Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Иман негіздері > Ақырет ақиқаты > Мейірімділік те ақыретті талап етеді

Мейірімділік те ақыретті талап етеді

2015-06-23 1918

Ғаламда бір ізгілікпен мейірімділіктің бар екенін айдан анық байқаймыз. Мейірімділік – жанашырлық сезімі. Мейірімділік – жәбір көрген жанға көмек көрсету, жылағанды жұбату сезімі. Мейірімділік – тәні де, жаны да жаралы адамның дертіне дауа болу сезімі. Ғаламдағы ең кішкентай жәндіктердің дүниесінен бастап ең үлкен ғаламшарлардың дүниесіне дейін мейірімділіктің жылы шуағын көруге болады. 


Қолыңызды жарақаттап алсаңыз, оның ем-домын жасайсыз. Сенесіз бе,  Аллаһтың мейірімі мен рақымдылығы болмаса,  қаныңыздың ұйып, жарақаттанған теріңіздің жаңарып, қалпына келуі мүмкін болмайтын еді, дәрі-дәрмекпен де оны жаза алмас едіңіз. Жазылмаған қаншама тән жараларын көріп жүрміз, бұлар сізге сабақ емес пе? Кейбір ауруларға міндетті түрде операция жасалуы керек болады. Алайда ауруды операцияға алмас бұрын дәрігерлер өзара кеңеседі. Қант диабеті немесе басқа ауруларына байланысты «Егер біз бұл адамға операция жасасақ, жараның жазылуы қиын болады», – деп айтуы да мүмкін. Сондай-ақ, операция біткеннен кейін жарасы бірнеше айдан кейін немесе бірнеше жылдан кейін жазылатындары бар. Аллаһ Тағаланың шипасы болмаса, ол өздігінен ешқашан жазылмайды. Аллаһ Тағала қандағы қанттың мөлшерін арттырады немесе  ұйқы бездері қабынып, осының салдарынан инсульттік теңдік бұзылып, жараның жазылу-жазылмауы екіталай болып кетеді.


Ал енді адамдардың қауіпті деген жаралары қысқа уақыт ішінде жазылып кетіп жатса, осы сәттегі Аллаһ Тағаланың мейірімін түсіне аласыз ба? Аллаһ Тағала бізге микроскоппен ғана көре алатын ең кішкентай жаратылыстар арқылы мейірімін көл-көсір етіп төгеді.


Әсіресе, сәбидің жағдайы. Бұл құбылыс адамды таң-тамаша етіп, таңдай қаққызады. Аллаһ Тағала кіп-кішкентай қызылшақа сәбилерге ерекше мейірімін төгеді. Дүниеге келген сәби ең таза, еш қоспасыз табиғи тағамдарға мұқтаж. Ұлы Жаратушы алдымен оны ана құрсағында тамақтандырады. Құрсақтың іші сәбидің қоректенуі үшін ең ыңғайлы орынға айналады. Месимен деп аталатын осы жатырдың қабырғалары қоректерге толып тұрады.  Ана бала үшін бір қызметшіге айналады. Сәби дүниеге келер-келмес бұрын Аллаһ Тағала ол үшін жаңа қорек әзірлеп, жарық дүниенің есігін іңгәлай ашар сәбидің алғашқы қорегі – ана сүтін жаратады. Иә, ана сүті басқа тағамдармен салыстыруға келмейтін, құнарлылығы өте жоғары табиғи қорек түрі. Сіз сиырмен қой төлдерін қолдан емізген болсаныз, әрине оның әсері өз енесінен емген сүттей болмайды. Егер зер салып қарасаңыз,  енелерін тікелей еміп, қоректенген бұзау мен алдын ала сауып алынған сүтпен қоректенген бұзаулардың жетілуі арасында үлкен айырмашылық болады. Міне, бұл анасының омырауынан тірі су секілді ақ сүтті ағызған және осы сүттің арқасында бағып-қағуға өте мұқтаж сәбилерді қоректендірген Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімділігі емей немене? Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімділігі болмаса осы жақсылықтардың бәрі өз-өздігінен болар ма еді?


Иә, айналамызда ұлы мейірімділіктің жылылығы таралып жатқанын аспандағы кемпірқосақ секілді көреміз. Су буырқанып ағып, өсімдіктер мен шөптер үшін нәр болып, шөлін қандыруға асығады. Мейірімділіктің жылы лебі оларды да сипап өтеді. Ағаштар, өсімдіктер жапырақтары арқылы дем алады. Адамның тыныс алуына кедергі жасасаңыз өліміне себеп болатыныңыз сияқты, өсімдіктер де ауасыз өсіп-өнбейді. Жер жүзіндегі жанды денелердің бәрін қамтитын бір мейірімнің барын мойындамасаңыз, ашқан жаңалықтарыңыздың бәрі бос сөз, құр далбаса. Енді мұқият назар аударыңыз! Аса маңызды емес, өте әлсіз жаратылыстарға  Аллаһ Тағала мейірім нұрын төге қарағанда онда сол мейірімділікке өте мұқтаж, мәңгілікке ұмтылған асқақ арманы бойын кернеген адамның тілегін қабыл етпеуі мүмкін бе? Адамды бұ дүниеде осыншама нығметтермен қошеметтеп, сосын оны мәңгі жоқ ету қисынға келе ме? Қап-қараңғы, суық қабірмен өмірін аяқтап, оған мәңгі жасыл бақшалары бар жәннаттың есігін ашпауы, мәңгілік нығметтерді сыйламауы мүмкін бе?


Біз жер шарындағы мейірім нұрын төккен сәулелерден - атомдардан ғаламшарларға дейін, жасушылардан ең үлкен әрі күрделі ағзаларға дейін бәрін мейірім шапағатымен жаратқан Аллаһ Тағала ақыретті орнатып, адамдарды қайтадан тірілтеді. Бұл дүниеде алуан түрлі нығметтерін нәсіп еткен адамға ақыретте де шеті-қиыры жоқ игіліктер тарту етіледі.

 "Ақырет ақиқатына сенім" кітабынан алынды



Оқи отырыңыз