Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Мақалалар > Ақида және ғибадат > Имам Ағзам Әбу Ханифаның ақидалық көзқарастары

Имам Ағзам Әбу Ханифаның ақидалық көзқарастары

2015-07-27 2989

Имам Ағзам Әбу Ханифа хазірет – ақидаға қатысты жазған еңбектерімен Әһли сүннет сенімінің негізін салған ең елеулі ғұламалардың бірі. Хазірет Әбу Ханифаның біздің заманымызға жеткен «әл-Фиқһүл-әкбар», «әл-Фықһүл-әбсат», «әр-Рисала», «әл-Әлим уа әл-Мүтәаллим» және «әл-Уасыйя» атты бес еңбегіндеақидалық мәселелер қарастырылады. Имам Ағзам бұл еңбектерінде ақиданың негізгі өзегін айқындаған, ал одан кейінгі ғалымдар бұл мәселелерді тарқата түсіндіріп, жүйелі тәртіпке келтірген.

 

А) Өмірбаяны

Хижри 80 жылы Куфада дүниеге келген хазірет Әбу Ханифа хижри 150 жылы Бағдатта көз жұмған. «Имам Ағзам» лақабымен танылған хазірет  Әбу Ханифаның шын аты – Нұғман ибн Сәбит. Атасының есімі бір риуаятта – Нұғман ибн Мәрзүбан, басқа бір жерде – Зута ибн Маһ. Мұсылмандар Хорасанды қол астына қаратқан соң аймақтың беделді тұлғаларының қатарында хазірет Әбу Ханифаның атасы да тұтқынға алынады, исламды қабылдаған соң басына азаттық алып, Куфаға қоныстанады. Имам Ағзам хазірет  Әбу Ханифаның атасы да, өз әкесі де хазірет  Әлимен кездескен, әкесі Сәбит хазірет  Әлиден қайырымды ұрпақ сұраған дұғасын алған[1]. Қазіргі Иран, Ауғаныстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның кей аудандарын қамтыған бұрынғы Хорасан аймағында түркі, парсы және күрд секілді түрлі халықтардың өмір сүргендігі себепті[2]хазірет  Әбу Ханифаны әр түрлі ұлтқа жатқызатын риуаяттар бар. Бұл жайды әкесі Сәбиттің Куфадаорнықпай тұрғанда әр түрлі аймақтарда тұрғандығымен немесе үлкен, айтулы ғұлама болған хазірет Әбу Ханифаны әр ұлт өзіне тартатындығымен байланыстыруға болады[3].

Хазірет Әбу Ханифаға заманының ғалымдары арасындааса маңызды тұлға болғаны, жаңа жол салғаны, көптеген ғалымдардың оның жолын ұстанғаны секілді түрлі себептермен «Имам Ағзам» лақабы берілген. Бұған қоса, Ирак халқы «ханифа» деп атайтын жазу құралын үнемі өзімен ала жүретіндігі немесе сөздікте хақ пен ақиқат жолынан айрылмаған деген мағына білдіретін «ханиф» сөзін қолдануына орай «Әбу Ханифа» деп аталған. Хазірет  Имам Ағзамның ұлы Хаммадтан басқа Ханифа есімді қыз баласының болғандығы білінбегендіктен, Әбу Ханифа (Ханифаның әкесі) аты оның шыққан тегі бола алмайды[4]. Бала күнінде Құран Кәрімді жаттап алған Имам Ағзам, Куфа мен Басраның танымал ғалымдарынан қырағат, араб тілі, әдебиет, хадис және фиқһ секілді түрлі дәрістер алып, көптеген шәкірт тәрбиелеген, әсіресе ақида ілімінде беделді тұлғаға айналып, өз заманындағы керітартпа және бидғатшы адамдармен күресіп, Хақ пен ақиқаттың ең басты уәкілі болған[5].

 

Ә) Ақидаға (наным-сенім) қатысты ой-пікірлері 

Иман

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, иман: Алланың бар екеніне, бір екеніне, Одан басқа құдайдың жоқтығына, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, Жәннатқа, Жаһаннамға, қияметке, жақсылық пен жамандыққа, ешбір жанға өз амалын жаратар күштің берілмегендігіне, адамдардың өзі үшін жаратылған нәтижеге және иләһи жазмыштың орындалуына қарай бағыт түзейтіндігіне куәлік ету[6]. Иман:тілмен мақұлдау, жүрекпен растау. Тек қана мақұлдау немесе растау иман болмайды. Өйткені, тек мақұлдау иман болса, барлық мұнафықтың мүмин (иманды) болуы тиіс еді. Егер тек растау иман болғанда, бүкіл кітап иелерінің (християндар мен еврейлер) мүмин болуы керек еді. Ал анығында Ұлы Алла Құранда «Алла екіжүзділердің өтірікші екенін де біледі»[7]және «Біз кітап бергендер осы (пайғамбарды) өз ұлдарын танығандай таниды»[8] дейді[9]. Хазірет  Әбу Ханифа мұнда иманның танымына Жәбірейіл хадисінде аталатын алты негізден тыс, шамасы, Мұғтазиланың «пенде өз іс-әрекетінжаратады» деген пікіріне қарсылық ретінде, «ешкімнің өз амалын жарата алмайтындығына» куәлік етуді де қосқаны байқалады.

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, иман көбеймейді және азаймайды. Өйткені, иманның көбеюікүпірдің азаюы; ал азаюы болса, күпірдің көбеюі деген мағынаға келеді. Бір пенденің бір мезгілде мүмін әрі кәпір болуы мүмкін емес. Мүмин шынбойұсынған, ал кәпір шын мойындамаған адам. Ұлы Алла баянында «Міне, расымен иланғандар осылар»[10] және «Міне, олар расымен кәпір болғандар»[11]дегендіктен, иманда шүбә болмайды. Қыңыр, қиқар да болса, хазіретМұхаммедтің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) үмбеті болған адамдар шынымен мүмін болады, кәпір емес[12]. Оның айтуынша, сенген адам «мен расымен мүминмін» деуге тиіс. Өйткені мүмин иманына шүбә келтірмейді. Мұндай кезде оның иманы періштелердің иманы тәрізді болады. Амалында кемшілігі  болса да, шынымен мүмин[13].

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, иман мен амал екі бөлек нәрсе. Мүміннің көбіне кей амалдарға жауапкершілікпен қарамауы бұған дәлел болады, мұндай кезде мүмин иманынан айырылды деуге болмайды. Мәселен, етеккірі келген әйелді Алла намаз оқуға міндеттемейді. Осы кезде Алла одан иманын да алды немесе оған иманды тәрк етдеді деу жөнсіз. Алла «белгілі күндерде оразаны тоқтат, кейін қазаңды орында» деп бұйырған.  Бірақ та адамға иманды тоқтат, кейін қаза қылып орында демейді. Сол секілді, кедейге зекет міндеті жүктелмегенмен, оны иман етуге мәжбүр емес деуге болмайды[14].

Мүмин мойындап тұрып, бір парызды орындамаса, күнәһар атанады. Егер парыздарын мойындамай орындамаса, мұндай жағдайда осы мойындамауы себепті күпірлік еткен болады[15]. Мұсылман баласы адал деп есептемейінше, үлкен күнәлардың бірін жасап кәпір болмайды. Мұндай жаннан иман сипаты жойылмайтындықтан,ол шын мәнінде мүмин аталады. Кез келген мүмин кәпір болмаса да, күнәһар болуы мүмкін[16].

 

1. Аллаға иман

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, Ұлы Алла саны жағынан емес, серігі болмауы тұрғысынан жалғыз. Ол тумаған, туылмаған. Оған ештеңе де тең емес. Ол жаратқандарының ешқайсысына ұқсамайды. Алла есімдерімен, зати және амал сипаттарымен мәңгі бар. Алланың жұбы және ұқсасы жоқ[17].

 

а) Алланның сипаттары

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, Ұлы Алла Өзін Құран Кәрімде қандай сипатта баяндаса, тек сол үлгіде ғана танылады[18]. Аллаға тән сипаттар жайлы«жаратылған»немесе«кейін пайда болған» деуші, немесе оған күмән келтірген адам Ұлы Алланы мойындамаған болып саналады[19].

Хазірет Әбу Ханифаның айтуынша, Алланың зати (Алла Тағаланың болмысына тән) сипаттары: өмір, құдірет, ілім, есту, көру, ерік және сөйлеу. Жарату[20] және амал да Алланың ежелгі(әзәли) сипаты. Яғни, Ол іліммен ылғи да біледі, құдіретімен ылғи да күшті, сөзімен сөйлейді,жарату сипатымен үнеміжаратушы[21]. Алла бір, ештеңеге мұқтаж емес. Алла мәңгілікөмір иесі, мәңгі бар, күшті, естуші, көруші және білуші[22]. Алланың зати сипаттары жаратылғандардың сипаттарына ұқсамайды. Өйткені, адамдар дене мүшелері және әріптер арқылы сөйлейді. Ал Алла болса, тіл мен жақ және әріптерге сүйенбей-ақ айтады.Әріп жаратылған, бірақ Алланың сөзі (қалям)жаратылмаған[23]. Ұлы Алла құдіретімен күшті, ілімімен білуші, мүлкімен малик (ие). Алла барлық оқиғаларды өз қалауымен бекітіп, іліміменқалаған[24].

Хазірет  Әбу Ханифа бұл жерде Алланың зати сипаттары ретінде өмір, құдірет, ілім, есту, көру, ерік және сөзді айтады. Бүгінгі ғылымхалкітаптарда бұл сипаттар Алланың субути (болуы тиісті және кәмілдікті білдіретін)сипаттары қатарында аталады[25]. Зати сипаттарықатарындаүжуд (бар болу), қыдам(ежелгі), бәқа (мәнгі), мухалафатун лил хауадис (болмысы мен сипаттарында еш нәрсеге ешбір жағынан ұқсамауы), уахданият (сипаттарында серігі болмауы тұрғысынан бір болуы), қиям би нәусихи (өздігінен тұру, болмыстың жалғасуында ешкімге мұқтаж болмауы)деген сипаттары аталады.Хазірет Әбу Ханифа субути сипаттарға арнайы бөлімде емес, ара кідік кей аяттардың түсіндірмесін жасағанда тоқталады. Бұндай жағдай хазірет Әбу Ханифаның ақидаға қатысты ой-пікірлері кезі келгенде ретімен түрлі бөлімдерге жүйеленгендігін көрсетеді. Хазірет Әбу Ханифа бұл мәселеде Алланың сипаттарын жіктеуден гөрі, олардың әзәли екендігі және басқа тіршілік иелерінің сипаттарына ұқсамайтындығына көбірек тоқталады.

 

ә) Алланың амал сипаттары

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, Алланың амал (фиғли) сипаттарына тахлиқ (жоқтан жарату), тарзиқ (ризықтандыру, тамақтандыру), инша(негізгі материясы бұрыннан жаратылған бөлшектер мен негізгі элементтерді жинап, олардан жаңа нәрсе жасау), ибда(теңдесі болмайтындай, керемет кәмілдікпен жарату), сунғ (өнер салу) және басқа амал-іс (фиғли) сипаттары жатады. Алланың есімдері мен сипаттарының ешбірі жаратылмағандықтан немесе кейіннен болмағандықтан, Ұлы Алланың амалдары да кейінгі орындалған істер секілді жаратылған емес[26]. Мәселен, Ұлы Алла ризықтандырмастан бұрын да ризық беруші[27]. Ұлы Алла мақұлықты дәрменсіз әрі әлсіз түрде күші жоқ күйде жаратқан. Олардың жаратушысы және ризықтандырушысы «Сендерді жаратқан, сосын ризықтандырған, кейін өлтіріп, кейін қайтадан тірілтетін Алла»[28]деген мазмұндағы аяттан белгілі[29].

 

         б) Хабари сипаттары

         Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, Алланың қолы, жүзі, нәпсісі бар, бірақ Құранда бұл сипаттардың қандай екені түсіндірілмеген. Қадария мен Мұтазиласияқты, Алланың қолы Оның құдіреті немесе нығметі деуге болмайды. Бұл Алланың сипатын мойындамаумен тең. Алланың қолы, ашу немесе разылығы пішіні белгісіз сипаттар қатарында[30]. Ұлы Алла өзін Құранда айтқандай сипаттаған. Алланың ашуы жазалауы, ал разылығы сауабы делінбейді. Оның қолы құлдарының үстінде, бірақ бұл қол адамдардың қолына ұқсамайды. Алланың жүзі де жаратқандарының жүзіне ұқсамайды. Ол бүкіл қол, жүз, нәпсі біткеннің жаратушысы. Сол себепті Ұлы Алла расында «Оған ұқсас ештеңе жоқ. Ол естуші, көруші»[31] деп бұйырған.

Байқалатыны, хазірет  Әбу Ханифа сипаттар мәселесін қозғағандаөте абай болуда. Оның ойынша, Алланың хабари сипаттары бар, бірақ бұл сипаттардың қандай екені белгісіз. Бұл сипаттарға Алла мен елшісінің (с.а.у.) айтқандарынан басқа бір мағына беру оларды жоққа шығарумен бірдей болмақ.

 

2) Періштелерге иман

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, періштелер кейбір ерекшеліктеріне байланысты, адамдармен салыстырғанда Алладан көбірек қорқады және Оған көбірек мойынсұнады. Олардың бірінші ерекшелігі – елшілікпен жоғары мәртебеге ие екендігі, Алладан қорқуы, сүйіспеншілігі және бүкіл көркем мінезімен басқалардан жоғары жаратылғаны. Екінші ерекшелігі – олардың ақылға сыймайтын тосын оқиғаларды көре алатындығы. Үшінші ерекшеліктері болса, олардың қиындыққа ұшырағанда айғайға баспайтындығы. Осындай себептер оларды күнәға жібермейді[32].

Хазірет  Әбу Ханифа яқин ретінде періштелер мен адамдар бірдей болғанымен періштелердің Алладан көбірек қорқатынына мынадай бір мысал келтіреді: Бір деңгейде жүзе алатын екі адам бар. Екеуі бірге суы мол, ағыны күшті бір өзенге келеді. Олардың бірі суға түсуден еш тартынбайды, екіншісі болса, қорқақтайды. Немесе бірдей дертке шалдыққан екі науқастың бірі өзіне әкелген өте ащы дәріні қорықпай ішеді, ал екіншісі бата алмайды. Міне, бұл жердегі салыстыру осыған ұқсайды[33].

Байқап отырғанымыздай, періштелерге иман мәселесіхазірет Әбу Ханифаның ақидаға* қатысты еңбектерінде көп айтыла бермейді. Бұл жайт, шамасы, ол дәуірде періштелер жайлы көп дау-дамай туындамағандықтан, жан-жақты түсініктеме беру қажеттілігі болмауымен байланысты болса керек.

 

З) Кітаптарға иман

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, Құран Кәрім Алланың сөзі, мусхафтарда* жазылып сақталған, тілмен оқылатын және хазірет  Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) түсірілген кітап. Адам баласының Құран Кәрімді оқуы және жазуы жаратылған, бірақ Құран жаратылмаған. Алланың Құранда хазірет  Мұса мен басқа пайғамбарлар, перғауын және Ібіліс жайында берген хабарларының бәрі Алланың сөзі. Алланың сөзі жаратылмаған, бірақ Мұсаның және басқа жаратылғандардың сөздері жаратылған. Құран Алланың сөзі, бастауы, ақыры жоқ, мәңгі[34]. Осы себепті Алла сөзін жаратылған деген адам кәпір болады. Ұлы Алла өзіне үздіксіз ғибадат етілуші. Сөзі болса, затынан айрылмай оқылатын, жазылатын және жатталатын нәрсе[35].

 

4) Пайғамбарларға иман

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, Алланың жіберген елшілерінің ешбірі  үмбетіне өзінен бұрын келген пайғамбарлардың дінін (наным-сенім үкімдерін) тәрк етуді бұйырмаған. Өйткені, сенім тұрғысынан бүкіл пайғамбарлардың діні бір. Бұған қоса, әр пайғамбар (амал үкімдерінде) өз шариғатына шақырған. Олай болатыны, бұл жерде пайғамбарлардың шариғаттары арасында айырмашылықтар болуы мүмкін[36].

Әбу Ханифаның айтуынша, пайғамбарлардың пайғамбарлығы Ұлы Алланың бұйырғанымен білінеді. Айталық, пайғамбар Аллаға иманға шақырғанмен, Алла адамның жүрегіне шақырушының пайғамбар екенін білдірмесе, ешкім де пайғамбардың ақиқат, шындықты айтып тұрғанын түсінбейді. Осы себепті Ұлы Алла «Сен сүйгеніңді тура жолға сала алмайсың, бірақ Алла қалағанын тура жолға салады» [37] деп бұйырады. Егер Алланы білу тек пайғамбарлар арқылы жүзеге асатын болса, адамдардың бойындағы Алланы білу нығметі Алладан емес, пайғамбарлардан келген болар еді. Алайда, шындығында Алланы білу нығметін пайғамбарларға бергенде түптеп келгенде Алланың өзі. Нәтижесіне назар аударсақ, пайғамбарды адамдарға танытып мойындату Алланың оларға берген нығметі әрі жақсылығы[38].

 

5) Ақырет күніне иман

Хазірет Әбу Ханифаның айтуынша, қиямет күні таразыға амалдардың тартылатындығы, хазірет  Пайғамбардың (с.а.у.) хауызы, қиямет күні есептесу болатыны ақиқат. Есептесу кезінде жақсылықтар жетпей қалған жағдайда жамандықтардың алынуынарұқсат берілген әрі ол шындық[39]. Мизан*– хақ, яғни ақиқат[40]. Адамның амал дәптерінің оқылатыны да рас[41].

Хазірет Әбу Ханифаның айтуынша, қабірде Мүнкәр мен Нәкір періштелердің жауап алатыны, қабірде жанның денеге қайта берілетіні шындық. Бүкіл кәпірлер мен бойұсынбағанмүміндер үшін қабір азабы бар[42]. Қабір азабын білмеймін деген адамқұрдымға кеткенЖәһмияға ұқсайды. Мұндай жағдайда Алланың қабір азабын білдірген «Оларға екі мәрте азап береміз»[43] және «Залымдарға бұдан да басқа азап бары күмәнсіз»[44] деген аятын мойындамаған болады. «Мен аятқа сенемін, бірақ тәпсірі мен тауиліне сенбеймін десе де кәпір болады. Өйткені, Құранда тауилі мен тәнзилі бір болған аяттар бар, мұны мойындамаса, ол адам кәпір болады[45].

Хазірет Әбу Ханифаның айтуынша, Жәннат пен Жәһаннам дәл қазір жаратылған кейіпте, мәңгіге жойылмайды. Қор қыздары да мәңгі жасайды. Ұлы Алланың жазасы мен сауабы мәңгі[46]. Жәннаттықтар Жәннатқа кіріп, жәһаннамдықтар Жәһаннамға тасталғаннан кейін Жәннат пен Жәһаннам жойылады деуші адам ол жерде мәңгі болатынын мойындамағандықтан, кәпір болады[47].

 

6) Қаза мен тағдырға иман

Хазірет  Әбу Ханифаның айтуынша, қаза, тағдыр және қалау – Алланың қандай болатыны беймәлім сипаттары қатарында. Алла жоқ нәрсені жоқ болған күйінде де біледі, жаратқан кезінде оның қандай болатынын да біледі. Алла бар болғанды бар күйінде біледі, ол жоғалғанында оның қалай жоғалатынын да біледі. Алла тұрғанның тұрысын, отырғанның қалай отыратынын да біледі. Қандай жағдайда болмасын Алланың ілімінде ешқандай өзгеріс яки кейіннен болатын бір нәрсе пайда болмайды. Өзгеріс пен өзгешелік тек жаратылғандарда ғана болады. Алла затты қандай да бір нәрседен жаратпайды. Ол затты тағдырымен айқындап жаратқан. Алла затты бар болмай тұрып-ақ ежелден біледі. Алланың қалауы,ілімі, қазасы, тағдыры және Лаухұл Махфуздағы* жазуы болмаса, дүние мен ақыретте ештеңе орындалмайды. Алланың Лаухұл Махфуздағы жазуы үкім ретінде емес, ерекшелік ретінде жазылған[48]. Жақсылық пен жамандық тағдыры да Алладан. Егер адам жақсылық пен жамандықты Алладан басқа біреу жіберді дейтін болса, ол адам Алланы мойындамай, тәухид сенімін бұзған болады[49].

Хазірет Әбу Ханифаның айтуынша, пенденің әрекет және қимылсыз кездегі бүкіл амалдары өз істегені, ал олардың жаратушысы болса, Ұлы Алла. Бұл амалдардың бәрі Алланың қалауы, ілімі, үкімі және тағдыры арқылы орындалады. Иман мен күпір де пенделердің өз амалдары. Алла мойындамағанды күпір еткен кезінде кәпір деп біледі. Ол адам кейіннен иман етсе, иманы кезінде мүмин ретінде біледі, ілімі мен сипаты өзгермей оны жақсы көреді[50]. Адамға жамандық істеткен шамасы (иститаат)[51]сонымен қоса, жақсылық істеуге де сай жаратылған. Пенде Алланың жақсылықта қолдануын бұйырған шамасын жамандыққа бұру арқылы жазаға тартылады[52]. Бұл тұсташама амалданбұрын да, кейін де емес, амалмен бірге. Егер шама амалдан бұрын болса, пенде мұқтаж сәтінде Алланы қажет етпейді. Бұл «Алла бай, ал сендер кедейсіңдер»[53] деген аятқа қайшы келеді. Шаманың амалдан кейін келуі амалдың күш, қуатсыздығын қажет ететіндіктен, бұл мүмкін емес[54].

Нәтижесінде хазірет  Әбу Ханифа бес еңбегінде ақидаға қатысты негізгі мәселелерді талқылап, ең басты өзегін қалыптастырумен бірге, өз заманының түйткілді мәселелерін жан-жақты талқылап, айшықтаған. Өмір сүрген дәуірініңақидалық мәселедегі адасуларын көрсетіп, кейінгі ұрпаққа берік сенім жүйесінің негізгі мәліметтерін берген. Имам Матуриди секілді өзінен кейін ізімен жүрген ғұламалар Имам Ағзам хазірет Әбу Ханифаның діни ақидалық ой-пікірлерін талдап, түсіндіріп жүйелі ретке келтірген. Көбіне көп фиқһсаласында атағы шыққан хазірет  Әбу Ханифаның сол кезде «Фиқһ-и әкбар» деп аталған кәлям ілімінің алғашқы құрушыларының қатарында болғаны байқалады. Ғылымхал кітаптарымызда иман негіздері ретінде жүйеге түсірілген мәселелерден де байқалатыны, хазірет Имам Ағзам – ақидалық көзқарастарымен қазіргі күнге де сәуле шашып тұрған маңызды кәлям ғалымдарының бірі.

 


[1] Абу Заһра, Мухаммад Абу Ханифа, Дару фикр араби, Каир 1948,  14-16 бет; Уаһби Сулейман Гаужы, Абу Ханифа ан-Нұғман Имам Айммату Фуқаһа, Дарул қалам, Дамаск  1999,  48-49 бет;  ахмд Шарбаси, Айммату арбаъ, Дарул һилал, Куайт,  17-18 бет.

[2] Қараңыз:  http://tr.wikipedia.org/wiki/Horasan_(%C4%B0ran

[3] Хамидулла  Мухаммад, Исламда деулат ирадесі, ауд. Камал Кусшы, Станбул,  1963,  31 бет; Узынпосталжы Мұстафа, Абу Ханифа,  DİA, Станбул 1994, X,131; Шибай  Халим Сабит, Абу Ханифа, Ислам Энциклопедиясы, Стамбул 1940, IV, 25.

[4] Инб Хажар, абу аббас Шаһабуддин Ахмад ал-Хайтами, ал-Хайратул хисан фи манқибул иман ағзам абу Ханифа, Каир 1304, 32 бет; ибн Абдулбарр, Абу Омар Жамалуддин Юсуф ибн абдулла Намари, Интиқа фи фадаил айммату саласатул фуқаһа, мәлік ибн Анас Асбаһи Мадани, мухаммад ибн Идрис Шафиғи Мутталиби, Абу Ханифа Нұғман ибн Садбит куфи,  Каир 1350,  123 бет, Узунпосталжы, “Абу Ханифа” 131 бет.

[5] Қараңыз: ибн Сағд, Мухаммад, Табақату кубра, Ихсан Аббас, Бейрут, 1968, VI, 368-369; ибнул-Асир, Али ибн Мухаммад, Кәміл фи тарих, Бейрут 1979, X, 325-326; ибн Халликан, Ахмад ибн Мухаммад, Фауатул ауан уа әнбау абнау заман,  Ихсан Аббас, Бейрут, 1968, VI, 368-369; ибнул-Асир, Али ибн Мухаммад, Кәміл фи тарих, Бейрут 1968,  II,163-164; Абу Заһра 22-24 бет; Узунпосталжы, “Абу Ханифа” 131 бет.

[6] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Абсат, М. Заһид Каусари, ауд. Мустафа Өз, Имам ағзамның бес еңбегі ішінде, Станбул 1981, s. 46- 47.

[7] Мунафиқун 63/1.

[8] Бақара 2/146.

[9] Абу Ханифа, ал-Уасиия, М. Заһид Каусари, ауд. Мустафа Өз, Имам ағзамның бес еңбегі ішінде, Станбул 1981, s. 87; Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, М. Заһид Каусари, ауд. Мустафа Өз, Имам ағзамның бес еңбегі ішінде, Станбул 1981, 74 бет.

Абу Ханифа, ал-Уасиия, М. Заһид Каусари, ауд. Мустафа Өз, Имам ағзамның бес еңбегі ішінде, Станбул 1981, s. 87; Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, М. Заһид Каусари, ауд. Мустафа Өз, Имам ағзамның бес еңбегі ішінде, Станбул 1981, 74 бет.

[10] Әнфал 8/4.

[11] Ниса 4/151.

[12] Абу Ханифа, ал-Уасиия, 87 бет.

[13] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Абсад, 52 бет.

[14] Абу Ханифа, ал-Уасиия, 87 бет.

[15] Абу Ханифа, ал-Алим уа Мутағаллим, М. Заһид Каусари, ауд. Мустафа Өз, Имам ағзамның бес еңбегі ішінде, Станбул 1981, 26 бет

[16] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 73 бет.

[17] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 70-71 бет; қараңыз: Ықылас 112/1-4.

[18] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 75 бет.

[19] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 70 бет.

[20] Такуини, тахлиқ, халқ, ижад, ихтираъ, ибдаъ сөздері “жоқтан бар етіп жарату” мағынасында қолданылған синоним [мәндес] сөздер. Ғалымдарымыз жиі қолданғандықтан бұл жерде “тахлиқ” сөзінің орнына “такуин” сөзі қолданылған. Қараңыз: Насафи, Абу Муғин Маймун ибн Мухаммад ал-Ханафи, “Танбиһу Қауағид Таухид” өңдеген Хасан Ахмад Хабибуллаһ, дару тибаъату Мухаммадия, Каир 1986, 188-189 бет.

[21] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 70 бет.

[22] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 75 бет.

[23] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 7 бет.

[24] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 64 бет.

[25] Қараңыз: ҒылымхалI: Иманжәнеғибадат. / Хайреттин Караман. Туркия диянет вакфы Ислам араштырмалар меркезі (İSAM), Стамбұл 2000 1 том,  88-91 бет.

[26] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 73 бет.

[27] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 74 бет.

[28] Рум 30/40.

[29] Абу Ханифа, ал-Уасиия, 89 бет.

[30] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 71 бет.

[31] Шура 42/11.

[32] Абу Ханифа, ал-Алим уа Мутағаллим, 20 бет.

[33] Абу Ханифа, ал-Алим уа Мутағаллим, 21 бет.

*ақида - діни сенім негіздері (ауд.)

*Мусхаф - парақ, жазулы бет (ауд.)

[34] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 70-71 бет.

[35] Абу Ханифа, ал-Фиқһу Акбар, 70-71 бет.

[36] Абу Ханифа, ал-Уасиия, 89 бет.

[37] Абу Ханифа, ал-Алим уа Мутағаллим, 21 бет.

[38] Қасас 28/56.



Оқи отырыңыз