыңғы ұрпақтың артынан еру.

4) Тәкаппарлық.

5) Дүниелік нығметтердің шырмауына түсу[8].

 

1) Алланы мойындамау

Бір Құдайға сену жанама түрде ақырет өмірін де қабылдау деген мағынаны білдіреді. Ежелден бері, бір Құдайды мойындаған ұлттардың барлығы ақырет әлеміне сенгендігі зерттеулер нәтижесінде белгілі болған шындық[9]. Әсіресе Илаһи діндердің әрі ауызша әрі жазбаша салттарында ақыретке сенім анық байқалады[10].

Имам Матуриди «Аллаға иман етпеуді» ақыретке иманның ең басты кедергісі деп санаған. Расында да қазіргі таңда, «Жаратушыны мойындау - бүкіл нәрсені түсіндіре алатын нақты ақиқат» ретінде қабылдануда[11]. Тіпті бір Жаратушы қабылданбаған жағдайда бақи әлемнің бар екенін ойлау үшін сүйенерлік негіздің қалмағаны айтылуда[12].

Жүрекпен мақұлдау иманның негізі болса, бұның жүзеге асуы білімге байланысты. Ал сезу мен ойлауға негізделген білім нақтылықтан дерексізге өте алады. Жиналған мағлұматтың арқасында, жүрекпен мақұлдау деп саналатын иман ақырет білімінің қайнары болады. Өйткені бұл дүние ақыреттің ишарасы және дәлелі. Бұл дәлелді жүрегінде иманы барлар ғана ұғына алады.[13]

 

Имам Матуридидың айтуынша ақиқатты түсінуде иманның орны өте зор. Бір нәрсені көріп түсіну үшін көру қабілті және жарық керек. Екеуі де болған жағдайда ғана көру процессі жүзеге асады. Егер екеуінің біреуі болмаса адам көре алмайды. Осы мысалдағыдай, ақиқаттың білінуі үшін екі нұрға қажеттілік бар. Біріншісі - жүрек нұры, яғни иман. Ал екіншісі - сезім мүшелерінің функциясы. Егер бұлардың біреуі кем болса шындық толық мойындалмайды. Мойындамаушылық жүрекке кіріп, оның нұрын перделегеп көлегейлеген кезде сезім мүшелері сау болсада ақиқатқа қол жетпейді. Ақиқаттың белгілі болуында және оның жалғаннан ажыратылуында иманның керек екені анық. Сондықтан иман болмаған жағдайда ақыретке ишарат ететін жаратылыстағы (кәуни) және Құрандағы (нақли) дәлелдер мағынасыз болып көрінеді.[14]

 

Иманнан мақрұм қалған кәпір, Құран Кәрімде суреттелген жазаларды әжуалап, қашан азап көретіндерін сұрайды. Ал мүмін болса, иманына сәйкес, азаптың шындық екенін мойындап, оны қорқу сезімі ішінде ғибратпен тыңдайды. Бұл екі жағдай иман етудің аяттарды түсінуде қаншалықты ықпалы болғанын көрсетеді.[15]

 

2) Білім көздерін өз орнына қолданбау

Ақыретке сенім мәселесінде тағы да бір тосқауыл - шайтанның адамға Алла Тағаланы ұмыттыруы және Одан алыстатуы. Яғни өлімнен кейінгі ақиқаттар жайлы айтылған хабарлардың дұрыс емес екендігіне, өмірдің тек ғана бұл дүниеде болатынына және қолдан келгенше мал-дүниеге берілу керектігіне[16] нандырып, адамның ақырет туралы дұрыс ойлауына кедергі жасайды[17].


Адамдардың ақырет өмірінен ғапыл болулары сезім мен мағлұматтарды дұрыс тұжырымдамауларынан туындайды.[18] Бүгінгі қоғамда ақырет сенімінен мақрұм тіршілік иелері кең таралғандықтан, ақыретті білмеу адамдардың әдеттегі сипаты болып қалды. Адамдардың көбісі қысқа мерзімде қол жеткізе алатын пайданы ойлап нәпсінің артынан ереді, ал терең әрі жүйелі ойлаудын арқасында келетін білімнен аулақ болып, теріс түсінікпен өмір сүруде. Мысалы су жайлы ойланып барлық нәрсенің консистенциясында судың бар екенін біле алмайды. Мұндай адамдар әлемдегі хикметтерді білмегендіктен, дүниелік өмірдің ғана көзқарасымен шектеліп, жаралумен өлімнің мағынасын ашатын ақырет сенімінен мақрұм. «Жүректерге мөр басылуының себебі де, адамдардың осы мағлұмат жолдарында ой жүгіртпеуді әдетке айналдыруларында. Мағлұматты дұрыс пайдаланбағандарын тозақта мойындаулары[19] осының бір дәлелі».[20]


Матуриди жаман, жағымсыз қалаулардың тұтқындары мүміндерді адастыруды қалайтындарын[21] ишарат ететін аяттарға сүйене отырып, нәпсінің құлы болуларының себебі: «Алладан өздеріне бір үгіттің келмеуі емес, өлім жайлы терең ой жүгіртуді тәрк етулері»,- деп тұжырымдайды. Осыған байланысты Хазіреті Омардың «Адамды Раббысы алдында алдайтын нәрсе ақымақтық»,- деген сөзін келтіреді. Ақыретті ойланырмайтын нәрсе - армандаған дүниелік мансап немесе жолдан тайдырған материялды мүмкіндіктер[22]. Егер адамдар білімдерін қолданып, тереңірек ой жүгіртуге өздерін мәжбүрлегенде бұлайша мойындамаушылыққа түспес еді[23].

 

Адамның, өзінің жаратылғанын ұмытып, шіріген сүйектердің қалайша тірілетіні туралы сұрақ сұрауына Құран Кәрім таңғалады.[24] Имам Матуриди адамдардың бұл сұрақты сұрауы Алланың құдіретінен ғапыл қалғандықтан деп тұжырымдайды. Адамдардың қайтадан топыраққа оралатындарын Алла Тағала айтқан.[25] Адам ойланғанда, зигота[26] халінен бастап өліміне дейінгі бүкіл сатыларды және өзгерістерді құдіретімен жаратқан Алла Тағала үшін адамдарды қайтадан жаратудың қаншалықты оңай екенін түсіне алатын еді.[27] Алла Тағаланың қаншалықты оңай жарататынын түсіну үшін “кәф” және “нун” әріпінен құралған “Кун” (арапша), яғни “бол” сөзін қолданып жаратты деп айтамыз. Алайда бұл екі әріп әлі қосылмай жатып Алла Тағала жоқтан бар ететін жарату күшіне ие[28].

 

Адамдардың соқыр сезімдерінде көктер, таулар және жер әрдайым бар болады деген ой қалыптасқан. Адамды осы пікірге итермелейтін фактор - аталғандардан басқа нәрселердің қалайда жоқ болып кетулері. Адам баласы осы көріністен өзін фәни екенін түсінеді, ал көктерді, тауларды және жерді мәңгі қалады деп ойлағандықтан ақырет өмірі ұғымынан алыстайды. Алайда Алла Тағала жазу жазылған парақтардың шиыршықталып бүктелгеніндей аспанның бүктелетін күніне ой жүгіртуді[29], күндердің күнінде жер басқа жерге, көк те басқа көкке айналатынын[30] , аспан шатынап жарылатынын[31], таулар болса, түрлі­түсті түтілген жүндей болатынын[32], таулардың қиямет күні шаң-тозаңға айналатынын[33], жаратылыс атаулыны әу баста қалай (жоқтан) жаратқан болсақ, оларды (ақиреттегі мәңгілік өмір үшін) дәл солай қайтадан жаратылатыны[34] жайлы хабар берген аяттар көктердің, таулардың және жердің әрдайым “бар болып тұрады деген” пікірді жоққа шығарады[35].

 

3) Тәкаппарлық

Тәкаппарлық – адамның рухани қадірі жоқ нәрселерге алданып, солармен өзін жұбату[36] деген мағынаны білдіретін этикалық термин[37]. Өр көкіректік пен тәкаппарлық шайтанның Адамға (алейхйссалям) сәжде жасауына кедергі болғаны сияқты[38] , адамның да ақиқатты мойындауына ең үлкен тосқауыл.


Имам Матуридидің айтуы бойынша тәкаппарлық - Құран Кәрімде ақыретке ишарат ететін аяттарды түсінуге және соған иман етуге кедергі. Өйткені тәкаппарлық ақылды қолданудан алыстатып қырсықтық мінезге мінуіне себеп болуда, шындықты табу үшін жасалатын «тафаккурды» ұмыттыруда. Имам Матуриди осы қырсықтық мінез және тәкаппарлық олардың болмысына сіңгенін айта отырып, оларға көк қақпалары ашылсада өздерін сиқырландық деп ойлап[39] бақи әлемі жөніндегі сүйіншілер мен ескертулер олардың жоққа шығаруын және мойындамауларын арттырғанын айтады[40].

Құран Кәрім ақыретті мойындамайтындарды тәкаппарлықпен бірлестіре сипаттайды. Хазірет Мусаның (алейхиссәләм) ақыретке иман етпеген әр-бір тәкаппардан Аллаға сиынуы[41] осыны көрсетуде[42].

 

Ақыретті мойындамағандардың немқұрайлылығы психологиялық себептердің бірі: осы дүниеде өздеріне берілген мүмкіндіктердің (мәртебе, байлық, күш т.б.) мәңгі әлемде де беріледі деп ойлағандықтан ақыретке байланысты ескертулерді елемейді. «Егер хазірет Мухаммед Алланың елшісі болғанда қиыншылық басына төнбейтін еді. Алла назарында біз одан артықпыз. Өйткені біз кеңшілік ішіндеміз және шексіз нығметтерге иеміз», – деген. Олар: «Бұл дүниеде берілген зат ол жерде де берілуге тиіс»,- деп ойлайтын. Аллаға қайтарылғанда, бұл дүниедегіден де артық нығметке бөленетіндеріне сенетін[43]. Бұған қоса, пайғамбарлықтың оларға берілмеуі де мойындамау себептерінің бірі. Осындай түсінік ақыреттке мән бермеушілік туғызды. Тіпті кітаптың өздеріне берілуін де қатты қалайтын. Имам Матуриди Шайтанның оттан жаратылу себебімен тәкаппарланып адамға сәжде жасаудан бастартқаны[44] секілді Меккелік мүшріктер өздерінің нығметке бөленгенін, ал хазірет Пайғамбарды және Мұсылмандарды оларға мұқтаж деп ойлағандықтан оларды кемсітетін. Тіпті азаппен қорқытқан кезінде “онда сол азабыңды көрсет” - деп тәкаппарланған.[45] Мүшріктер «бұл дүниеде бақытты, бай және күш иесі болғандар Алланың сүйікті құлдары»,- деп ойлаған. Ал құлдар, пақырлар және әлсіздер болса, Алланың ғазабына ұшыраған, оның сүймейтін құлдары және олар жазаларын тартуда[46]. Тура осы түсінік хазірет Мұса заманында өмір сүрген Перғауындарда болған. Перғауындар бір пайғамбар келу керек болса онда осы мемлекетті басқарып отырғанға берілетін еді – деп Пайғамбарға қарсы шыққан[47]. Алайда олар дүниеде берілген қандайда бір нығметтің сынақ екенін түсінбейтін.

 

4) Тақлид (соқыр сенім)

Көптеген мәселеде орын алғанындай ақыретті теріске шығаруда да ең маңызды саналған себептердің бірі: ақиқатты үйренуде өзінің ерік-жігерін қолданбау, зерттемеу, ақ-қарасына қарамай бұрынғылардың жолымен жүре беру. Құран Кәрім бұндай санасыз, соқыр сенімдегі адамдарға арттарынан ергендердің қателесуі мүмкін екенін ескертіп айыптайды[48].

 

Ақылдың әлсіздігі деп есептелетін фанатизмның екінші беті де Имам Матуридидің айтуынша зерттеу, зер салуды қажет етпейтін тақлид[49]. Имам Матуриди Ақида жүйесін құрғанда тақлиттен алыстап назар салып және ақыл жүгіртіп шынайы иманға жетуді Кәләм ілімінің негізгі қағидаларының бірі ретінде қабылдаған[50].

 

Меккелік мүшріктердің пұттардан шапағат күтулері олардың ақыретке сенгендерін көрсетуі мүмкін. Бірақ олар ақыртке еш иман етпейтін[51]. Имам Матуриди: «Мекке қалқының бұрыннан кележатқан сенімдері оларды ақыретке сенуден алыстатты»,- дейді. Оның пікірінше хазірет Пайғамбардың келген уақытында Мекке халқы екі түрлі әлемге сенетін[52]. Біріншісі; әлемнің бұрыннан бар екенін айтып яғни жаратылмағанын айтып Даһрия[53] ағымымен бірдей пікірді бөліскендер. Ал екіншісі; әлемнің жаратылғанына сеніп бірақ өлімнен кейін өмірді мойындамағандар. Мекке халқы саналарына сіңген осы түсініктің себебінен өлгеннен кейін қайта тірілуді өте ұзақ әрі таңқаларлық адам сенбейтін оқиға ретінде қабылдаған. Тақлид және фанатизм оларды топырыққа айналған сүйектердің қайта тірілуін мазақ ретінде көрген[54].

 

Имам Матуридидың пікірінше; мұсылман мен кәпірдің Ақырет күніне немқұрайлы болуы бірдей емес. Кәпірлердің Ақырет әлемін мойындамау себебі қырсықтық, егжей-тегжейіне бармай тез үкім шығару және өзгермейтін қатып-сенген көзқараста болулары. «Күллі аспан әлемі мен жерді кім жаратты?», – деп сұрасаң, онда олар шүбәсіз; «Алла» – деп айтады да[55], соған қоса Алла үшін жермен көктің жаратылуынан әлде қайда оңай болған адамның қайта жаратылуын мойындамаулары олардың тек қана қырсықтықта екенін көрсетуде. Ал мұсылмандарға келер болсақ бақи әлемді жоқ сияқты елестетіп әрекет етулері болса – ғапылдықтан, дүниеқұмарлықтан және шәхуаттық сезімдерді жеңе алмауынан[56]. Бұл шырғалаңның себебі де адамдардың тәуба жасауды кешіктірулері және жасалған әр–бір іске жауап бермейтіндей күнәні жалғастырулары[57].

 

Осылайша имам Матуриди илаһи ескертулерге және пайғамбарлардың жеткізген хабарларын мойындамаудың себебі де аталарының артынан көзсіз ерулерідеп кетулерін айтады. Жеткізген хабарының дұрыс екеніне әрі оның шынында расул екеніне сенбеу, қайшылықтың басы болады – деп есептейді[58].


Ақыретті мойындамаған адамның ойынша; дүние нығметтерінен пайдалану және түрлі қиыншылыққа душар болу, иман етпеген адам мен иман еткен адам үшін бірдей нәрселер эдеп қарады. әр адамның басына келетін өлімнің кәпірдің басына келуі, ол үшін жан-түршігерлік азап екені анық. Өйткені ол өлімнің, мәңгілік өмірдің хикметін сезбегендіктен көз жұмады да, имансыз кетуіне себеп болады[59].

 

5) Дүние нығметтеріне мастанып тойыну

Мәңгі және өте керемет болған бақи әлемнің барекеніне иман ету адам баласының жаратылысында болатын қасиет бола тұрсада; оған көз жұма қарап алдамшы дүние нығметтерінің тартымдылығына мастанып тойыну ақыретке сенуден бас тартқызуда[60]. Адам баласы егер ақыретке иман ететін болсам қолымдағы түрлі нығметтерден айрылып қаламын деп ойлайды[61].

 

Ақыретке сенім баспайда мәселесіндегі көзқарасты өзгертеді. Адамға нағыз керк пайданы қате түсіну адамды ақыретке иман етуден алыстатады[62]. Имам Матуридидің пікірінше; адам жаратылысында бар болған шаһуаттық сезімдер және шектеусіз нәпсі қалауының нәтижесінде пайда болған іс-әрекеттер уақыт өте келе алдыңғы қатарға шығып, жасап жүрген бүкіл істеріне өз әмірін жүргізе бастайды. Осылайша адам баласы бұл жасап жүрген іс-әрекеттерін қалыпты өлшем деп есептейді. Жасаған істеріне тек бұл дүниеден ғана қарымын күткендіктен мүдделерін жалғыз мақсатына келтіреді. Өз сенімдерімен өмір сүріп өзінен бұрын дүние салған аталары ешқандай азапқа душар болмаған деп есептейді. Өздерінде дәл сондай өмір күтіп тұр деген оймен жәйбірақат жүре береді. Нәтижеде ешқандай қателікті елемегендіктен сол шырғалаң шеңбердің ішінде дағдарып қалады[63]. Имам Матуриди шайтанның, Саба патшайымы Бәлқиске[64] және оның халқына жаман істерді жақсы етіп көрсетуі ақырет тұрғысында адамдардың шырғалаң шеңберіне түсулерін мысал ретінде айтуға болады[65].

 

Имам Матуриди; дүние мүліктің көбеюі басқа нәрселермен айналыстырып жіберетінін, соңында ақыретті ұмыттыратыны тұрғысында Қарунның оқиғасына назар аудартады. Ақырет үшін пайдасына қолдануға берілген дүние-мүлік Қарун үшін ақытетті ұмытуына себеп болған. Қолындағы дүниесі оған ақыретті ойлауға мұрша бермеді. Сондай ақ, бұл дүниеде мәңгі қалатындай дүние жинап бай болу мақсаты да адам баласын ақыретті ойлаудан тосады[66].

 

Имам Матуриди; Даһрия ағымынан басқа ағымдармен кездеспеген Араб мүшріктерінің ақыретке сенбеулеріндегі психологиялық жағдайды былай түсіндіреді: Олардың көсемдері өз қарамағындағы адамдардың өздеріне деген шынайы қызметін арттыру мақсатында Даһрия ағымының пікірін қолдап осы дүние өмірімен алданған. Олар өз қарамағындағыларды құл ретінде санайды. Ал ақыретке сенетін болса онда әлгі қызметшілері ақырет өміріне қамданып қожайындарының қызметін ақсатып қоюы мүмкін деп ойлайды. Бұның себебінен олар қолдағы байлықтарынан және абыройларынан айрылатын еді. Сондықтан олар – бұл дүниелік зарардан қашып ақыретке сенбей бізді тек өлтіретін нәрсе - уақыт деген пікірді ұстанған[67].

 

Өмірдің тек осы дүниеден ғана тұратынын дәріптейтін адамдар өлімнен кейінгі кезден күтетіні, нағыз арманы өз ұрпағынан көп адам қалып аттарының өшпеуі ғана. Олар артта қалдырған ұрпағынан өздеріне пайда келетініне сенеді[68]. Имам Матуриди; жақсы, салих адамдардың дүниеден өткеннен кейін жақсылықта есімі айтылғандай олардың есімі жақсылықта мүлде айтылмайтынын алға тартады[69].

 

Ақыретті мойындамайтын адамдар бұл дүниеде балаларының, малдарының көптігінен күш-қуат алғанындай өлімнен кейін де осылар оған көмектесетіндей, еш қиындыққа душар болмайтындай сенімде жүреді. Сол себепті Құран аяттарының ескртулерін еш елемейді[70]. Яғни бұл дүниедегі дүние-мүліктері оларды ана дүниеде де күтіп құтқарады дейді. Бірақ Алла Тағала Құран Кәрімде былай айтады: «Күпірлік еткендердің мал-дүниелері де, бала-шағалары да Алланың алдында оларға титтей де пайда бермейді. Міне, солар тозақтың отыны болады»[71].


Имам Матуриди ақыретке сенбейтін кісінің дүниеге көзқарасын былай жеткізеді; бақуатты кісі осы дүниеде жасаған ісінің қарымын алуда, ал жоқшылықта өмір сүрген адам жасаған қателіктерінің жазасын тартуда деп есептейді. Бұл олардың себеп-салдар нәтижесінде белгілі бір сынақтың бар екенін айтатынының көрінісі. Имам Матуриди; оларға бұл дүниеде жасалған қандайда бір істің нәтижесі болатынын еске салып олардың өздерінің сенген пікірлеріне қайшы екендерін баяндайды[72].

   

Қорытынды

Имам Матуриди адам баласының ақыретке сенуіне тосқауыл болатын себептерді баяндау барысында – дүниені, адам психологиясын және қоғамдағы болып жатқан шындықты есепке алған. Имам Матуридидің пікірінше; адамның ақыретке иман етуіне кедергілер оның өз ішінен туындайды деп қарайды. Бұларға:

·     Алланы мойындамау

·     Мағлұматтарды тура жолда қолданбау

·     Өзін жоғары санап өр көкіректікке салыну

·     Соқыр сенімге еру

·     Дүние нығметтерінің қазығына белшеден бату – деп алға тартады.

 

Бұл аталмыш себептерге ой жүгірту - адам бойындағы әлсіздіктерді тануға үйретеді, адамды күмәндардан арылтады, өмірде мән беретін ақыретке сенімді ұялатады. Сондай ақ, адам жаратылысының көрінісі болған ақыретке сенуді тосқауылдайтын себептерді білу және оны болғызбауға күш салу барысы, адам баласы өзін тануы және Мұсылмандар үшін өздерінің күшті иманға кенелуіне де ықпал етеді.

 

www.akikat.kz

 


[1] Ағарту дәуірі – 18-19 ғасырларда Европада дамыған идеялық ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды.

[2] «Nature» жұрналында 1998 жылы жарияланған бір зерттеуде, Америка халқаралық блім академиясында жұмыс жасайтын адамдардың арасында Жаратушына мойындайтын немесе ақыретке сенетндердің саны 7 пайыз адамды құрайды. Толығырақ қараңыз: Edward J. Larson, Larry Witham, Correspondence: Leading scentists stil relect God, Nature, 394 (1998), s. 313.

[3] «Нақыл» - тіл: бізге жеткен хабар. Термин: бізге жеткен илаһи мәтін.

[4] «Әһл әс-Cунна» немесе «Сунни» — Сүннетті мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы сунниттер тобының атауы. Сүннет — шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммедтің с.а.у. іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Әһл әс-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифаны мойындау (Әбу Бәкр, Омар, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Талиб), алты хадистер жиынтығын мойындау (Сахих әл-Бұхари, Сахих Муслим, Сунан Әбу Дәуд, Жамиғ әт-Тирмизи, әс-Сунан әс-Суғра, Сунан Ибн Маджаһ) және негізгі төрт сунни мазһабтың (фиқһ мектебі) біріне тиістілігі (Малики, Ханафи, Ханбали және Шафиғи мазһабы). Әһл әс-Суннаға жататындар Иран мен Ирактан өзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман елдерінің бәрінде басым. Қазақ халқы да Сүннетті мойындаушыларға, яғни Әһл әс-Суннаға жатады.

[5] «Дирая» - зерттеулермен ізденістерге және ой тұжырымдарға негізделіп жазылған кітаптарға айтылады. Ескерту: хадис іліміне тән басқаша анықтамасы бар. Ал “Риуая” – деп бізге жеткен хабарларға, риуаяттарға, нақылдарға негізделген еңбектер түрі.

[6] «Тауилату аһли сунна» атты еңбектің Фатима Юсуф Хайми тарапынан басылған баспа негізге алынуда. Бейрут 2004.

[7] Алауддин ас-Самарқанди ұстазы Абу Муиън Насафидың «Тауилат» кітабына берген түсіндірмелерден қалмға түсіргендері. Сулеймание кітапханасы. Мадина бөлімі 179 номір.

[8] Құран Кәрім тұрғысында ақыретті мойындамағандар және ақыретті мойындамауға итермелейтін себептер тұрғысында мына еңбектен кеңірек көре аласыз. Иенер Өзтүрік, «Имканы ве лузумы ачысындан Құранда ақырет» Станбул 2001, 57-99 бет.

[9] Жағфар Қарадаш, «Ислам дүшінжесінде ақырет инанжы» Сивас 2007, 31 бет.

[10] Туран Коч, «Өлімсізлік дүшінжесі» Станбул 1991, 213-221 бет.

[11] Ричард Свинбурн, «Танры вар мы» Бурса 2001, 17 бет.

[12] Мишел Петерсон және басқалары, «Акыл ве инанч» дін пәлсапасына кіріспе, Станбул 2006, 279 бет.

[13] Ханифи Өзжан, «Имам Матуридидің пікірінде Иман-Ислам-Ихсан және Күпір айылмашылықтары» 202 бет. Ышык «Матрудың кәләм системінде иман, Алла ве Пейгамберлік анлайыш» 53 бет. 

[14] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» Бейрут 2004, III, 187, 252, 253. Алауддин ас-Самарқанди «Шарху тауилат».

[15] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» IV, 155; Алауддин ас-Самарқанди«Шарху тауилат». 618 бет.

[16] Исра сүресі, 64 - а.

[17] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» III, 176; V,

[18] Анкабут сүресі, 7,8 - а.

[19] Мулк сүресі, 10 - а.

[20] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» III, 86, 93, 113, 356, 359, 547, 571; IV, 35, 36, 61, 71-73, 75, 205, 212, 383, 600, 609; V, 192, 193; Алауддин ас-Самарқанди «Шарху тауилат» 502b, 552b, 583b, 591a, 593b, 630b, 632b, 680a, 735b, 737b, 791b, және қараңыз! «Матуридиде дуиу ве даюгу зайыфлыгының һидаете олан негатив еткиси» Рамазан Бешер, «Маридие гөре хидаете енгел олан бешери заафлар ве тезаһурлері».

[21] Ниса сүресі, 27 - а.

[22] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» I, 404; IV, 364; V, 398; Алауддин ас-Самарқанди аталмыш кітап 161б, 674б, 845б.

[23] Мхмед С. Айдын, «Муспед ілім ве Алла» Станбул 1976, 199 бет.

[24] Ясин сүресі, 78-79; Назиъат сүресі, 10-11 - а.

[25] Каф сүресі, 4 - а.

[26] Аталық (сперматозоид) және аналық (овоцит) жасушалардың қосылуынан (ұрықтануынан) пайда болған бір жасушалы ұрық.

[27] Рум сүресі, 27 - а.

[28] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» IV, 214, 215, 322; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 633а, 663б.

[29] Әнбия сүресі, 104 - а.

[30] Ибраһим сүресі, 48 - а.

[31] Инфитар сүресі, 1; Иншиқақ сүресі, 1 – а.

[32] Қориъа сүресі, 5 - а.

[33] Таһа сүресі, 105; Уақиға сүресі, 6 - а.

[34] Әнбия сүресі, 104 - а.

[35] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» III, 349, 350; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 501a.

[36] Ибн Манзур, «Лисанул араб» «г-р» бабы. Рағып әл-Ыспаһани, «әл-Муфрадат» «г-р» бабы. Мустафа Чагрыжы, "Гурур", DİA, XIV, 212-213. 

[37] «Ақылақ ілімі, Тасаууф ілімі, Тазкия ілімі»– бұл атаулар Тасаууф ілімінің балама есімдері.

[38] Бақара сүресі, 34 - а.

[39] Хижр сүресі, 14-15 - а.

[40] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» II, 615; III, 42-43,76, 79, 158, 162, 205; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 407б, 425б, 433б, 434б, 630б.

[41] Ғафир 40/27..

[42] Абу Баракат Насафи, «Мадарику танзил уа хақиқатул тауил» IV, 76. 

[43] Кәһф сүресі, 18/36 – а.

[44] Ағраф 7/12.

[45] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» III, 275, 277; IV, 153, 157, 187, 314, 388, 431, 432, 625; V, 245, 375;Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 481a, 618a, 619a, 626б, 661б, 681a, 692a, 692б, 741a, 741б, 805a, 805б, 839б.

[46] Маулид Гунгөр, «Құран багламында ислам өнжесі Мекке топлымындагы танры ве ақирет инанжы» DAD, VIII, 23 (2005), 23, 27 бет.

[47] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» IV, 438, 439, 475, 554, 555; V, 145, 267, 328, 329. Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап . 694a, 702b, 703a, 724a, 779a, 811a, 827б.

[48] Бақара 170.

[49] Бешер, аталмыш аңбек. 46 бет.

[50] Али Абдул Фаттах Мағриби, «Имаму аһли сунна уа жамаъа Абу Мансур Матуриди уа арауһу каламия» Каир 1985, 79 бет.

[51] Файсал Гуллуже, “Құраны Керимде ақирет инанжының темелдері” Ерзурум 2001, 53-63 бет. Маулид Гунгөр, «Құран багламында ислам өнжесі Мекке топлымындагы танры ве ақирет инанжы DAD, VIII, sy. 23 (2005), s. 27; Исмайл Чалышкан, «Құранда дін каврамы» Анкара 2002, 63 бет.

[52] Исламнан бұрын Арабтардың сенімдері тұрғысында тоығырақ мағлұмат үшін қараңыз! Шамсуддин Гуналтай «Ислам өнжесі араблар ве динлері» Анкара 1997; Маулид Гунгөр, «Құран багламында ислам өнжесі Мекке топлымындагы танры ве ақирет инанжы» DAD, VIII, 23 (2005), 27 бет.

[53] «Даһрия” - Атеист, Ақыретке сенбейтін бізге тек уақыт [дәуір] төреші дейтін пікірдегі адам.

[54] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» , IV, 144; V, 343. Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап . 615a, 831б. Имам Матуридидің пікірінде; Меккеде түскен аятар үш имансыз топты негізге алған. Аталмыш топтар Таухитты, пайғамбарлықты және ақырет күнін жоққа шығарушылар. Басқа жерде Имам Матуриди оларды Даһрия тобымен бір пікірде болғандар,Аллаға серік қосып, таухитке сенседе қайта тірілуге сенбегендер деп бөлген.

[55] Зухруф сүресі, 9 - а.

[56] Имам Матуриди, «Тауилату Аһли Сунна» III, 317; IV, 424, 477, 480, 596, 598, 599; Алауддин ас-Самарқанди. 492, 690, 703, 704, 734, 735, 735.

[57] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» V, 333; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап. 829a. 

[58] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» III, 164, 572; IV, 72, 223, 429, 430; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 559b, 593б, 635a, 691б.

[59] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» IV, 6; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 575 б.

[60] Бекир Топалоғлы, “Ақырет”. DİA, I, 545.

[61] Қуртуби, “әл-Жамиғу ли ахқам Құрану Карим”. Бейрут 1988, VII, 57.

[62] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» , III, 138; III, 193, 605; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 451a, 459a, 570a.

[63] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» III, 551; IV, 374; V, 408, 409; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 552б, 677б, 847б, 848a..

[64] Нәміл сүресі 27/24 - а.

[65] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» III, 559; IV, 171, 345, 434; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 555б, 622б, 669б, 693б.

[66] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» , III, 614, 615; IV, 411; V, 142, 250, 519; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап . 573a, 573б, 687a, 778a, 806б, 871б.

[67] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» II, 109; II, 408; IV, 448, 477; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 247б, 696б, 703б. Мекке қлқынын бұл пікірге итермелеген әрекеттерінің түбінде нигилистік пікір жатыр. Қабірден кейін ешнәрсе болмайды деген нигилистік пікір. Бұл пікір оларды осы дүниеде барынша рақат өмір сүріп қалу керек деген ойға кіліттеген. Тошихико Изутсу; олардың ақылды және қабілеттеріжоғары саудагер болуларына қарамастан ақыретке сенбеулерін осы саудаларының алып келген берекетіне алданып қалғандарын айтуда. Бірақ бұл негізгі себеб емес. Имам Матуридидің айтқанындай: олардың бұл қабілеттеріне қарамастан ақыретке сенулеріне кедергі болған қолындағы нығметтердің жоқ болу пікірі болатын. Қараңыз! Тошихико Изутсу, «Құранда Алла ве инсан» Анкара 1975, 83-84 бет. 

[68] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» III, 402; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 514б.

[69] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» III, 403; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 515a.

[70] Сәбә сүресі, 34/35 - а.

[71] Әли-Имран сүресі, 10 - а.

[72] Имам Матуриди, «Тауилату аһли сунна» V, 196, 452; Алауддин ас-Самарқанди, аталмыш кітап 792b, 857б. 



Оқи отырыңыз