Akikat.kz - рухани танымдық, ғылыми портал

http://akikat.kz

Басты бет > Мақалалар > Көркем мінез > Дінді бетперде еткен терроризм

Дінді бетперде еткен терроризм

2015-06-15 3330

Исламға жағылған күйе: дінді бетперде еткен терроризм1 Бүгінгі таңда операция, іс-қимылдарымен бүкіл әлемді шулатқан террорлық бәлекет көбіне ислам атынан дін бетпердесін қолдануда. Ұйымдар осындай өтірік әдіспен өзіне анағұрлым оңай әскер жинайды әрі матриалды, логистикалық қолдау табуда еш қиындық тартпайды. Өте нәзік тақырыптардың алдыңғы қатарында тұрған дін әсілі бүкіл  адамдарды өзіне баурайтын, бақытты өмір кешуін қамтамасыз ететін аһлақ  ұстанымдарына негізделген. Алайда тарих бойы әр уақыттарда қате тұжырымдалып,  осындай ұлық мақсатқа мүлдем қайшы көрсетілген кезі де болған.  Қазіргі таңда да осыған ұқсас жағдай белең алып, байланыс құралдары кең тарауы  себепті ғаламдық деңгейде дін тура бір лаңкестіктің бастауы немесе жоқ дегенде бастау  болатындай факторларды қамтитын кейіпте көрсетілуде. Осыны дұрыс көрсету үшін  шариғат, жихад, мемлекет түсінігі, шейіттік, үкімді тек Алла беретіндігі, жақсылыққа  шақыру, тәкфир секілді т.б. ұғымдық мағыналарды өрескел бұрмалап, халыққа ықпал  жүргізеді. Осы қате тұжырымдар мен жүзеге асыруларға қарсылық танытуы мүмкін деген  сақтықпен дін ғалымдарын тұқыртуды мақсат етіп, қате пайымдауларын түсінуге  көмектесетін усул ілімін білдірмей, тек сырттайғы (захири) әрі (біртұтас емес жекелеп  қарап – ауд.) жалаң жорамал жасалып, жоғарғы деңгейде дін білімінің берілуіне кедергі  жасап, қарсылық танытатындарды құрту үшін, турасын айтқанда, лаңкестікке жол  берілуде. Бұл мақаламызда дінді бетперде ететін лаңкестік ұйымдардың кейбір  көзқарастары сараланады, қателіктері көрсетіледі және дінді лаңкестікке бастау етпеу  үшін кейбір ұсыныс-кеңестер айтылады.  Неге дін бетперде етіледі? «Маска» сөзіне сөздіктерде шынайы сезімдерді немесе бір нәрсенің шынайы бейнесін  жасыратын алдамшы көрініс және қылық ретінде анықтама берілген. Діннің атынан іс  жасап жатқанын айтатын лаңкестік ұйымдар да шынайы ой мен мақсаттарын жасырып,  дінді бетперде етеді. Неге десеңіз, лаңкестік жасау Алланы бұйрығына жатпайды, онымен  Жаратушының разылығын тауып, жұмаққа баратындай кемелдену мүмкін емес.  Сондықтан дін атынан лаңкестік болмайтындықтан, бұл жерде дінді бетперде етіп  отырғаны анық.  Дін – адам болмысында бар қасиет. Жаратылысқа сай бұл қасиет алғашқы адаммен  бірге басталып, бұл жағдай үзілместен қазірге дейін жалғасқан. Қазіргі таңда да жер бетін  мекендеген адамзатқа ең ықпалды нәрселердің бірі дін.  Осы ерекшелігі себепті дін  манипуляция жасалатын тақырыптардың алдыңғы қатарынан табылады. Міне, діннің  осындай ерекшелігі себепті кейде дінді құрту, кейде жат пиғылдарына жету үшін түрлі  адамдар дінді, өкінішке қарай, бетперде етеді. Өткен тарихта да түрлі мақсаттарына  жетуде дінді заңды етіп көрсеткендер болған. Кейбір жағдайларда бұл қажетті болса  немесе дін бұл жағдайды бұйырған болса, ал көптеген жағдайларда, өкінішке қарай, дін  осы жолмен қанау не алдаудың құралы ретінде қолданылған.  Міне, аталған ұйымдардың  жетекшілері дінді осы екінші жағдайға қолдануда.  Дінге қалай кесір тигізуде? Лаңкестік ұйымдардың барлығы көп тұрғыда адамзатқа кесір тигізеді. Алайда дінді  бетперде еткен лаңкестік ұйымдар сырт көзге өздері қызмет етіп жатырмыз деп ойлаған  немесе айтып жүрген діндеріне көбірек зиян тигізеді. Бұл зиянның екі мәселеде  топтасқанын айтуға болады. Исламның атына кір келтіру және Ислам дініндегі кейбір  мәселелерді қате түсіндіру. А. Исламның атына кір келтіру Ислам діні және оның таңдаулы пайғамбары (салаллаһу алайһи уә сәлләм) тарихта  көптеген келеңсіздіктерге тап болды. Ислам әлемінің тысындағы ауқымды жұрт оның  қадірі мен құрметін тиісінше тани алмады. Бұнда мұсылмандардың үлгі бола алмауы мен   Мақала мына дереккөзінен аударылды: http://www.yeniumit.com.tr/konular/detay/islama-surulen-leke-din- maskeli-teror-106 түрлі орталардың оған қарсы үгіт жүргізіп келгенінің де өзіндік үлесі жоқ емес.  Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл жағдай бұрынғыға қарағанда  біршама өзгерді. Өйткені мұсылман елдердегі тәуелсіздік пен оянумен қатар көптеген  мұсылман білім мен сауда мақсатында әлемнің түкпір-түкпіріне жол тартты. Жазылған  кітаптар әлемнің түрлі тілдеріне аударыла бастады. Батыс елдерінен бастап әлемнің түрлі  елдерінде исламды өзіне лайықты түсіндірген ғалымдардың еңбектері жарияланды. Сауда,  спорт, БАҚ секілді т.б. салаларда атын шығарған мұсылмандар болды. Білім саласына да  қадам жaсалды. Кейбір мұсылман ғалымдар әйгілі университеттерде қызмет атқара  бастады. Көптеген елдерде мұсылмандар білім мекемелерін ашты әрі айтарлықтай  жетістіктерге жетті. Осы уақыттарда теледидар мен интернет секілді байланыс  құралдарының да кең тарауымен халықтар бір-бірін бұрынғыдан да жақын танып,  шындықты біле бастады.   Міне, мүддешіл, жат пиғылды топтар осы қарқынды қалай тоқтатсақ екен деп әлі ұйғарым  жасай қоймаған кезеңде, дінді бетперде еткен лаңкестік ұйымдар өздерінің  операцияларымен соларға көмекке келгендей болды. Түзеле бастаған Исламның бейнесі  аз уақыттан кейін-ақ бұрынғыдан да жаман жағдайға түсті [1]. Көптеген адамдарда  исламофобия деген паранойя пайда болды. Таратылған ақпараттарда, жазылған кейбір  еңбектерде Ислам терроризмнің діні ретінде көрсетілді. Әсіресе, кейбір аяттарды алға  тартып, исламның зорлық-зомбылыққа иек артатыны көрсетілді. Міне, осы ортаны  дайындауда үлес қосқан дінді бетперде еткен лаңкес осы тұрғыда дінге үлкен кесір  тигізді. Бұл жараның бітуі көп уақытты алатын секілді.  б. Діни ұғымдарды қате түсіндіру Дінді бетперде еткен терроризм кейбір діни ұғымдарды қате түсіндіруімен де дінге  зиян тигізуде. «Шариғат», «Жиһад», «Мемлекет түсінігі», «Шейіттік», «Үкімді тек  Алланың беруі», «Такфир» секілді т.б. ұғымдардың мағынасын бей-берекет, өз  мақсаттарына сай жорамалдауы осының мысалы. Аталған тақырыптардың екеуіне ғана  тоқталмақпыз.  1. Үкімді тек Алла береді Дін бетпердесін жамылған лаңкестік ұйымдардың тілінен тастамайтын әрі сияқ- сибағынан (аяттың алдыңғы және кейінгі аяттармен мағыналық байланысы – ауд.) үзіп- жұлып, қате түсінік беретін тақырыптарының бірі «үкім» берудің тек Аллаға тән екенін  білдіретін аят (Юсуф сүресі, 12/40). Бұл мәселеде алғашқы қателікті Харижиттер жасаған.  Хазірет Алиды Сыффын соғысынан бұрын келіспеушілікті шешу үшін әуелі төреші  тағайындауға мәжбүрлеп, кейіннен қайта бас көтерген Харижиттер «Төреші  қабылдамаймыз, үкім беру тек Аллаға тән» дегенде, хазірет Али оларға былай деген: «Бұл  сөз жалғанды меңзеген ақиқат сөз. Иә, үкім тек Аллаға тән, бірақ бұлар (Харижиттер) бұл  сөзбен «Басшылық тек Аллаға тән» дегілері келуде. Анығында халық үшін тақуа болсын,  күнәкар болсын әйтеуір бір басшының қажеттігі міндетті. Мүминдер соның бұйрығымен  еңбектенсін, кәпірлер тіршілігін жалғастырсын. Алла сонымен уәдесін тамамдасын. Сол  аpқылы салық жиналсын, дұшпандармен соғыссын, жолдардың қауіпсіздігі қамтамасыз  етілсін, әлдіден әлсіз ақысын дауласын. Сонда жақсылар жақсылыққа жетіп, жамандардан  құтылады» [2]. Мұқият қаралса, хазірет Әли бір адам не бірнеше адам басқаратын, беделді өз уысында  ұстаған мемлекеттің шарт екенін айтқан. Неге десеңіз, ықпалы жоқ тайпа басшысы мен  тайпа рушылдығы анархияға себеп. Қазіргі Харижиттер болса былай дейді: «Ислам  бойынша заң белгілеу, яғни заңды билік Алланың қолында әрі бастамашылдығында. Заң  шығару ешбір билеушіге, әулетке, партия не мәжіліске берілмейді. Заң шығару тек Аллаға  тиесілі». Бұл көзқарас бойынша, Құраннан бастап иләхи кітаптар жекелеген конституция,  тіпті олардың егжей-тегжейі де ережелер мен жарғы кітабы болып табылады.  Шынтуайтында, жағдай бұндай емес. Құранда адамзаттың ортақ құндылықтарын  білдіретін негізгі қағидалар бар. Алайда Құран бұнымен қатар зікір, пікір, ғибрат, дұға  және ғибадат қамтылған кітап. Сол үшін Ислам діні мемлекет сипаты жайлы нақты  шектеулер қоймаған. Тарихи үдеріспен түрлі мемлекет түрлерін тәжірибеден өткізе  отырып, адамзат қазіргі демократияны дұрыс көретін жағдайға келген. Демократия халық  билігіне сүйенетін жүйе. «Егемендік толықтай халықтыкі» сөзімен негізгі айтылмақ ой  демократия. Бұл сөз билікті Жаратушыдан алып халыққа беру дегендік емес, қайта билікті  Алланың қатал, дөрекі билеушілерден алып халыққа бергенін білдіруде. Демократия –  негізгі құқық пен еркіндіктің қорғалуын халықтың өкілдеріне сеніп табыстап, ел  басқаруда ұлттың көзқарас, пікірлерінің ықпалды болуы керектігіне сүйенетін басқару  түрі. Онтологиялық тұрғыдан Алла әрине барлық нәрсенің егесі әрі үкім тек соған тән.  Ғаламдағы жүйе, жаратылыс пен болып жатқан барлық құбылыс Жаратушының қалауы  әрі құдіретімен жүруде. Осыған қарамастан, тіке Алланың айтуымен жер бетін қолдану  өкілеттігін қосқанда, барлық жер шары адамзаттың қызметіне берілген әрі адамды Алла  жер бетіндегі өз халифасы еткен. Ендеше, бұл халифалық деген не? Адам өзіне берілген  өкілеттікпен не істей алады? Мемлекетті басқару үшін де пайғамбарлар арқылы  әділеттілік, ақылдасу секілді т.б.  ұстанымдар белгілеген. Алайда мемлекеттің басқару  түрі, адамзат ортақ қабылдаған осы негізгі ұстанымдарды жүзеге асыру секілді мәселелер,  хазірет Алидың айтқанындай, әрине оны адамдар анықтап, жүргізеді. Мұсылман заңгер- фақиһтардың арасында кейбір көзқараста айырмашылықтың болуы уақыт өте келе кейбір  көзқарастарын өзгертуі, тіпті «Заманның өзгеруімен ахкамның (үкімдердің) өзгеруін  жоққа шығаруға болмайды» ұстанымын бекітуі осы шындық көріністеріне жатады.  Ендеше, «Үкімді тек Алла береді» деген сөз қате түсінілуде не қате түсіндірілуде. Әсілі  бұл сөзді ұран ретінде қолдануда.  2. Жақсылыққа үндеу Тақырыбымызға қатысты тағы бір мәселе әмр-и бил-мағруф нахи анил-мункар  (жақсылыққа шақырып, жаманшылықтан тыю) ретінде әйгілі әрі Құран мен хадистерде   орны бар жайт. Тақырыпқа қатысты аят пен хадистерге атүсті қараған адам не ұйымдар  мынандай пікірге келеді: әр мұсылман ешқандай кедергіге қарамастан, қай жерде  болмасын кез-келген жаманшылыққа жол бермеуі керек әрі барлық жағдайда жақсылықты  бұйыруы тиіс. Бұлай жасау әйел, еркек барлық мұсылманға уәжіп. Мына хадис-шәріпке  сүйеніп, оның үш түрлі болатынын анықтайды: «Сіздерден кімде-кім қандайда бір  жаманшылық көрсе, оны қолымен түзесін.  Егер оған шамасы келмесе, тілімен түзесін, ал  бұған да шамасы келмесе, онда жүрегімен сол істі жақтырмасын бірақ бұл (соңғысы)  иманның ең әлсіз түрі» [3]. Атүсті әрі біртұтас емес бөлшек күйінде қарап, бұл хадистен мынандай мағыналарды  а. Жақсылықтың барлық түріне шақыру әрі жаманшылықтың барлық түрінен тыю бәріне  уәжіп (міндетті), өйткені хадисте бөлекше жағдай қарастырылмаған.  ә. Жаманшылық жасаған кісі ескерту ала тұра бас тартпаса, әр түрлі қатігездікке баруға  б. Күш жетпей немесе одан да зор қауіп немесе бүлік шығу ықтималы болса, зорлықтан  бас тартып, тілмен ескерту жасалады.  в. Тілмен ескерту де мүмкін болмаса, онда ол кісінің жасап жатқан ісінен жиіркену керек. Алайда осы пайымдардың өзі қате әрі әсіре болып тұрғанда, лаңкестік ұйымдар бұнымен  де шектелмей, жеке адамдардың осы істі атқаруы жеткілікті емес деген оймен жасырын  қарулы жасақтар құрып, белгілі әдістерімен жақсылықты дәріптеп, жамандықтан тыйым  жасағансуда. Олар әрі тек өз пайымдарын ғана дұрыс деп, өздеріне қосылмайтын барлық  адамды кәпір санап, олармен соғысқан. Шынтуайтында, мейлі уәжіп, мейлі парыз болсын  жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыю ісін жүргізбегендер ешқашан кәпір болмайды,  бар болғаны тек күнәкар ретінде саналады. Неге десеңіз, ширктен басқа үлкен күнәлар  адамды күпірлікке апармайды.  Ханафи мәзһабынан бастап мұсылман ғалымдардың тақырыпқа қатысты көзқарастарын  қысқаша алғанда былай тұжырымдауға болады:   Ислам діні мемлекетке айтарлықтай мән береді және оған маңызды міндеттер  артады.    Анархия мен тәртіпсіздік болмауы үшін адамдардың өздерін мемлекет орнына  қойып, қақыларын іздеуі қабылданбайды. Жүз пайызға қақылы болған мәселенің  өзінде заңды жолдарға жүгіну керек.   Қоғамда еңбек бөлісі керекті негіздің бірі. Әкім, полиция, ғалым, қызметкер,  басшы секілді т.б. әрбірінің бөлек міндеттері бар, бірі екіншісінің жұмысына  араласпауы керек.  Бүлік шығару, жеке адам мен мекемеге күйе жағу, нақты емес жағдаймен  адамдарға кінә арту, таласты мәселелерді бей-берекет күн тәртібіне әкелу, жеке  мүддесі үшін қоғамға кесір тигізу секілді т.б. мәселелер жай күнәдан гөрі қылмыс  ретінде қабылданып, қатаң түрде тыйым салынады.  «Жақсылыққа шақырып, жаманшылықтан тыю» мәселесі және оған негіз  қалыптастыратын хадис-шәріп жоғарыдағы негізгі ұстанымдар аясында қарастырылғанда,  мынандай нәтиже береді: жамандықтан күш қолдану арқылы тыю мәселесі күштік  құрылымдардың, яғни мемлекеттің жауапкершілігінде. Мемлекет бұл істі белгілеген  заңдар аясында жүргізеді. Ал  егер мемлекет бұл іске немқұрайлы қараған жағдайда, онда  заңды жолдармен (сайлау сияқты) бұл іс ескертіледі. Неге десеңіз, мемлекеттің негізін  халық құрайды. Жамандыққа қолмен жол бермеу мәселесінде жеке адамдар отбасына  және жақындарына жауапты. Олар белгілі бір өлшем аясында жамандықтарға қолмен  тыйым жасайды. Қажет кезде еш тартынбастан жасалған жамандық пен істелген  қылмысты арнайы органдарға шағым ету де қолмен жасалатын тыйымға келеді. Батыс  елдерінде бұндай жауапкершіліктің жоғарғы деңгейде. Қысқаша айтқанда, заңмен қудалау  мен жаза қажет еткен мәселелерде міндетті түрде мемлекет ол іске араласуы тиіс.  Ал сөзбен ескерту ғалымдарға тән. Өйткені ненің жаман, ненің жақсы екенін, осы аядағы  өзге де көзқарастарды, мәселені қандай әдістермен түсіндіру, тақырыпқа қатысты  сүйенетіні және заманға сай тұжырымдар т.б. тек ғалымдар яғни сала мамандары біле  алады. Ендеше, қарапайым халықтың бірін былай қойғанда, сол саланың маманы емес  ғалымдардың өзінің араласуы кейде орынсыз болуы мүмкін. Елімізде барлық мәселені  білем деп ойлап төбе көрсеткен кей кісілердің қандай күлкілі жағдайда жүргені де көпке  мәлім. Неге десеңіз, дін айтарлықтай мамандануды қажет етеді. Лаңкес ұйымдардың  ғалымдарды ысырып тастау үшін қандай күш жұмсайтыны, тіпті бұның әрбір лаңкес  ұйымның негізгі мақсаттарының бірі екені осы мәселе арқылы анағұрлым түсінікті  болуда. Қысқасы, әр адам үшін тар аяда және шектеулі тақырыптарда сөзбен  жамандықтан тыю аһлақи әрі діни ұстаным, алайда негізгі жауапкершілік сала маманы  ғалымдарға тән. Бұл үшін қазіргі уақыттағы ең жақсы құрал – баспасөз.  Ал халыққа келсек, біз халық дегенде қауіпсіздік қызметкері әрі ғалым емес, қатардағы  отандасты меңзеудеміз, олардың міндеті жүрекпен ұнатпау. Яғни, әлдекімнің істеген  нашар қылығын құптамау, жақамау, көтермелемеу, реті келгенде заң аясында  ұнатпаушылығын білдіру, тілдеу, сайлауда ұстанымын байқату, нашар қылық-күнә орын  алған жерден кетіп қалу, соны істеген туыс не дос болса араластығын үзу, шағым айту  секілді т.б. Бұдан ешкімнің де жаманшылыққа бей-жай қарамауын, халықтың тілімен  айтқанда, көпке еріп кетпеуі керектігін түсінеміз. Өйткені кері жағдай қоғамның толықтай  азғындауының әрі басқалар тарапынан құлға айналуға дайын күйге келгенінің бір белгісі.     Соңғы сөз ретінде мына тұсқа да назар аудартқымыз келеді, жақсылыққа шақырып,  жамандыққа жол бермеудің немесе дінге үндеудің ең жақсы түрі ол – жекелеген  азаматтардың күнделікті өмірде Алланың бұйрықтары мен тыйымдарына көңіл бөлуі,  отбасында, сауда-саттық орындарында, жұмыста, жолда, қызметтік мекемеде,  басшылықта т.б. кісі ақысы мен көпшілік құқын құрметтеуі, жауапкершілігіндегі  міндеттерін орындауы, қысқаша айтқанда, ізгілікті ұстануымен өмірде үлгі көрсетуі.  Иә, аяттар мен хадистер, осы екі бастауды түсіндіретін ғалымдардың ешбірі «жақсылыққа  шақырып, жаманшылықтан тыю» мәселесінде террористік ұйымдардың түсінігі мен  жүзеге асыруларын құптамаған. Лаңкестердің жасаған ісі дінге ешқандай пайда  келтірмегені де осы сөздің дұрыстығын анық байқатуда. Анығында тарихта  пайғамбарлардан бастап осы ұстанымды (жақсылыққа үндеу) өзіне лайықты түрде  орындаған адамдар мен елдер адамзатқа үлкен бір мәдениет сыйлап, бақытқа бастаған.  Террор ұйымдарының барлығы көп тұрғыда адамзатқа кесір тигізеді. Алайда дінді  бетперде еткен лаңкестік ұйымдар сырттай өздері қызмет етіп жатырмыз деп ойлаған  немесе айтып жүрген діндеріне көбірек зиян тигізеді. Бұл зиянның екі мәселеде  топтасқанын айтуға болады. Исламның атына кір келтіру және Ислам дініндегі кейбір  мәселелерді қате түсіндіру. Дінге жасалған бұл зиянды істердің алдын алу, яғни, дінді бетперде еткен лаңкестермен  қарқынды күрес жүргізу үшін әуелі бұл ұйымдардың қалай пайда болу себептерін аса  мұқият зерттеу әрі сол себептерді болдырмауға күш салудың маңызы зор. Лаңкестіктің  себептері арасында дінді қате түсіну, қате түсіндіру, мемлекет жағынан қысым жасау,  саясатқа желеу ету, өгей баланың күйін кештіру, дін мамандарын жеткілікті дайындай  алмау, бар мамандардың бағаланбауы секілді бірқатар қателіктер мен кемшіліктер бар.  Жағдай осы болғандықтан, жасалуы керекті істердің бірі – адамзат өмірінен ығыстырып  тастау мүмкін емес, алайда кез-келген уақытта манипуляцияға ұшырауы мүмкін дін  факторын өзіне лайықты түрде әрі ешқандай саудаға салмастан қолға алу керек. Бұған  қоса, бүкіл әлем терроризмнің меншікті діні жоқтығы турасында пікір тоғыстырып,  бұлардың ешқандай дінмен қатысты еместігін жаһанға жариялап, діндерді ақтау керек,  жазықсыз діндарларға басқаша көзқараспен қарап, лаңкестермен тиісінше әдістермен  күрес жүргізу керек.   Бүгінгі күнге дейін ақидалық және амалдық әһлі сүннет мәзһабтары діни тәжірибе  тұрғысынан мұсылмандардың бірлігін қамтамасыз ету әрі дінде бұзылу мен азғындауға  жол бермеу үшін айтарлықтай міндеттер атқарды, атқарып келеді де. Осы жағдайды жіті  бақылап отырған дін реформаторлары, батыстық шығыстанушылар (ориенталистер),  әрине террористік ұйымдар бар – бәрі мәзһабтар мен ғалымдарды үнемі нысанаға алды.  Көп жағдайда демагогия жасап «Имам Ағзам мен Имам Шафиғи да өзіміз секілді пенде  болған, көп ғасыр кейін келгендер неге олардың көзқарасымен санасуы керек, неге олар  сынға алынбауы тиіс» деген секілді сөздермен бұл ғалымдардың ел ішіндегі беделіне  нұқсан келтіруге тырысты. Алайда негізгі мақсат көздегендеріне сай, ешқандай әдістемеге  сүйенбестен дінді түсіндіру, қоғамның бірлігіне сызат түсіру, сөйтіп лаңкестікке оңай жол  ашу. Қазір төрт мәзһаб бар, алайда жаңағы айтылған кісілерге еретін болсақ, мәзһабтарға  сын айтқандардың санындай мәзһаб көбейе береді. Онда дін туралы сөз айту пәлендей  оңай болмайды.   Бұл тұста сөз етілген ұйымдардың негізгі көздегендерінің бірі дін ғалымдары, екінші бірі  құқық, тәпсір, хадис пен кәлам секілді ілімдердің усулы яғни әдістемесі. Қате  түсіндірулері мен жүзеге асыруларына қарсы келгендіктен, дін ғалымдарының беделіне  нұқсан келтіруде, кәпірге жатқызып, тым өкініштісі, кейбірін өлтіріп тастауда.  Келесі бір  жағынан қате пайымдарын әшкере ететін усул ілімін мойындамай, жеңіл түрде сырттай  (захири), қалай болса солай әрі біртұтас күйде емес бөлшек қалпында бағалап  түсіндірулер жасауда. Осы екі діттегендерін оңай жүзеге асыру үшін деңгейі жоғары дін  білімін беруге мейлінше кедергі келтіруде. Сөз етілген ұйымдардың мақсаттары  айтылғанда, «Пайғамбар уақытына ұқсас ислам үлгісін құру арқылы жер бетінде  шариғатты, яғни Алланың үкімін қайта орнату» делінеді. Бұлайша баға беру көптеген  тұрғыдан қате әрі зиянды. Айталық, бұндай кейіпте түсіндіру шариғат, жихад, шейіттік,  ғазылық, ислам мемлекеті, бақытты ғасыр секілді мұсылманша түсініктерді қате түсінуге  себеп болады әрі бұл ұйымдардың операцияларын заңдастыруға септігін тигізеді. Осылай  оңай мүше табуда әрі халықтың қолдауына ие болуда. Ешбір мұсылманнан жихад  түсінігін, шариғат ұғымын немесе шейіттік түсінігін жамандау не ол ұғымдарға қарсы  шығу кездеспейтіні белгілі. Неге десеңіз, бұлар әр мұсылманның өмірінде құнды діни  ұғымдардың қатарында. Алайда мағыналары террор ұйымдары түсіндіргендей әрі жүзеге  асырған кейіпте емес. Ұйымның ішкі келбетін әрі ісін халықаралық қатынастар қырын  білмеген әрі жеткілікті діни білім алмаған, ауылдық жерде өскен, кейбір әділетсіздіктерге  тап болған, туыстары мемлекет немесе белгісіз біреулер тарапынан қорлық көрген кедей  бір мұсылман жастан жоғарыда жасалған пайымдарға қарсылық танытуды немесе  құптамай қоюды күту оңай емес. 


Пайдаланылған әдебиеттер: 

  • Atilla, A. Kıyamet Komplosu, Küresel Kaosun Kriptoları, İst. 2002

  • Bilmen, Ö. N. Istılâhât-ı Fıkhıyye Kâmusu, İst. 1968.

  • әл-Хайсами, И. Tұхфатул-Mұқтаж, Kaир, 1315.

  • әл-Касани, Бәдаиус-Санаи, Kaир, 1327.
  • Aлемгири, Фатауал-Хиндия, Булак, 1310.
  • Иб Абидин, Раддул-Мұхтар Булак, 1272.
  • Ибн Құдама, M. әл-Mұғни, Рияд, 1981.
  • Ибн Манзұр, Лисанул-Араб, Бейрут, 1955.
  • Özel, A. İslâm Hukukunda Ülke Kavramı, İst. 1982.
  • Taхтауи, M. Хашияту алад-Дүррул Mұхтар, Булак, 1254. 
  • Yılmaz, İ. Yeni Bir Bakış Açısıyla İlim Ve Din, İst. 1998.
  • Aydıner. F. İslam'ın Batıdaki İmaj Savaşı, Zaman Gazetesi, 09.02.2008.
  • 1. Алғашқыда мүддешіл, жатпиғылды топтардың айтылған ұйымдарды осы іс үшін 
  • құрғаны, кейіннен олардың да бақылаудан шыққанын айтқан сарапшылар аз емес. 
  • Мәселен, қараңыз: Akar, Atilla, Kıyamet Komplosu, Küresel Kaosun Kriptoları, İst. 2002.
  • 2. Özel, A. İslâm Hukukunda Ülke Kavramı, İst. 1982, 45.
  • 3. Mүслим, Иман, 70.


  • Оқи отырыңыз