Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Иман негіздері > Періштелер > Кирлиан әдісі бойынша рух жамылғысының суреттері түсірілген

Кирлиан әдісі бойынша рух жамылғысының суреттері түсірілген

2015-06-29 2005

Кирлианография – өте жоғары қысым толқынында суретке түсіру арқылы елес денелерді анықтауға көмектеседі. Қолдары шолақ адамның кирлианография арқылы түсірілген суретінде оның қолдарының орнында өзгеше бір елес дене көрінген. Ол – рухтың елес денесінің бейнесі болуы мүмкін. Қазақстандағы Алматы қаласында орналасқан Киров университетінде (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – ауд.) бір тірі болмыстың қыбырлаған елес денесін көрудің сәті түскен.


1968 жылдары «Кирлиан әдісінің биологиялық негіздері» атты кітап жарыққа шықты. Сондағы суреттерде кесілген дене мүшелерінің орнында елес дененің (биоплазмалық дене) бейнесі көрінеді.


Америкалық дәрігер Ваттерс те су буының ион-дарға жиналу қағидасына сүйене отырып, арнайы камерада елес денені анықтады. Елу шақты шегірткені эфир майы сіңген мақтамен орап, олардың өлуге таянған уақытынан бастап камераға бу жіберіп, бірнеше сурет түсірген. Сол арқылы, өлген он үш шегірткенің елес денелерінің суреттегі бейнесін анықтаған. 


"Иман аясында" кітабынан алынды



Оқи отырыңыз