Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Иман негіздері > Періштелер > Келешек жайлы болжамдар тек Аллаһ тағаланың білдіруімен ғана айтылады

Келешек жайлы болжамдар тек Аллаһ тағаланың білдіруімен ғана айтылады

2015-06-29 1897

Келешекке қатысты нақты болжам айту қиын. Болашақта не болатынын уақыт қана көрсетеді. Адам өмір сүре жүріп маңдайына жазылғандарға куә болады. Иә, адам баласы көре-көре көсем болады, дегенмен әлі көрмегені жайлы жақ аша алмайды. Сондықтан өткен күндер көңілімізде сайрап тұрса да, келешек туралы ештеңе біле бермейміз. Дәл болмаса да болашақ жайлы болжам-жорамалдар айтуымыз мүмкін, дегенмен Аллаһ тағаланың ілімі уақыт не материялық кеңістікпен шектелмейді. Аллаһ тағала үшін өткен, осы және келер шақ деген ұғым жоқ, уақыт категорияларының барлығы жер басып жүрген пенделерге ғана тән. Ал айтушы болжам жасағаннан гөрі сенімді түрде «Осылай болады, әлі-ақ көресіңдер...» – десе әрі айтқандары дәл шығып жатса, онда Аллаһ тағаланың сездіруімен ғана білді деп ұққан жөн.  


"Иман аясында" кітабынан алынды



Оқи отырыңыз