Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Иман негіздері > Ақырет ақиқаты > Шексіз құдірет – ақыреттің дәлелі

Шексіз құдірет – ақыреттің дәлелі

2015-06-23 1836

Адам жүзіне қуаныш ұялайтын немесе өкініштен жүзі қап-қара болып түнеріп  күңіренетін махшар күні, яғни адамдардың қайта тіріліп, есеп беретін күннің болатынына Аллаһ Тағала Құранда уәде береді. Бұл уәделер бір жағынан сүйінші хабар болса, екінші жағынан ескерту екені даусыз.


Ол уәде берді. Берген уәдесін орындауға құдіреті жетеді. Уәдесінде тұрмау – Оның сипатына жат. Себебі, Ол хылфул-уа‘д деген, яғни, уәдеден таятындай бүкіл кемшілік атаулыдан пәк.


Бүкіл ғаламда болып жатқан оқиғалар мен құбылыс-тарға зер салып, сырттай бақыласақ Аллаһ Тағаланың тамаша құдіретінің куәсі боламыз.


Атомдар әлемінен  космостық әлемге дейін өте айқын математикалық байланыстың бар екенін білеміз. Мысал ретінде айналасында ядроның салмағын құрайтын электрондардан бастап нейтрон мен протондарға дейін қозғалып жүретін бір атомды алайық. Нәтижесінде мұндай атомда өте күшті математикалық теңдіктің орын алғанын көреміз.


Атомдар жартылай еркін бола тұра бір жерге жиналып, шеп құрады, осыдан кейін молекулалар пайда болады. Егер күн жүйесін тартылыс күші мен радиациялық құбылыс жағынан алып қарастырсақ, күн мен басқа ғаламшалар арасында тығыз байланыстың барына куә боламыз. Бұл байланыс әсерінің күштілігі соншалық күн жүйесіндегі кейбір өзгерістердің жердің физикалық жағдайына әсер ететінін көреміз. Бұл әсер – тартылыс күші мен радиацияның деңгейіне тікелей байланысты.


Вильям Форсут былай дейді: «Бір жасушаның басқа жасушалармен байланысы бар секілді макроәлемде де өзара байланыс бар».


Бір жасуша жартылай тәуелсіз бір мемлекет секілді. Әрбір жасуша өзін ішінара басқарады. Сөйтіп, ішкі құрылымын сақтап қалуға тырысады. Сондай-ақ, өзінің қажеттіліктерін орталық басқармаға хабарлап отырады. Ол орталық басқарма өз кезегінде жоғары жаққа ескерту белгісін жіберіп, жағдайды баяндайды. Осылайша жасушалардың талап еткен қажеттіліктері өз аяқтарымен алдына келеді. Әрбір жасушаның шығыны өз алдына. Осы жасуша деген автономиялар бірігіп үлкен мемлекетті құрайды.


Заттар  арасындағы  байланыстың  бәрі Ұлы  Ақыл  Иесі-нің еңбегі екені белгілі. Бұл мәселенің негізін түсінбегендердің адасудан басқа жолдары жоқ. Олар осы сананы табиғаттан іздеп, таң қалумен ғана шектеледі. Біз болсақ: «Субхана мән тахайяра фи сун‘иһил-‘уқул», яғни «Барлық ақыл-ойларды ғажайып жаратылысымен таң қалдырған мінсіз Аллаһ» дейміз.


Ағзамыздың құрылысындағы миллиондаған жасуша-лардың әр біреуінде Платонның миындай ми мен дүниені басқара алатын қабілет бар. Ағзаның саулықпен өмірін жалғастыруы үшін және гигиеналық талаптардың үздіксіз сақталуы үшін бәрі жұмыла қызмет етіп, қамқорлық жасайды. Осының бәрі оларға билігін жүргізе алатын бір  құдіреттің бар екенін көрсетпей ме?


Кішкентай денелері өзара қозғалысқа түсетін мик-роәлемдік кеңістікпен галактикалар мен жұлдыздардан құралатын макроәлемдік кеңістікте де жағдай дәл осылай. Электромагниттік толқындар, радиациялар бір-бірімен саналы түрде алыс-беріс жасап жатқандай. Егер осындай саналы алыс-беріс болмаса бір жүрек болып соққан, уақыт өткен сайын кеңейіп бір бағытқа қарай жылжыған галактиканың өмір сүруі мүмкін емес. Демек, біз алып бір күш пен құдіреттің қарсы алдында бетпе-бет тұрмыз. Олай болса әлбетте, бүкіл жаратылыс арасында саналы бір басқарманың бар екенін жан дауысымен жария еткен өте тығыз байланыс бар.


Енді ойланып көрейік: ең кіші әлемнен ең үлкен әлемге дейін осы саналы байланысты, берік тәртіп пен басқаруды ойлап тапқан көр соқыр, санасыз, әлсіз, бейшара атомдар ма? Әлде кәміл сипаттардың иесі, кемшіліктерден пәк Аллаһ Тағала ма? Әрине, тек қана Ол! Иә, Оның құдіреті шексіз...


Міне, осылайша құдіреті шексіз Аллаһ Тағала бір кітап сияқты жаратқан бүкіл ғаламның парақтарын жауып, басқа бір күні қайтадан ашатынына уәде береді. Егер мұны уәде еткен Жаппар ие Жаратушы болса және оны құптайтын пайғамбарлар, әулиелер, үнемі осыған куәгерлік келтірген болса, онда бұл уәде міндетті түрде жүзеге асады. Демек, хашірге мүмкін болады-ау деген долбармен емес, міндетті түрде болады деген нық сеніммен қарау керек.


«Ол күні сырнай тартылып, сендер топ-топ болып келесіңдер. Аспан қақ жарылып, қақпалар пайда болады»[1].


Мойнына жүктелген ауыр аманат жайлы сұралатын сұрақтарға жауап беріп, үлкен сотқа тартылу үшін жиналған адамзат, жындармен қатар періштелер де махшар алаңының айналасын қоршай қатарға тұрады. Құран Кәрімнің көптеген аяттары осыған ерекше назар аударады.

"Ақырет ақиқатына сенім" кітабынан алынды



[1]    Нәбә сүресі, 78/18-19.



Оқи отырыңыз