Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Иман негіздері > Періштелер > Періштелерге сенудің пайдалары

Періштелерге сенудің пайдалары

2015-06-29 2191

Аллаһ тағала мен ақырет күніне деген сеніммен қатар, періштелерге сенудің де адам баласына көптеген пайдалы тұстары бар. Біріншіден, адам сол сенімнің арқасында көңілі орнығып, қорқынышы қайта жан рахатына айналады. Періштелермен дос болған жан жалғыздықты сезінбейді. 


Сондай-ақ өзінің әркез періштелердің бақылауында екенін сезген адам пендешіліктен бойын аулақ салып, өзін-өзі белгілі бір тәртіпке шақырады. Қателік істеуден өзін сақтағаны үшін оның дұрыс өмір сүру салты реттеледі. 


Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәрежесі ең мәртебелі періштелерден де биік. Демек, пайғамбарларға уахи жеткізген періштелердің дәрежесі де өзге періштелерден үстем. Сол секілді Бәдір, Ухуд секілді өзге де қасиетті соғыстарға қатысқан сахабалардың бұл соғыстарға қатыспаған адамдардан дәрежесі үстем болса, дәл сол секілді, періштелердің ішінде де бұл соғыстарға қатысқандарының дәрежесі өзгелерінен бір саты жоғары тұрады.


Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Менің екі уәзірім бар. Олар көктегі, Жәбірейіл мен Микаил; ал жердегісі: Әбу Бәкір мен Омар»[1], – дегені де көп жайттан хабар берсе керек.


"Иман аясында" кітабынан алынды



[1]     Тирмизи, Мәнәқиб 16..

 



Оқи отырыңыз